Атырау, 24 маусым 21:16
 ашықВ Атырау +28
$ 426.61
€ 509.33
₽ 5.88

Барлық сауалнамалар

Астанадағылар осыншама сынақтардың экологиялық тәуекелділіктері жоғары деген болжамдарға қарамастан, «алғашқы мұнай» өндіруді астанамыз бен Президентіміздің туған күніне (6 шілде) орайластыруды табанды түрде талап етіп, Қашағанды іске қосуға асықтырып отыр. Шенеуніктердің бұлай асықтыруларына басты себеп неде?

Ел бюджетінің қамы
 
29
3%
Жобадағы ахуал туралы бұрмаланған ақпарат
 
90
9%
Кеудемсоқтық пен жағымпаздық
 
803
83%
Білмеймін
 
36
3%
21 мамыр 2013 Сауалнамаға 958 адам қатысты

ҚР Парламентінің Мәжілісінде Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко үкімет сағатында: қазіргі Солтүстік-Каспий экологиялық әрекет ету базасында теңіз апаттық- құтқару жасағы құрылатын болады деп мәлімдеді. Осы шаралардың барлығы теңіз айдынының түбін бұрғылау және мұнай өндіру кезінде Каспийді қауіпсіздендіре ала ма?

Иә
 
37
5%
Жоқ
 
584
87%
Білмеймін
 
46
6%
14 мамыр 2013 Сауалнамаға 667 адам қатысты

Биылғы жылы металлургия және тау-кен металлургия өнеркәсібі өнімдерінің бағалары төмендегендіктен республикалық бюджетке жарты триллион теңгедей қаржы түспейді деп үкімет болжам жасады. Экономистер бюджеттің тапшылығы көбінесе әлеуметтік салада сөзсіз үнемдеуге әкеледі деп есептейді. Сіз қандай шығындарды үнемдеген жөн деп есептейсіз?

Декреттік және басқа жәрдемақылардан
 
34
5%
Баспананы терможаңғыртудан
 
24
3%
Футболдан ҚР құрамасын ұстау шығындарынан
 
47
7%
ЭКСПО-2017 көрмесінен
 
358
54%
Шетелдік көліктерді сатып алу мен кабинеттерді жөндеуден
 
142
21%
Шетелден сиырлар мен бұқаларды сатып алудан
 
49
7%
8 мамыр 2013 Сауалнамаға 654 адам қатысты

Көктемгі балық аулау маусымының қызған шағы. Тек ғылым мен өсіріп-өндіру үшін ғана бекіре тұқымдастарды аулауға рұқсат етілгенмен, «қызыл» балықтың жойылу қаупі төніп тұр. Браконьерлік бизнес соңғы «қаймағын» сылып алуда. 1 келі қара уылдырықтың бағасы 200 000 теңгеге дейін көтерілді. Сіз соңғы рет оның дәмін қашан байқап көріп едіңіз?

Биылғы жылы
 
49
5%
Өткен жылы
 
56
6%
Есімде жоқ
 
712
87%
30 сәуір 2013 Сауалнамаға 817 адам қатысты

Атырау қалалық әкімдігі әйелдер тобына – жеке кәсіпкерлерге үстіміздегі жылы 27 сәуірде, сенбі күні жеке кәсіпкерлер үшін жылу тарифтерінің күрт көтерілуіне және әйелдердің зейнеткерлік жасына қарсы наразылық митингісін өткізуге рұқсат бермеді. Олар өтініште аталған (жергілікті биліктің таңдауына қалдырылған) 4 алаңның барлығы да сол күні мәдени-спорттық шаралар өтетіндіктен, бос болмайды деп уәж келтіріпті. Мұндай жағдайда сіз кез-келген басқа жерге рұқсат етілмеген бейбіт митингке шығуға дайынсыз ба?

Иә
 
581
73%
Жоқ
 
127
16%
Білмеймін
 
79
10%
23 сәуір 2013 Сауалнамаға 787 адам қатысты

Мемлекеттік органдар тарапынан тигізілген зиян заң бойынша республикалық бюджеттен өндіріледі. Заңсыз сотталып, кейін ақталған Сәлімжан НАҚПАЕВ сот арқылы 10 млн теңге көлемінде мүліктік және моралдық зиян өтемақысына қол жеткізген еді. Алайда ол енді облыс әкімінің орынбасары әрі саяси мемлекеттік қызметкер ретінде Қаржы министрлігінен бұл ақшаны алудан бас тартты. Сіздің пікіріңізше, жіберілген заң бұзушылықтар үшін моралдық, материалдық және басқа да жауапкершілікті кім алуы тиіс?

Тергеуші, прокурор және судья
 
399
49%
ІІД бастығы мен сот төрағасы
 
162
19%
«Тапсырыс беруші» - бұрынғы облыс әкімі
 
122
15%
Зиянды мемлекет өтеуі тиіс
 
90
11%
Білмеймін
 
38
4%
16 сәуір 2013 Сауалнамаға 811 адам қатысты

Дүние жүзінің 68 елінде, соның ішінде АҚШ-тың көптеген штаттарында, Қытайда, Жапонияда аса ауыр қылмыс үшін жазаның ауыр түрі ретінде электр орындығы, ату немесе дарға асу түріндегі жазалар қолданылады. Балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдерді аяусыздықпен зорлау және айуандықпен өлтіру оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Қазақстанда осыдан 10 жыл бұрын өлім жазасына енгізілген мораторийді жою керек пе?

Иә
 
795
74%
Жоқ
 
207
19%
Білмеймін
 
69
6%
9 сәуір 2013 Сауалнамаға 1071 адам қатысты

Осыдан тура екі жыл бұрын – 2011 жылдың 3 сәуірінде ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Оған 4 үміткер қатысты. Н. Назарбаев үшін сайлаушылардың 95,55%-ы дауыс берді. Егер ертеңгі күні жаңадан сайлау өтетін болып, төмендегі тұлғалар өз кандидатураларын ұсынса, сіз кімге дауыс берер едіңіз (фамилиялар алфавиттік тәртіппен орналасқан)?

Әбілов Болат
 
65
4%
Ахметов Серік
 
24
1%
Бәйменов Әлихан
 
23
1%
Есімов Ахметжан
 
1
0%
Құлыбаев Тимур
 
18
1%
Мәсімов Кәрім
 
9
0%
Мусин Аслан
 
17
1%
Назарбаева Дариға
 
17
1%
Назарбаев Нұрсұлтан
 
124
8%
Тасмағамбетов Иманғали
 
1138
76%
Тоқаев Қасым-Жомарт
 
27
1%
Тұяқбай Жармахан
 
33
2%
2 сәуір 2013 Сауалнамаға 1496 адам қатысты

Көптеген елдерде, Қазақстаннан айырмашылығы, көлік құралына салынатын салық жоқ. Жолдарды ұстау шығындары ол жерлерде жанар-жағармай акцизі есебінен жабылады (мәселен, 1 литр бензиннің бағасына 1-2 теңге қосады). Мұнда әділдік принципі сақталған: яғни, көп жүрсең, көп төлейсің. Біз әлі күнге дейін осы салықты уақытында төлемесек, айыппұл төлейміз. Атырау облысынан сайланған мәжілісмендер мен сенаторлар Астанада отырып, басқа елдердің үлгісі бойынша, осы салықты жоюға қол жеткізуге міндетті ме?

Иә
 
655
86%
Жоқ
 
63
8%
Білмеймін
 
43
5%
26 наурыз 2013 Сауалнамаға 761 адам қатысты

Көктемде балық аулау артельдері «тірі күмісті» он тонналап аулайды, теңізде браконьерлер жүгенсіз кеткен, қайраңдағы жұмыстар балықтың мүлдем жойылу қаупін төндіріп тұр. Осы көрініс аясында қармақ салуға әуесқойлардан келіп-кетер ешқандай қауіп жоқ. 1 сәуір мен 15 маусым аралығында әуесқойлықпен балық аулауға салынған тыйымды жою қажет деп есептейсіз бе?

Иә
 
353
59%
Жоқ
 
217
36%
Білмеймін
 
25
4%
19 наурыз 2013 Сауалнамаға 595 адам қатысты

Парламентте заң жобасы талқылануда. Соған сәйкес, өткен өмірінде қылмыс жасаған-жасамағаны, қылмыстық әлеммен байланысының бар-жоғы және т.б. анықтау үшін құқыққорғау органдарының қызметкерлерін өтірікті әшкерелейтін детектормен тестілей бастайды. Осындай жаңа әдіс қажет пе?

Иә, бірақ арнайы тексеруді толықтыру ретінде ғана
 
88
11%
Жоқ, бұл ТВ-дағы шоу сияқты, бұған жұмсалған ақша желге ұшады
 
149
19%
Білмеймін, адал адам да қобалжуы мүмкін ғой
 
26
3%
Ендеше бүкіл мемлекеттік қызметкерлер үшін депутаттар мен әкімдерден бастау керек
 
519
66%
12 наурыз 2013 Сауалнамаға 782 адам қатысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов «Нұр Отанның» заңнамаға жоғары лауазымды шенеуніктердің жақын туыстарының мансапқа келу жолына бақылау жасайтын заң нормаларын енгізу жөнінде бастама көтеруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Cонымен қатар билік партиясы осындай VIP-туыстардың жаңа орындарға тағайындалуына бақылау жасау үшін олардың дерекқорларын жасамақшы. Сіздің ойыңызша, бұл шаралар тиімді бола ма?

Иә
 
128
17%
Жоқ
 
533
74%
Білмеймін
 
52
7%
5 наурыз 2013 Сауалнамаға 713 адам қатысты
1...1213