4 желтоқсан | Соңғы 10 жылда Атыраудағы қылмыстық ахуал өзгерді ме, қауіпсіз бола бастады ма?
|
27 қараша | Соңғы 6 жылда өзгердік пе? 2013 жылғы 26 қарашадағы сауалнаманы қайталаймыз («Барлық сауалнамалар» сілтемесінен көре аласыз): Өзіңізді исламның немесе басқа діннің қандай ағымына жатқызасыз?
|
20 қараша | Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин жетімдерді асырап алған отбасыларға барлық жағдайлар жасалса, балалар үйлерін жабуға мүмкіндік туады деп есептейді. Біздің соңғы сауалнамамызға сәйкес, біздің оқырмандарымыздың 88%-ы 30 жастан, 51%-ы 40 жастан асқан адамдар, яғни, сіздердің жауаптарыңызға шынайы сенуге болады. Сонымен, сауал: өз отбасыңызға балалар үйінен жетім алуға дайынсыз ба?
|
13 қараша | Құрметті «АЖ» сайтының оқырманы, жасыңыз нешеде?
|
6 қараша | «Атырау» футбол командасы Премьер-лигадан кетеді. Болашақта Қазақстан футболының жоғарғы дивизионына қайта оралу үшін команданы облыстық бюджеттен қаржыландыра беру керек пе?
|
30 қазан | Жамбыл облысында зиялы қауым өкілдері билікке мейрамханалар мен кафелерде өтетін үйлену тойлары мен басқа да думандар түн ортасына дейін аяқталуы тиіс, ал бұл талапты бұзғандарға (ғимарат иелері) айыппұл салу керек деп ұсыныс берді. Бұл бастаманы біздің өңірімізде қолдар ма едіңіз?
|
23 қазан | 9 қазанда ҚР президенті Тоқаев маңызды кадрлық тағайындаулар кезінде Елбасы мен Қауіпсіздік кеңесінің келісімін алу керектігі жөнінде Жарлыққа қол қойды. Президенттің енді өз бетінше саяси шешім қабылдай алатын мүмкіндігі қалды ма?
|
16 қазан | ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ шетелдік және қазақстандық мамандардың жалақысындағы айырмашылық және 55 нұсқама беру және 33,7 млн теңгеге 83 әкімшілік айыппұл салу түріндегі қабылданған шаралар туралы айтты. Бұл шаралар жағдайды өзгерте ала ма? |
9 қазан | «ІІМ өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялады» деп хабар таратқан баспасөз қызметі министр Е. Тұрғымбаевтың «Біздің азаматтарымыздың шыдамы таусылды» деген сөзін келтірді және 2019 жылғы түрлі басшылық лауазымдағы қызметкерлерінің қаншасы қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы қызықты цифрларды атады. Соңғы бір жыл ішінде осы жүйедегі жемқорлық деңгейінің азайғанын байқадыңыздар ма?
|
2 қазан | Дәрігерлер медициналық қателіктерді қылмыстық саладан әкімшілік жауапкершілікке ауыстырып, қылмыстар қатарынан алып тастауды ұсынады. Бұған келісесіз бе?
|
25 қыркүйек | Соңғы бір жылда отбасыңыздың жиынтық табысы артты ма әлде азайды ма?
|
18 қыркүйек | Атырауда коммуналдық қызметкерлер жылу беру маусымына дайындық жүргізу кезінде, 18 қыркүйекте су, жарық және газды бір уақытта тоқтатып тастады. Осындай коммуналдық «ақырзаманға» алдымен кім кінәлі?
|
11 қыркүйек | Астаналық оқушыларға өз сыныптарының еденін тазалықшының орнына өздері жууды ұсыныпты. Мұны дұрыс деп ойлайсыз ба?
|
4 қыркүйек | Президент Тоқаев қазақстандықтарға БЖЗҚ-дағы жинақтарын тұрғын үй мен білім алу үшін пайдалануға мүмкіндік бермекші. Бұл қадамды қолдайсыз ба?
|
28 тамыз | «НұрОтан» партиясының негізін қалаушы және көшбасшысы Н. Назарбаев ақпарат министріне Қылмыстық кодекстегі БАҚ сайтары мен әлеуметтік желілерде жала жапқаны үшін берілетін жазаны күшейту үшін өзгерістер дайындауға тапсырма берді. Жала жапқаны үшін жазаны қатайту керек пе?
|
21 тамыз | Атырауда басқа өңірлерден ерекшелігі тойға шақыру билетінде көрсетілген уақыттан 3 сағат кеш келу әдетке айналған. Бұл бассыздықты қалай тоқтатуға болады?
|
14 тамыз | Әр қазақ өзінің түп-тамырын, шежіресін жатқа біледі деседі. Ал, сіз, өз руыңыздың қалай тармақталатынын білесіз бе? Мысалы: Кіші жүз - 12 ата Байұлы - Беріш – Құлкеш және т.б. деген секілді.
|
7 тамыз | Билік хакерлер мен интернет-алаяқтар және басқа да кибер шабуылдардан қорғау мақсатында жеке тұлғалар мен компанияларға Мемлекеттік қауіпсіздік сертификатын (МҚС) дербес компьютерлер мен басқа да гаджеттерге орнатуды табанды түрде ұсынып отыр. Сіз осындай сертификатты өз компьютеріңіз бен телефоныңызда орнатуға келісесіз бе? |
31 шілде | Соңғы 5 жылда өз еңбек құқығыңызды қорғау үшін кәсіподаққа жүгіндіңіз бе? |
24 шілде | ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне талқылауға ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату және жалға беру мәселесі ұсынылады деп хабарланды. Осы тарихи сәтте биліктің қоғам сеніміне ие болуы үшін керек ең кезек күттірмес маңызды мәселе осы деп ойлайсыз ба? |
10 шілде | IIМ шетелдік номерлі (Армения, Қырғызстан, Ресей - яғни, Кедендік Одақ елдері) автокөліктердің Қазақтанда жүруін шектеуді жоспарлап отыр. Сіз мұны қолдайсыз ба? |
3 шілде | Төмендегі екі нұсқаның қайсысы Теңіз және басқа да шетелдік қатысы бар мұнай жобаларындағы отандық қызметкерлердің мүдделерін шын мәнінде қорғай алады?
|
26 маусым | Арыстан шыққан 43 мың босқын – бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса ірі гуманитарлық апат. Қаланы түгел эвакуациялағаннан кейін биліктің оқиға зардаптарын жоюға қауқары жетіп жатыр ма?
|
19 маусым | ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне өз тарапыңыздан алдын ала шарттар қоймай-ақ мүше болар ма едіңіз?
|
12 маусым | Балаңыз жазғы демалысты қайда өткізеді? |
5 маусым | Сайлаудан кейін Елбасы мәлімдегендей "елде ешқандай қосбилікке жол берілмей" ме? |
29 мамыр | Қаламызға балалар мен ересектердің демалуына арналған қандай нысан бірінші кезекте керек? |
23 мамыр | Білім және ғылым министрі түлектер кешін тек мектеп қабырғасында өткізуге рұқсат беріп, мейрамханаларда өткізуге қатаң тыйым салуы керек пе? |
15 мамыр | Атырау облысында ресми орташа жалақы - 322 мың теңге. Сіздің ақшаңыз бұдан көп пе әлде аз ба? |
8 мамыр | Отандық әуе тасымалдаушыларына сенесіз бе? |
1 мамыр | Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Тақырып бойынша сұрақ: басқа ұлт өкілімен отбасы құруға келісесіз бе?
|
24 сәуір | Бюджет саласының көптеген қызметкерлері қосымша жұмыс іздеуге мәжбүр. Негізгі жұмысыңыздан бөлек табысыңыз бар ма?
|
17 сәуір | Тауып көріңіз: "Нұр Отан" партиясы 26 сәуірдегі съезінде ҚР президентіне кімді үміткер етіп ұсынады?
|
10 сәуір | Мәжіліс пәтер иелері тұратын үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстарына ай сайын әрбір шаршы метрі үшін бір айлық есеп көрсеткіштің 0,05 (12 тг) бөлігін міндетті төлеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Осындай заң нормасын қолдайсыз ба?
|
3 сәуір | Қазақстан президентін сайлауда қай шоуменге дауыс берер едіңіз? |
27 наурыз | Наурыз еліміздің бас мерекесі болды, бұған бес күн бойы демалғанымыз дәлел. Осы бес күнді Қазақстанның басқа қалалары мен өңірлерін аралауға пайдаландыңыз ба?
|
20 наурыз | Бірінші президенттің отставкасынан кейін жыл ішінде елімізде жаңа тәуелсіз саяси күштер пайда болады деп күтесіз бе?
|
13 наурыз | Қазақстанның өзге өңірлерінде тұратын тұрғындардың көбі Атырау облысында жалақы мен адамдардың өмір сүру деңгейі жоғары деп есептейді. Бұл рас па?
|
6 наурыз | 2019 жылы БҰҰ қолдауымен Қазақстан мектептерінде енгізілмекші жыныстық сауат ашу пәнін қолдайсыз ба?
|
27 ақпан | Атырау қаласындағы "үйге дейін жеткізетін жолдардың" (көше жолдары) жағдайы сізді қанағаттандыра ма? |
20 ақпан | 2018 жылдың желтоқсанында Жайықта балықтың жаппай уланып, қырылуы орын алды. Осы оқиғадан кейін базардан балық алуды қойдыңыз ба? |
13 ақпан | ІІМ басшысын ауыстыру қазақстандықтардың өмірін бұрынғыдан қауіпсіз ете ала ма?
|
6 ақпан | Өмірге бала әкелерде мемлекеттің қамқорлығынан үміттенесіз бе?
|
30 қаңтар | 2018 жылы Қазақстаннан 40 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Сіздің елден кеткіңіз келе ме?
|
23 қаңтар | Өңірімізге облыстық бюджеттен қаржыландырылатын футболдан Премьер-лига командасы керек пе?
|
16 қаңтар | Биліктің Жайық өзеніндегі балық қырғынына кінәлілерді табатынына сенесіз бе? |
9 қаңтар | Балаңыздың сәтті дүниеге келуі үшін перзентхана дәрігерлеріне ақша бердіңіз бе? |
29 желтоқсан 2018 | Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өткен 2018 жыл өңіріміз үшін табысты болды деп мәлімдеді. Бұл сөзбен келісесіз бе? |
26 желтоқсан 2018 | Атырау облысы әкімдігінің ерік-жігер танытып, азық-түлік пен коммуналдық қызметтер бағасын төмендетуге шамасы жетеді деп ойлайсыз ба?
|
19 желтоқсан 2018 | Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында ортақ ақша бірлігін (электрондық валюта) енгізуді қолдайсыз ба? |
12 желтоқсан 2018 | Жайықта өлген балықтардың ресми санына сенесіздер ме?
|
5 желтоқсан 2018 | Қазақстанда қашан болса да орташа өмір ұзақтығы 120 жыл бола ма?
|
28 қараша 2018 | Қазақстанда тігілген киім сатып аласыз ба? |
21 қараша 2018 | Елбасының ішкі істер органдарына реформа жасай алатынына сенесіздер ме? |
14 қараша 2018 | Соңғы кезде қарызға ақша алуға мәжбүр болдыңыз ба?
|
7 қараша 2018 | Қазақстандық "Силикон жазығына" сенесіздер ме? |
31 қазан 2018 | Сіз үшін "Комсомолдың туған күні" мереке ме? |
25 қазан 2018 | ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, қазақстандықтардың жалақысы "баяу өсіп келе жатыр". Соңғы жылда жалақыңыз өсті ме? |
17 қазан 2018 | Қазақстанда баспасөз еркіндігі бар деп есептейсіз бе?
|
10 қазан 2018 | «Нағыз дәрігер» деуге болатын атыраулық дәрігерден ем алған кезіңіз болды ма?
|
3 қазан 2018 | Қашағанда мұнай өндірісін арттыру экология мен атыраулықтардың денсаулығынa зиянын тигізе ме?
|
26 қыркүйек 2018 | Полицейлердің жалақысын көтеру олардың жұмыс сапасын арттырады деп ойлайсыз ба?
|
19 қыркүйек 2018 | Еліміздің бас полицейі өз еркімен жұмысынан кетуі керек пе?
|
12 қыркүйек 2018 | ТКШ туралы жаңа заң жобасы бойынша әр көппәтерлі үй қазіргі ПИК-тің орнына МИБ (мүлік иелері бірлестігі) құруы керек. Осындай өзгерістерді қолдайсыз ба?
|
5 қыркүйек 2018 | Дәрінің ағзаңызға әсерін анықтайтын міндетті сынама екпені (тәжірибеде бұл - алғашқы минуттарда бақылай отырып, денеңізге екпе немесе тамшылатқыш арқылы жіберілетін дәрінің үштен бір мөлшері) салу керектігін медицина қызметкерлеріне ескерткен кезіңіз болды ма?
|
29 тамыз 2018 | Егер бұл отбасыңызға керек болса – сіз мектеп оқулықтары мен оның қосымшаларын тегін алдыңыз ба немесе алатыныңызға сенімдісіз бе?
|
22 тамыз 2018 | 2030 жылға қарай қазақстандықтар «гүлденген елде өмір сүреді» деген болжамға сенесіз бе? |
15 тамыз 2018 | Қазақстанның экономикалық ахуалының нашарлауына шынымен де АҚШ-тың РФ-ға қатысты салған санкциялары әсер етіп тұр ма?
|
8 тамыз 2018 | Жыры бітпейтін Астрахан трассасының 60 шақырымын жөндеу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Қалған 217 шақырым жолға Еуропа қайта жаңғырту және даму банкінен несие алмай-ақ ақша табуға бола ма?
|
1 тамыз 2018 | Атырау облысы полициясының сіздің құқықбұзушылық туралы соққан қоңырауыңызға немесе жазбаша арызыңызға орай істейтін әрекеттеріне ризасыз ба?
|
25 шілде 2018 | Өзара туындаған дауды облыстық сот жанындағы Билер кеңесінде шешуді ұсынған қарсы тараптың ұсынысымен келісесіз бе?
|
18 шілде 2018 | Атырау қаласындағы қоқыс полигоны мен теңіз жағалауы қорығындағы ұзаққа созылған өрт зардаптарын ағзаңыз сезді ме?
|
11 шілде 2018 | Қай емханада тіркелгеніңізді және Мемлекеттік сақтандыру қорында сіздің атыңызға қандай төлемдер түсіп жатқанын білесіз бе? |
4 шілде 2018 | Жазда қыдырып бір жерлерге баруға қаржылық мүмкіндігіңіз бар ма?
|
27 маусым 2018 | Қазақстандық саясаткерлердің белгілі мәлімдемелеріне байланысты сіздің пікіріңіз қандай: Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатыса ма? |
20 маусым 2018 | Сіздің пікіріңіз: алдағы 10-20 жылда Қазақстанның экономикасы мен халық құрамына Қытай тарапынан қауіп бар ма? |
13 маусым 2018 | Сіздің болжамыңыз: РФ құрамасы14 маусымда Сауд Арабиясы, 19-нда Египет, 25-нде Уругвай құрамаларымен кездесуден кейін футболдан ӘЧ-2018 плей-офф ойындарына шыға ала ма? |
6 маусым 2018 | Дәрігерлердің менингит инфекциясының алдын алу жөніндегі кеңесіне байланысты адамдар шоғырланған жабық орынжайларда медициналық демперде қолданасыздар ма? |
30 мамыр 2018 | Қандай да бір жерге демалуға баратын ақшаңыз бар ма?
|
23 мамыр 2018 | Көктемгі балық аулау маусымы аяқталып жатыр. Биыл қара уылдырық немесе қызыл балықтан ауыз тидіңіздер ме? |
16 мамыр 2018 | Биыл ораза ұстайсыз ба? |
9 мамыр 2018 | Зейнетақы жинақтарыңыз бойынша шығынға ұшырадыңыз ба? |
2 мамыр 2018 | Мамыр – оқу жылының соңғы айы. Балаларыңызды нашар оқу үлгерімі үшін жазалап, кейін оған өкінген кезіңіз болды ма? |
25 сәуір 2018 | Армения премьер-министрі болып сайлануына қарсы шыққан көпкүндік және бұқаралық шерулерлердің себебінен отставкаға кеткен Саргсян дұрыс шешім қабылдады деп ойлайсыз ба? |
18 сәуір 2018 | Мемлекетіміздің жоғары лауазымды тұлғалары Қырғызстан президенті сияқты қарапайым рейспен ұшуға міндетті ме? |
11 сәуір 2018 | Мектептерде химия, физика, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту дұрыс деп санайсыз ба? |
4 сәуір 2018 | Қазақстандағы сөз бостандығы 10 балдық шкала бойынша 7-8 балл деген министр Абаевтың пікірімен келісесіз бе? |
28 наурыз 2018 | Қазақстандық банктердің бірінде депозитіңіз бар ма? |
20 наурыз 2018 | Егер сіз Ресей азаматы болсаңыз, 18 наурызда өткен президент сайлауында кімге дауыс берер едіңіз? |
14 наурыз 2018 | Жергілікті ауылшаруашылық өнімдеріне түрлері мен мөлшері бойынша көңіліңіз тола ма? |
7 наурыз 2018 | Қандай да бір саяси партияға мүшесіз бе? |
28 ақпан 2018 | Атырау облысы өзін ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз ете ала ма? |
21 ақпан 2018 | 19 ақпанда президент жарлығымен бекітілген латын әрпіне құрылған қазақ әліппиінің жаңа нұсқасы дұрыс деп есептейсіздер ме? |
14 ақпан 2018 | Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарын қарап жүрсіз бе? |
7 ақпан 2018 | Қазақстандық телеарналардан жаңалықтарды қарайсыз ба? |
31 қаңтар 2018 | Ресей телеарналарынан саяси ток-шоуларды қарайсыз ба? |
24 қаңтар 2018 | Атырау облысы бойынша сайланған парламент және өз сайлау округіңізден өткен мәслихаттар депутаттарының аты-жөнін білесіз бе? |
17 қаңтар 2018 | Атырау қ. әкімдігінің жұмысы сіздерді қанағаттандыра ма? |
10 қаңтар 2018 | Экс-министр Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істің сот талқылауы аяқталуға жақын. Жарияланған мәліметтерді сараласақ, тапсырыспен болған іс деп атауға бола ма? |
3 қаңтар 2018 | Қазақстанда Ирандағы жаңажылдық сценарий болуы мүмкін бе? |
27 желтоқсан 2017 | 2018 жылы ел экономикасының қарқынды дамуын күтесіз бе? |
20 желтоқсан 2017 | 2017 жылы материалдық жағдайыңыз жақсарды ма? |
13 желтоқсан 2017 | Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі 26 жылдағы дамуына көңіліңіз тола ма? |
6 желтоқсан 2017 | Мүмкіндігіңіз болса, Қазақстаннан кетер ме едіңіз? |
28 қараша 2017 | Осы қыс мерзімінде өзіңізге немесе балаларыңызға тұмауға қарсы екпе салдырасыз ба? |
22 қараша 2017 | ІІМ-ге енгізілетін реформа туралы заң жобасында ІІД мен жергілікті полицияны кері қосу және облыс әкімдеріне Ішкі істер министрінің ұсынысымен полиция департаменттерінің бастығын тағайындау құқығын беру қарастырылған. Бұл дұрыс па? |
15 қараша 2017 | ІІД-де кезекті реформа болғалы жатыр. Қазіргі полицияның кадрлық құрамы сақталған жағдайда мұның сәтті қадам болатынына сенесіз бе? |
7 қараша 2017 | 2017 жылы ел экономикасы өсті деп ойлайсыз ба?
|
31 қазан 2017 | Президент апострофты латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиін өз жарлығымен бекітті. Сіз бұл нұсқа асығыс және қате қабылданды деп есептейсіз бе? |
25 қазан 2017 | Таяу үш жылда қазақстандықтардың «Қоғамдық санасын жаңғыртуға» 54 млрд теңге жұмсалады екен, соның ішінде 2018 жылы – 13,5 млрд теңге бөлінбек. Сізге бұл бағдарламаның қажеті бар ма?
|
18 қазан 2017 | Атыраулық шенеуніктер шымкенттік әріптестерінің жолын қуып, бір аптаға болса да өз қызметтік көліктерінен түсіп, қоғамдық көліктерге отыруы керек пе? |
11 қазан 2017 | Қырғызстан басшысының Қазақстан билігіне қарата айтқан сынына қатысты: егер де Атамбаев ҚР азаматы болса, сіз оған президенттік сайлауда дауыс берер ме едіңіз?
|
4 қазан 2017 | «2017-2022 жылдарға арналған Атырау қаласының қоғамдық көлігін дамыту тұжырымдамасының» басты идеяларының бірі – қала маңындағы ықшамаудандардан және ауылдардан автобустар қала ішіне кірмейді. Қаланың төрт жерінен сауда ойын-сауық орындары бар ауысып мінетін пункт (пересадочный пункт) ашу жоспарланған. Сіз мұны қолдайсыз ба?
|
27 қыркүйек 2017 | Ұлттық банк төрағасы Данияр Акишев қазір доллар сатып алушылар алдағы уақытта ұтылатынын айтты. Сіз мұнымен келісесіз бе? |
20 қыркүйек 2017 | Мемлекетке мәйіттік донорлықтан бас тарту туралы өтінішті өз ақшаңызға ресімдеу үшін нотариусқа барасыз ба? |
12 қыркүйек 2017 | Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы 25 әріптен құралған жаңа әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасын дұрыс деп есептейсіздер ме?
|
5 қыркүйек 2017 | Оқу үлгерімі нашар оқушыларға 9-сыныптан соң мектепте тағы екі жыл қалып оқу қажет пе? |
29 тамыз 2017 | Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясын оқыдыңыз ба?
|
22 тамыз 2017 | Атырау дәрігерлеріне сенесіз бе? |
15 тамыз 2017 | Бір баланы мектепке дайындау үшін (мектеп және спорттық киім-кешектерін, аяқ киімдерін, кеңсе тауарларын қоса алғанда) 50 мың теңгені жеткізе аласыз ба? |
8 тамыз 2017 | Сіздің болжамыңыз: алдағы айларда доллар бағамы 340 теңгеден аса ма? |
1 тамыз 2017 | Балаларға екпе салу ата-аналардың құқығы емес, міндеті деп заңмен бекіту қажет пе? |
25 шілде 2017 | Сіздің пікіріңізше, Атырау облысының құқыққорғау құрылымындағы қызметкерлердің көпшілігі әділ адамдар ма? |
18 шілде 2017 | Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бетті бүркейтін, сондай-ақ өте ашық киім киюге тыйым салуды ұсынды. Бұған келісесіз бе? |
11 шілде 2017 | Егер сіз Жайыққа суға түскен болсаңыз, онда жағажайдың жай-күйі мен қызмет көрсетуіне көңіліңіз тола ма? |
4 шілде 2017 | Сіздің балаларыңызбен бірге қыдырып, демалатын қаржылық мүмкіндігіңіз бар ма? |
27 маусым 2017 | Сіздің зейнетақы жинақтарыңызға қосылатын табыстылық девальвация және инфляциямен бірге өсуге үлгеріп жатыр ма?
|
20 маусым 2017 | Сізде сақтаулы тұрған қандай да бір валюта бар ма?
|
13 маусым 2017 | Газшілер қызметінің сапасына көңіліңіз тола ма?
|
6 маусым 2017 | Сіз ұлыңызға немесе қызыңызға мектепті бітірулерін мейрамханада атап өтуі үшін ақша берер ме едіңіз? |
30 мамыр 2017 | Егер бала туған соң бірден арыз берсе, «тамыр-таныссыз» үш жылдың көлемінде балабақшадан орын алу мүмкін бе?
|
23 мамыр 2017 | Cіз жергілікті дәрігерлерге сенім артасыз ба?
|
16 мамыр 2017 | Назарбаев зияткерлік мектебіне конкурстық іріктеуде бүкіл республика бойынша 7 мың мұғалім қатысты және олардың 70 пайызы өз пәндері бойынша шекті 25 балдың 13-ін де ала алмады. Ал сіз таныс педагогтарыңыздың біліміне сенімдісіз бе? |
9 мамыр 2017 | Жолдың бүлінуінің себебі – атмосфералық жауын-шашын ба? |
2 мамыр 2017 | Сіз «адамның қабілеті болмаса, бәрі бекер» деген тұжырыммен келісесіз бе? |
25 сәуір 2017 | Жазғы айларда Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне баруды жоспарлап отырсыз ба? |
18 сәуір 2017 | Мемлекеттік тілді кириллицадан латын әліпбиіне көшіру қажет пе? |
11 сәуір 2017 | Парламент депутаттары дағдарыс пен ар-ұжданды ескере отырып, өз жалақыларын 1 наурыздан бастап 50 пайызға көтеруден бас тартуға тиіс пе еді? |
4 сәуір 2017 | Қаңтарда біздің сауалнаманың қатысушыларының 57 пайызы өз президенті ретінде, егер ол қазақ болса, Дональд Трампты сайлауға дайын еді. Ал Алмазбек Атамбаевқа дауыс берер ме едіңіз? |
28 наурыз 2017 | АМӨЗ өзінің жаңғырту жұмыстары бойынша қарыз болып қалды. Оны сату керек пе? |
21 наурыз 2017 | Әр әйелдің наурыз көже әзірлейтін өз тәсілдері бар. Дегенмен, бәрі бірдей қайта сұрап ішердей дәмді бола ма? |
14 наурыз 2017 | Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20-30%-дан аса өскенін байқадыңыз ба?
|
7 наурыз 2017 | Астананың атауын қазіргі президенттің құрметіне орай өзгертіп, оның есімін әуежай мен басқа да нысандарға беру қажет пе? |
28 ақпан 2017 | Облыс әкімі Н.Ноғаевтың алғашқы жылғы жұмысы мен есебін ойдағыдай деп бағалайсыз ба? |
21 ақпан 2017 | Әлиев әйелін Әзербайжанның бірінші вице-президент етіп тағайындады. Бізге де осыған ұқсас бірдеңе ойлап табу қажет пе? |
14 ақпан 2017 | Cіз Универсиада жарыстарын көрдіңіз бе немесе қорытындыларын білуге қызығушылық таныттыңыз ба? |
7 ақпан 2017 | Жол-патрульдік қызмет үшін қараңғы уақытта жарқырайтын алатаяқтардың орнына жарық беретін жеңқап пен ақ қолғапты енгізбек. Сізге бұл өзгерістер ұнай ма? |
31 қаңтар 2017 | Алдағы бір-екі жылдың ішінде Қазақстанда биліктің өз еркімен ауысуы бола ма?
|
24 қаңтар 2017 | Егер Дональд Трамп қазақ болса, сіз оны президент етіп сайлар ма едіңіз? |
17 қаңтар 2017 | Нұрсұлтан Әбішұлының немересі болғыңыз келер ме еді?
|
10 қаңтар 2017 | «Халықтың көші-қоны туралы» заңдағы жаңажылдық өзгерістер сіздің мүддеңізге қайшы келді ме? Сіздің туыстарыңыз немесе достарыңыз уақытша тіркеуге байланысты ХҚКО-на баруға мәжбүр болды ма? |
3 қаңтар 2017 | Парламентте қажеттілік болған жағдайда халықтың мүддесіне қайшы келетін заңдарды қабылдауға қарсы шыға алатын аз да болса депутаттар бар ма? |
27 желтоқсан 2016 | 2014 жылы осындай сауалнамамызға қатысқандардың 63%-ы өткен жылға риза болса, 2015 жылы бұл сан 43%-ды құрады. Ал 2016 жылдан күткен үміттеріңіз ақталды ма?
|
20 желтоқсан 2016 | Ақпарат және коммуникациялар министрі 16 желтоқсанда интернетте кең қолданылатын әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелерінің қолжетімсіз болуын техникалық ақаулардың орын алуымен түсіндірді. Сіз оған сенесіз бе?
|
13 желтоқсан 2016 | Атыраулықтардың мерекеге деген көзқарасы: бізде лайықты адамдарды марапаттап, жазасы лайықты адамдарды отырғыза ма? |
6 желтоқсан 2016 | Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде президенттер ауысқан жағдайда Қазақстан анағұрлым жоғары қоғамдық-экономикалық деңгейге жете алар ма еді? |
29 қараша 2016 | Қылмыстық кодекстің М. Боқаев пен Т. Аяновқа таңылған баптарын билік Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне шығатын амнистия туралы заңға қоса ма?
|
22 қараша 2016 | Сіздің болжамыңыз, жағдайға берер бағаңыз: «жер митингілері» туралы іс бойынша сот үкімі әділетсіз болған жағдайда (көптеген азаматтық белсенділердің пікірі бойынша) Атырау облысында рұқсат етілмеген наразылық митингілері мен пикеттер болуы мүмкін бе? |
15 қараша 2016 | «– Парижге қайтадан барғым келіп тұр...
– Демек, сіз онда болғансыз ғой.
– Жоқ, мен өткен жылы да барғым келген».
Cізді Францияда музейлерден гөрі дүкендер қызықтырар ма еді?
|
8 қараша 2016 | Қалай ойлайсыздар, Макс Боқаев пен Талғат Аянов кем дегенде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылады ма? |
1 қараша 2016 | 5 жылдан 10 жылға дейін бостандықтан айырылу қаупі төніп тұрса да, «Жер митингілері туралы» іс бойынша сотталушылар Макс БОКАЕВ пен Талғат АЯНОВ тағы да процессуалдық келісім мен кінәларын мойындаудан, яғни, жазаларын жеңілдету мүмкіндігінен бас тартты. Олардың бұл әрекеттері дұрыс па? |
25 қазан 2016 | Жол-патрульдік қызмет қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығару және жалақыларын екі есеге көбейтіп, жұмысқа жаңа полицейлерді алу олардың арасындағы жемқорлықты түп тамырымен жоюға көмектесе ме? |
18 қазан 2016 | «Шымкент сыра» зауытының президенті Тоқтар Төлешов Қазақстанның вице-президенті бола алар ма еді? |
11 қазан 2016 | 12 қазан күні бес айдан бері темір тордың ар жағында отырған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты қылмыстық істі сотта қарау басталады. Айыптау қорытындысына сәйкес, оларды 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Олар мұндай жазаға лайық па?
|
4 қазан 2016 | Қазақстанда билік ауысқаннан кейін люстрация қажет бола ма? |
27 қыркүйек 2016 | Матаевтардың ісі тапсырыс па? |
20 қыркүйек 2016 | Мемлекеттік балабақшалар мен мектептердің жұмыс сапасына көңіліңіз тола ма? |
13 қыркүйек 2016 | Сіз Қазақстандағы судьялар сотта төрелік етуге тағайындалған кезде шынымен де тәуелсіз және тек қана Конституция мен заңға бағынатынына сенімдісіз бе? |
6 қыркүйек 2016 | Газ иісінен қорықпай терезеңізді түнде ашық қалдырасыз ба? |
30 тамыз 2016 | Сізге аптасына ең аз дегенде бір рет хал-жайыңыз бен жалпы денсаулығыңызды нашарлатқаны байқалатын ауада зиянды заттардың бары сезіле ме?
|
24 тамыз 2016 | Біздің құқық қорғау органдарымыз бен соттарымыз «тапсырысты» орындай ала ма? |
16 тамыз 2016 | Жер реформасы жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады. Ол сіздің үмітіңізді ақтады ма? |
9 тамыз 2016 | Жоғары шенді шенеуніктер келген кезде ресми шараларды жол қозғалысында және басқа да қолайсыздықтарсыз жүзеге асыруға болмай ма?
|
2 тамыз 2016 | ҚР БҒМ Анкараның ескертуіне қазақ-түрік лицейлері жабылмайды деп жауап берді. Бұл дұрыс шешім бе? |
26 шілде 2016 | Жер реформасы жөніндегі комиссиямен кездесуде сөз сөйлегендердің бір бөлігі Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуды талап етті. Қалай ойлайсыздар: егер олар Атырауда өткен сәуірдегі митингіде бастамашылар болып шықпағанда президент Жер кодексіне түзетулерге мораторий жариялар ма еді?
|
19 шілде 2016 | Сауда нүктелерінде нанның, ұнның, қанттың едәуір қымбаттағаны байқалады. Сіздің отбасылық бюджетіңізге баға өсімі қатты әсер етті ме?
|
12 шілде 2016 | ҰҚК-нің нұсқасы бойынша, Шымкент сыра зауытының директоры Т.Төлешов Атыраудағы азаматтық белсенділерді сәуірде Атырауда және мамырда Алматыда Жер кодексі бойынша митингтер ұйымдастырсын деп қаржыландырған. Сіз бұған сенесіз бе? |
5 шілде 2016 | 6 шілде – Астана күні және Нұрсұлтан Әбішұлының туған күні. Сіз өз президентіңізге разысыз ба? |
28 маусым 2016 | Өңірдің жаңа басшысының «100 күні» әдеттегідей кадрлық ауыс-түйістерсіз өтіп жатыр. Оған команданы ауыстыру қажет пе? |
21 маусым 2016 | Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда президент болуға дайын әйелдердің бар екенін мәлім етті. Сіз қалай ойлайсыз, оның қызы Дариға келесі сайлауда үміткерлердің бірі атана ма? |
14 маусым 2016 | Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Г.Қарағұсованың республикалық бюджеттегі «тесікті» азаматтардың зейнетақы жинақтары арқылы толтыру туралы ұсынысымен келісесіздер ме? |
7 маусым 2016 | ҰҚК-нің жорамалы бойынша, жуырда болған жерге қатысты митингілерді қаржыландырған АҚШ емес, қыста қамауға алынған «Шымкент сырасы» зауытының қожайыны екен. Оның Ресейдің арнайы қызметтерімен тығыз байланыста болғандығы айтылған еді. Енді бізге ТВ арқылы қалтаға доллар емес, рубльдерді жасырып жатқанын көрсетуге міндетті ме?
|
31 мамыр 2016 | Бас прокуратураның 21 мамырдағы оқиғалар туралы ресми мәлімдемесінде Атырауда қамауға алынған азаматтық белсенділер мен әзірге белгісіз арандатушылар бүлік жасап, еліміздегі билікті басып алуды жоспарлаған делінген. Осындай ауыр айыптауларға сенесіз бе? |
24 мамыр 2016 | Атырауда болған жер мәселесіне қатысты наразылық акциясы аяқ астынан өздігінен болған емес, сыртқы күштер мен Қазақстанның қазіргі билігінің ішкі жаулары ақша төлеп ұйымдастырған деген пікірмен келісесіз бе?
|
17 мамыр 2016 | Атырау қаласы әкімдігінің азаматтық белсенділерге 21 мамыр күні Исатай мен Махамбет алаңында митинг-концерт өткізуге рұқсат бермеу туралы шешімі дұрыс болды ма? |
10 мамыр 2016 | Президент кейбір министрлерді ауыстырды. Осыдан кейін сіз қазіргі үкімет пен парламент құрамына сенім артасыз ба? |
3 мамыр 2016 | Президенттің көпшілік алдында жасаған ескертуіне қарамастан Ақордадан бір шақырым қашық жерде ЭКСПО құрылысынан 10 млрд теңге ұрланған. Әр аудан және ауыл әкімінің жер мәселесіне қатысты шешімдерін бақылау мүмкін бе?
|
26 сәуір 2016 | Сіз 24 сәуір күні Атырауда өткен митингі Резолюциясының «қазіргі құжатта Қазақстан халқының мүддесіне сәйкес келмейтіндіктен» ҚР Жер кодексін түбегейлі өзгерту туралы басты талабымен келісіп, астына қол қояр ма едіңіз (әлде қолыңызды қойдыңыз ба)? |
19 сәуір 2016 | Қазақстан мұнай, металл, көмірдің төмен бағасы жағдайында дағдарыстан шыға ала ма? |
12 сәуір 2016 | Облыста көктемгі балық аулау маусымы басталды. Өткен жылы қара уылдырықтың дәмін тата алдыңыз ба?
|
5 сәуір 2016 | Өткен жылы облыстың барлық құқыққорғау органдары 799 балық шаруашылығына қатысты құқықбұзушылықты тіркеп, сотқа 133 қылмыстық іс жолданды. 6 млн теңге айыппұл салынып, 83 тонна балық тәркіленді (соның ішінде 2,5 тонна бекіретұқымдас балық бар). Сіз жыл бойына небары 14,2 кг қара уылдырық тәркіленгеніне сенесіз бе? |
29 наурыз 2016 | Атырау облысының әкімі қызметіне Ақтөбе облысының тумасы Нұрлан НОҒАЕВ тағайындалды, ол оған дейін 4 жыл көршілес Батыс Қазақстан облысын басқарған болатын. Сіздің алғашқы әсеріңіз және блиц-сауалнама: біздің өңірімізге жаңа басшы оң өзгерістер әкеле ме? |
22 наурыз 2016 | Cіз сайлау алдында «декларациядағы айырмашылықтар үшін» деген себеппен Атырау қалалық және облыстық мәслихаттар депутаттығына үміткерлер қатарынан алып тастаған қоғам белсенділері Талғат АЯНҒА, Макс БОҚАЕВҚА және Әсель НҰРҒАЗИЕВАҒА дауыс берер ме едіңіз? |
15 наурыз 2016 | Өміріңіздің жақсара түсуі алдағы сайлау нәтижелеріне байланысты деп ойлайсыз ба?
|
8 наурыз 2016 | «Қыздардың ең жақын досы - гауһар тас» деген тұжырым дұрыс па? |
1 наурыз 2016 | Жаңа білім және ғылым министрі мектептер мен жоғары оқу орындарында математиканы және басқа да техникалық пәндерді ағылшын тілінде оқытуды ұсынып отыр (шамамен қазақ-түрік лицейлерінде сияқты), әйтпесе біз көштен қалады екенбіз. Сіз онымен келісесіз бе? |
23 ақпан 2016 | Сіздің ойыңызша ҚР журналистер Одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевты қылмыстық қудалау тапсырыс па? |
9 ақпан 2016 | Бұрын сіздің округіңізден сайланған облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихат депутатының аты-жөні есіңізде ме? |
2 ақпан 2016 | Нұрсұлтан Әбішұлы өзі тексеріп, бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер бағасының өткен жылғымен салыстырғанда да төмен екеніне көз жеткізгенін мәлім етті. Сіз барып жүрген базарлар мен дүкендерде де солай ма? |
26 қаңтар 2016 | ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау биылғы жылдың 20 наурызына белгіленген. Сіз дауыс беруге барасыз ба? |
19 қаңтар 2016 | Биыл Қазақстан экономикасының оңалуын күтесіз бе? |
12 қаңтар 2016 | Сіздің 300 000 теңгеден көп жинағыңыз бар ма және оны қандай валютада сақтайсыз? |
5 қаңтар 2016 | Қазақстанда Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр. Мүмкін, бұл сәйкестік болар, бірақ дәл осылай аталатын акт АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі қайғылы оқиғалардан соң қабылданып, барлық интернет қолданушыларды тыңдау және бақылау заңдастырылған болатын. Қалай болғанда да, сіз өз қауіпсіздігіңіз үшін азаматтық құқығыңызға шектеу қоюмен келісесіз бе? |
29 желтоқсан 2015 | Біздің сауалнамамызға қатысқандардың 63 пайызы 2014 жылға риза екендіктерін білдірді. Ал 2015 жылға ше? |
22 желтоқсан 2015 | Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Талғат АҚУОВ ЕАЭО-ның 5 еліне (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения) басқа ортақ валютаны жасауға Еуропадағыдай 15-20 жыл уақытты жоғалтпау үшін бірыңғай валюта – рубльді енгізуді ұсынды. Сізге жаңа жылда осындай сыйлық ұнар ма еді? |
15 желтоқсан 2015 | Сіз республиканың әнұранын білесіз бе және оны біздің атағы шыққан спортшыларымыз бен балабақша тәрбиеленушілері секілді мемлекеттік тілде шабыттанып тұрып орындай аласыз ба? |
8 желтоқсан 2015 | Сіз немесе Сіздің отбасыңыздың мүшесі жұмыс жасайтын жерде штат санын немесе жұмыс уақыты мен еңбекақыны қысқарту жүріп жатқан жоқ па? |
1 желтоқсан 2015 | Президент БЖЗҚ-ын Ұлттық банктің бақылауынан шығарып, 2016 жылы зейнетақы активтерін қазақстандық немесе шетелдік жекеменшік компаниялардың басқаруына беруді тапсырды. Бұл дұрыс шешім бе? |
24 қараша 2015 | 1 желтоқсанда еліміз тұңғыш президент Күнін тойлап, демалады. Нұрсұлтан Әбішұлының орнын басатын лайықты адам табыла ма? |
17 қараша 2015 | Жаңа жылдан бастап кәдімгі қалаш нанның бағасы 100 теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Сіздің отбасылық бюджетіңізге бұл ауыр емес пе?
|
10 қараша 2015 | Ұлттық банктің жаңа төрағасы теңгені одан әрі еркін айналымға жіберді. Осыған байланысты Cіздің таяудағы екі айға жасаған доллар бағамына қатысты болжамыңыз қандай: |
3 қараша 2015 | Павлодар облысының әкімі мен оның ұлына қатысты екі даулы қылмыстық істен кейін алғашқысының өз лауазымында қалуға моральдық құқығы бар ма? |
27 қазан 2015 | Ұлттық Банк басшысы банктерге қысқа мерзім ішінде 2 трлн теңге (олардың бірі – БЖЗҚ-дан) төленгенін мойындады. Банктер сол ақшаға доллар сатып алды. Қазақстандықтардың зейнетақы қорынан алынатын келесі триллион теңгені «дұрыс» шығындауға уәде беріп отыр, яғни мемлекеттік компанияларға және тағы да банктерге көмек үшін. Мүмкін бұл үкіметке «еңбек демалысына» кететін уақыт жеткен болар? |
20 қазан 2015 | Нұрсұлтан Әбішұлы мұнай, металлдар, көмір бағасының құлдырауы салдарынан «2007 – 2009 жылдардан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді» деп мәлімдеді. Қазақстан бұдан айналып өте алар ма еді? |
13 қазан 2015 | Қазақстанда аса ауыр емес қылмыспен (ұрлық, тонау, абайсызда кісі өлтіру және т.б.) сотталғандарды мерзімінен бұрын босата бастады. Сотта істі қарау шарттары келесідей: колония әкімшілігінің жағымды мінездемесі, жәбірленушілерге келтірген залалды өтеу және мерзімінен бұрын босату үшін әр қалған жылына бюджетке шамамен 180 мың теңге төлеу керек. Сіз заңдағы бұл өзгерістерді құптайсыз ба? |
6 қазан 2015 | ОҚО-ның мәслихат депутаты Аманулла Раманқұл той кортеждеріне тыйым салудың орнына оны ақылы негізде жол-патрульдік қызметінің бастап жүруіне рұқсат беруді ұсынды. Сіз мұны қолдайсыз ба? |
29 қыркүйек 2015 | Нұрсұлтан Әбішұлы Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде ұлтүстілік әлемдік валютаны әзірлеуді және БҰҰ-ның штаб-пәтерін Америкадан Азияға көшіруді ұсынды. Ұлт қауымдастығы Қазақстанның осы және өзге де бастамаларын қабылдар ма екен? |
22 қыркүйек 2015 | Белгілі сөз орамындағы ел аттарын ауыстырып, қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов былай деді: «Ресейде тұрақты дос та, жау да жоқ, Қытайда да осындай жағдай».
Шынымен де айналамызда «Жау да емес, дос та еместер» жиналған ба? |
15 қыркүйек 2015 | Елбасы жұртшылық талқысына салмай-ақ Қазақстанға екінші, бейресми Ұлы Дала елі деген атау берді. Бұл сізге ұнай ма? |
8 қыркүйек 2015 | Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың қымбат көліксіз, батыстың киімі мен тағамынсыз өмір сүре алатынын айтты. Қалай ойлайсыз, қазақстандықтардың көпшілігі бұған дейін фуа-гра деген – үйректің немесе қаздың майлы бауыры екенін білді ме? |
1 қыркүйек 2015 | Аз қамтылған отбасының балалары, жетімдер мен тірі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тегін, ал қалған оқушылар мектеп кітапханасының мүмкіндігіне қарай және жетіспейтін кітаптарды дүкеннен сатып алып, оқулықтармен қамтылуы тиіс. Биыл облыстық бюджеттен мектеп оқулықтарын сатып алуға 647 млн теңге бөлінді. Сіз тегін немесе сатып алу арқылы оқулықтарды толықтай ала алдыңыз ба? |
25 тамыз 2015 | Президенттің қыркүйек айында Атырауға келетін сапарында облыс әкімі ауысады деп күтілуде. Егер бұл рас болса, сіздің пікіріңізше өңірімізді кім басқаруы керек? |
18 тамыз 2015 | Сіздің ұжымыңызда (мекемелерде, оқу орындарында, аулада) облыс аумағында дін саласында ағартушылық жұмысты жүзеге асыратын ақпараттық-үгіт-насихат топтарымен кездесу ұйымдастыру қажет пе?
|
11 тамыз 2015 | Тура үш жыл бұрын – 2012 жылдың 15 тамызында – Атырау облысының әкімі болып Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ тағайындалған болатын. Оның жұмысы қандай бағаға лайық? |
4 тамыз 2015 | Нұрсұлтан Әбішұлы қаржыны жаппай үнемдеуге шақырды. Сіз бұл сөздерді тойларды, мерейтойларды, еске алу рәсімдерін өткізу шығындарына жатқызар ма едіңіз? |
28 шілде 2015 | Көпжылдық келіссөздерден кейін президент Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы хаттамаға қол қойды. Ресми түрде еліміз 2015 жылдың аяғында ДСҰ-ның 162-ші мүшесі атанады. Сіз мұны игілік деп санайсыз ба? |
21 шілде 2015 | Ғаламторда ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап тұрғындар үшін «Атырау Cу Арнасы» КМК тарифінің бір жарым есеге дерлік көтерілуіне қарсы үндеухатпен қол жинау жүріп жатыр. Қалай ойлайсыз, халықтың пікірі ескеріле ме? |
14 шілде 2015 | Президент еліміз дүние жүзіне танылу үшін бәрін жасап жатыр. Осыған байланысты 2017 жылы ЭКСПО және Универсиада секілді халықаралық іс-шараларды өткізу шығындары орынды ма? |
7 шілде 2015 | Өткен жылғы сауалнамада біздің сайт оқырмандарының 50 пайызы өздері немесе отбасы мүшелерінің біреуі Ораза ұстап жүр деп жауап берген болатын. Исламдағы ауыз бекіту бұл жылы тағы да ыстық кезеңге тап келді. Сіз немесе сіздің туысыңыз тән мен рухты сынау амалын бастан өткеріп отыр ма? |
30 маусым 2015 | Маусымның ортасынан бастап аномальды ыстық ауа райы сақталып тұр. Синоптиктердің мәліметінше, қалада ауа температурасы әрі кеткенде 42 градус болып тұр. Ал, терезе сыртындағы тұрмыстық термометрлер 50-ден асырып көрсетіп отыр. Сіз ресми болжамдарға сенесіз бе? |
23 маусым 2015 | Былтырғы маусым айындағы сауалнамада біздің сайттың 63 пайыз оқырманы демалысқа баруға ақша жоқ деп жауап берген болатын. Сіздің материалдық жағдайыңыз жақсарды ма және сіз биыл жазда демалуды жоспарлап отырсыз ба? Демалысыңызды қайда өткізесіз? |
16 маусым 2015 | Адам неғұрлым көбірек табыс тапса, ол бюджетке соғұрлым көбірек салық төлейді. Сонда тегін оқулықтарды жоюға тырысатын және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бюджетті үнемдеу және ауқатты отбасынан шыққан балалар үшін мұндай жеңілдіктерге «жол бермеу» мақсатында мектептерде тегін тамақ беруді алып тастаған кейбір министрлердің және Парламент депутаттарының сөздері мен әрекеттерінде қисын бар ма?
|
9 маусым 2015 | Бірыңғай ұлттық тестілеу аяқталды. Биыл мектеп бітірген туыстарыңыз қайда оқуды жоспарлап отыр? |
2 маусым 2015 | Мемлекеттік резиденцияның жанындағы өзенге дейінгі темір қоршау кешкі серуендеуге және атыраулықтар үшін Жайық өзені жағалауымен қаланың бір бөлігінен келесі бетіне еркін өтуіне кедергі болып отыр. Облыс әкімі орын алған қолайсыздықты қауіпсіздік талаптарымен, соның ішінде, мемлекеттің бірінші тұлғалары қауіпсіздігінің талаптарымен түсіндіріп отыр. Билік ымыраға келу туралы шешімді табуға тиіс пе? Мәселен, жағалауды жоғары лауазымды қонақ іссапармен келген кезде ғана жапса?
|
26 мамыр 2015 | Сіздің балаларыңыздың (жиендеріңіздің, немерелеріңіздің) мектебінде бітіру кештерін өткізуге және мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақшалай қаражат жинай ма? Егер жинаса, қандай сома көлемінде? |
19 мамыр 2015 | ҰҚК-нің арнайы тобы 14 мамырда павлодарлық «Версия» газетінің редакторы Ярослав Голышкинді ұстады, ал 16 мамырда оны 2 айға қамауға алу үшін сот санкциясын алды. Оның облыс әкімінің мемлекеттік резиденциясында бойжеткенді зорлау фактісін жеке тергеумен айналысқаны белгілі болды. Ал бұл қылмыстық іске әкімнің ұлы куәгер ретінде қатысып отыр. Өзінің сыни мақалаларымен танымал журналисті әкімді бопсалап, ақша талап етті деген күдікпен қамауға алды. Бұл тапсырыс беру арқылы кек алу болуы мүмкін бе? |
12 мамыр 2015 | ІІД Әкімшілік полиция ғимаратында автокөлікке құжаттар рәсімдеуге байланысты процедуралар үшін электронды кезек жүйесін орнату қажет деп есептейсіз бе? |
5 мамыр 2015 | Таяуда Атырау облысы өткен жылы 13-ші орында болғанына қарамастан медицинаның дамуы жөніндегі рейтингте бірінші орынға шықты. Астана 10-шы орында, алматылық дәрігерлерде – «қола». Сарапшылар өмір ұзақтығы, жарақаттан, қайғылы жағдайлар мен уланулардан, ЖКО салдарынан және туберкулез бен қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім-жітім көрсеткіші бойынша бағалаған. Ал шындығында медицинада өткен жылдағыға қарағанда жақсы жағына қарай күрт өзгеріс болды ма? |
28 сәуір 2015 | Қайта сайланған президент Н.Назарбаев: «Сыбайласқан емес... кәсіби мемлекеттік аппарат құрамыз... оған тек лайықты адам өтеді...». Бұл оның қолынан келе ме? |
21 сәуір 2015 | 26 сәуірде ҚР президентін мерзімінен бұрын сайлау өтті. Сіз үш үміткердің қайсысына дауыс бердіңіз? |
14 сәуір 2015 | Н.Назарбаевтың пікірінше, орта топтағы адам – бұл «әжептәуір жұмысы бар, үйі, отбасы, қатынас көлігі бар, жақсы демала алатын, балаларын жақсы оқыта алатын адам және тағы басқа... Бұл орта топ кем дегенде 50 пайыз болуы тиіс, ал бізде әзірге 25-30 пайыз». Сіз бұл тізімге кіресіз бе? |
7 сәуір 2015 | 26 сәуірде ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Сіз немесе сіздің отбасыңыздың мүшелері сайлауға қатысуға ниетті ме? |
31 наурыз 2015 | Батуттар, аттракциондардың иелері, тәттілер мен салқын сусындарды сатушылар бірнеше жылдан бері қаланың алаңдары мен аллеяларында жұмыс істеуге ресми рұқсат ала алмай отыр. Сіздің отбасыңызға мұндай қызмет қажет пе? |
24 наурыз 2015 | Ресей президенті В.Путин ЕАЭҚ аймағында ортақ валюта енгізуді ұсынды. Сіз жаңа валюта үшін теңгеден бас тартуға дайынсыз ба? |
17 наурыз 2015 | Облыстық соттың аппеляциялық алқасы экс-әкімнің ісі бойынша сотталғандардың барлық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Үкімге тағы бірнеше инстанцияларда шағымдануға болады, бірақ оның өзгеретініне үміт бар ма? |
10 наурыз 2015 | Қазақстан кәсіпкерлері Ресейден әкелініп жатқан арзан тауарлардың ағыны күйреуге жеткізіп отырғанына шағымданады және үкіметтен оларды әкелуге тыйым салуды немесе кедендік баж салығын енгізуді сұрап отыр. Отандық өндірушіні қорғау шараларын қолдану қажет пе? |
3 наурыз 2015 | Қызылшадан иммундау науқаны бүгінде еліміз бойынша жүзден астам баланы аурухана төсегіне таңды, оның ішінде Атырау да бар. Осыған байланысты иммундауды 4 мамырға дейін кейінге қалдырды. Егер бұл екпелер балаларымыздың денсаулығына қажетті деп танылса, сіз балаңызға вакцина салдыруға келісіміңізді бересіз бе? |
24 ақпан 2015 | Сіз Қазақстандағы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу идеясын қолдайсыз ба? |
17 ақпан 2015 | Н. Назарбаев бүкіл халықты тек қана қазақстандық тауарды сатып алып, отандық өндірушілерді қолдауға шақырды. Сіз мұны жасайсыз ба?
|
10 ақпан 2015 | Қашағанда жаңа құбыр желілерін жүргізу бойынша $1,8 млрд-қа бағаланған тендерді тағы да беті бүлк етпестен итальяндықтар мен Астанадағы екі белгілі шенеуніктің үлесі бар сол бір компания жеңіп алды. Бұл жерде қызмет бабын пайдалану арқылы өз мүдделерін тықпалау белгілері бар ма? |
3 ақпан 2015 | 30 қаңтарда бірінші вице-премьер Б.САҒЫНТАЕВ РФ-тан келетін арзан тауарлар үшін шекара ашық болып қалады және теңге девальвациясы болмайды деп мәлімдеді. ҚР экономикасы мұндай бәсекелестікті көтере ала ма? |
27 қаңтар 2015 | Медициналық көмек шұғыл жағдайларда (соның ішінде жедел оталар) кешеуілдемей көрсетілуі тиіс, қалған жағдайларда стационарда емдеу үшін дәрігер сізді қажетті анализ тапсырған соң ауруханаға жатқызу порталы бюросына кезекке қояды. Мұндай жүйе сізге қолайлы ма? |
20 қаңтар 2015 | Астанада 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесі қайта талқылануда. Балалардың партада отыруын ұзартқан жөн бе? |
13 қаңтар 2015 | Сіз жуырда енгізілген жол қозғалысы Ережесіндегі өзгертулерді құптайсыз ба? |
6 қаңтар 2015 | Қазақстандықтардың өмірі 2015 жылы елдің ЕАЭО-қа кіруіне байланысты жақсара түсе ме? |
29 желтоқсан 2014 | 1 қаңтардан бастап біз ЕАЭО-та өмір сүреміз. Сіз бұл одақ туралы президент қол қойып, парламент мақұлдаған келісімшарттың ең болмағанда бір-екі негізгі қағидаларын білесіз бе? |
23 желтоқсан 2014 | Өтіп бара жатқан 2014 жылға көңіліңіз тола ма?
|
16 желтоқсан 2014 | Қазақстан тәуелсіздігін тойлай отырып, болашақта республикамыз қандай болады деп елестетесіз? |
9 желтоқсан 2014 | 2014 жылы біріктірілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына дефолтты зейнетақы қорларының 100 миллиардтаған шығындары «мұраға» қалды. Сіз енді шотыңыздағы ақша қозғалысына бақылау жасап отырасыз ба? |
2 желтоқсан 2014 | 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-қа кіруге байланысты доллар, еуро және басқа да шетел валюталарының ҚР аумағында айналыста жүруін шектеу қажет пе? |
25 қараша 2014 | Салқын түсті. Сіздің ЖЭО мен жылу жүйелері кәсіпорындарының жұмысына көңіліңіз тола ма? |
18 қараша 2014 | Облыстың экс-әкімінің ісі бойынша сотталғандардың арасында оның екі орынбасары ең ұзақ мерзімге (15 және 12 жылға) бас бостандығынан айырылу жазасын алды. Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанның құқыққорғау органдары олардың бұрынғы басшыларын шынымен де іздестіріп жатыр ма? |
11 қараша 2014 | Мамандар елдің ақпараттық қауіпсіздігі, шетелдік БАҚ-тың халық санасын улауы жөнінде айтуда. Мәселен, сіз және сіздің балаларыңыз негізінен қандай телеарналарды көреді? |
4 қараша 2014 | Кейбір қазақстандық психологтар баланы бірінші сыныпқа 6 жастан бастап беріп керек емес деп есептейді. Сіз мұнымен келісесіз бе? |
28 қазан 2014 | Экс-әкім Б.Рысқалиевтың ҰҚҚ ісі бойынша (іздеу жарияланған оған және басқа адамдарға қатысты тергеу материалдары сотта қаралған жоқ) барлық 22 сотталушы соңғы сөздерін айтты, үкімді жариялау 10 қарашаға белгіленді. Аты шулы процесс барынша ашық өтті, сіз бұл тақырыпта толығырақ «АЖ»-дан 41 репортажды оқи аласыз. Сотталушылар мемлекеттік айыптаушылар сұраған (8 жылдан 18 жылға дейін) бас бостандығынан айыру мерзіміне лайық па? |
21 қазан 2014 | Дәрігерлер «мұнай өнімдерінің жануы салдарынан қатты уланған» қашағандық D аралындағы жұмысшының өмірін аман алып қалды.
Пациентте күкіртсутегінің әсер ету белгілері болғанына қарамастан, олардың облыстық ауруханада химиялық-токсикологиялық зертхана жоқ болғандықтан нақты диагноз қою құқығы мен мүмкіндігі болмады. Сіз қай кезде болсын, қаладағы кәсіпорындардың түнгі шығарындыларынан кейін улану белгілерін сезініп көрдіңіз бе? |
14 қазан 2014 | «АЖ»-ның шілдедегі сауалнамасында 1120 адамның 86 пайызы қысқы Олимпиада-2022 ойындарын Алматыда өткізуге қарсылықтарын білдірген болатын. Олар EXPO мен қысқы Универсиада-2017 ойындарын өткізудің өзі ел бюджетіне ауыр тиеді деп есептейді. Жуырда интернетте алматылықтардың қалада Олимпиада ойындарын өткізуге қарсы екендерін білдіретін петиция пайда болды. Оған 800-ден астам адам қол қойып үлгерген. Пессимистердің ойын өзгертуге ХОК президенті Томас БАХ ұшып келді. Халық арасында сауалнама жүргізу қажет пе? |
7 қазан 2014 | Қазақстанның барлық өңірінде тойлар бірдей сценарий бойынша өтеді (атыраулықтардың жалғыз ғана ерекшелігі – салтанатты рәсім белгіленген уақыттан 3 сағат кейін басталады). Сіз «жұрттан қалмас үшін» қарыз алып немесе несие рәсімдеп той өткізер ме едіңіз?
|
30 қыркүйек 2014 | Атырауға биыл ҚР мен РФ президенттері қатысатын өңіраралық XI ынтымақтастық форумын қабылдау кезегі де келіп жетті. Қала ретке келтіріліп, бүкіл жанар-жағармай бекеттерінде бензин пайда болды. Енді мұнайлы астанада әрдайым осылай бола ма? |
23 қыркүйек 2014 | Cіз немесе сіздің балалаларыңыз осы жылы театрға спектакльге, музейге экскурсияға, картиналар галереясына барды ма? |
16 қыркүйек 2014 | Үкімет 2015 жылдың шілдесінен бастап құрылыс саласындағы мемлекеттік қабылдау комиссиясының қызметін тәуелсіз сарапшыларға бермек. Бұл дұрыс шешім бе? |
9 қыркүйек 2014 | ҚР БҒМ-нің барлық мектептерді оқулықтармен толық қамтылғандығы жөніндегі мәлімдемесіне қарамастан жаңа оқу жылы басталғалы бері барлық кітап дүкендерінде ата-аналардың ұзын-сонар кезегі байқалады. Осы жылы сіз оқулықтарға қанша қаржы жұмсадыңыз? |
2 қыркүйек 2014 | 1 қыркүйекте Қазақстанда мүлікті, соның ішінде,
ақшалай қаржыларды заңдастыру акциясы басталды. Сіздің заңдастыратын дүниеңіз бар ма? |
26 тамыз 2014 | Орыстілді сыныптарда оқушыларға қазақ тілін жеткілікті деңгейде үйрете ме? |
19 тамыз 2014 | Биыл Конституция күні – 30 тамыз, сенбі күніне сәйкес келуіне байланысты қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Мереке деген жақсы ғой, алайда сіз елдің негізгі заңын бір рет те болсын оқыдыңыз ба? |
12 тамыз 2014 | Өткен аптада Астанада ел үкіметі кезекті рет қайта құрылды. Сіздіңше, оның қажеті болды ма?
|
5 тамыз 2014 | 31 шілдеде шетел валютасын сатып алуға асыққан жұртшылықтың алаңдауы бекер болып шықты. Сіздіңше жылдың аяғында теңгенің долларға айырбас бағамы 200-ге дейін жете ме? |
29 шілде 2014 | Болашақта ЕАЭО-ға бірыңғай валютаның енгізілуін қостайсыз ба? |
22 шілде 2014 | Бүгінгі күні Атырауда отбасын асырауға жететін және балаларды қандай да болмасын мамандыққа оқыта алатын табысы жақсы жұмыс табу оңай ма?
|
15 шілде 2014 | Атырау қаласының кейбір тұрғындары мен қонақтары маса шағады деп шағымданады. Сіздің жеке өзіңізді осы проблема мазалай ма? |
8 шілде 2014 | Бұл жылы Ораза ең ыстық кезеңге – 28 маусым мен 27 шілде аралығына келіп тұр. Намаз оқымайтындар да ауыз бекіте алады, басты шарты – таңның атысынан күннің батысына дейін тағамнан ғана емес, судан да бас тарту керек. Осы жолы өзіңіз ауыз бекіттіңіз бе әлде отбасы мүшелерінің бірі ораза тұтты ма?
|
1 шілде 2014 | ҚР Дін істері жөніндегі агенттікте діни бірлестіктердің өз қағидалары бойынша неке туралы куәліксіз еркек пен әйелдің қарым-қатынасын тіркеуіне тыйым салатын заң жобасы әзірленуде. Мұндай заң керек пе? |
24 маусым 2014 | Сіздің отбасыңызға бір мәрте болса да медициналық көмек сапалы әрі тегін көрсетілді ме? Егер солай болса, қай жерде? |
17 маусым 2014 | Биыл жазда демалуды жоспарлап отырсыз ба? Және қайда демаласыз? |
10 маусым 2014 | 2004 жылдан бастап ҰБТ түлектердің білімін тексеру кезіндегі адам факторының (соның ішінде ұстаздар мен түлектердің және олардың ата-аналарымен арадағы өзара қарым-қатынас) ықпалын жойып, мектептердегі бітіру емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының орнын басты. Бұрынғы жүйені қайтару қажет пе? |
3 маусым 2014 | 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге кететін алдағы шығындарды есептеген шведтік Стокгольм мен польшалық Краков өз тапсырыстарын қайтарып алды, енді Осло, Львов, Пекин және Алматы қалды. Қазақстан 2017 жылы ЭКСПО мен бүкіләлемдік Универсиаданы өткізеді, осыған байланысты бізге де ойыннан шығатын уақыт болған жоқ па? |
27 мамыр 2014 | ЭСҚКА өзінің жаңа стратегиясы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге тексеру жүргізуді жоспарлап отыр: қаржы полициясы қызметкерлері шенеуніктерді пара алуға өздері итермелейтін болады. Мұндай әдіс сіздерге сенім ұялата ма? |
20 мамыр 2014 | Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында шетелдіктерге ауыл шаруашылығы үшін 10 жылға жалға жер телімдері бөлінген болатын. Ал ҚР-да 5 жылдан кем емес уақыт тұрып жатқан тұлғалар заң бойынша оның азаматтары бола алады. Атырау облысының тұзды топырағы мен жазғы қуаңшылығы шетелдік өсімдік өсірушілер үшін кедергі бола ала ма? |
13 мамыр 2014 | Сізде (соның ішінде, достарыңыз бен таныстарыңыздың растауынша) Атырау облысының аумағында жұмыс істейтін біріккен кәсіпорындар мен шетелдік компаниялардың қайсысында ол жерде жергілікті кадрларды жұмысқа қабылдау кезінде парақорлық, тамыр-таныстық немесе болашақ қызметкерлерге екіұшты ұсыныстар білдіру етек алған деген пікір қалыптасқан? |
6 мамыр 2014 | Жеңіс Күні қарсаңында РФ Қылмыстық кодексі «Ұлтшылдықты оңалту» бабымен толықты. Бұл бап Халықаралық әскери трибуналының үкімімен бекітілген фактілерді теріске шығарғаны үшін, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО қызметі туралы көрінеу жалған мәлімет таратқаны үшін жауапкершілікті қарастырады. Мұнда айыппұлдан бастап бас бостандығын айыруға дейінгі жаза белгіленген.
ҚР ҚК-іне осындай бапты енгізу қажет пе? |
29 сәуір 2014 | Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат ДОСАЕВ Financial Times басылымына берген сұхбатында «Қашаған» кенішіндегі мұнай өндіру 200 шақырымдық тұрба ауыстырылғаннан кейін 2015 жылдың соңында немесе 2016 жылдың басында басталады деп мәлімдеді. Сіз оған сенесіз бе? |
22 сәуір 2014 | Мамыр айында Ресей, Қазақстан және Белоруссия президенттері 2015 жылдан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қояды деп күтілуде. Ел билігі жаңа ұйымның пайдалы екендігіне сенімді, ал оппозиция мен бірқатар сарапшылар бұған күмән келтіреді. Бізге осы одаққа кіру қажет пе? |
15 сәуір 2014 | 2014-2015 жылдары тәуелсіз Қазақстан тарихында екінші рет капиталды арнайы банк шоттарына аудару арқылы заңдастыру жоспарланып отыр. Мұнда пайыздар да төленетін болады. Арнайы шоттардың қожайындары бағалы қағаздар, облигациялар, акциялар сатып алып, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жаңа толқынына қатыса алады. Ал ақшаны шоттан түсіріп алған жағдайда 10 пайыз алым ұсталынады. Капиталға рақымшылық жасаудың басты себебі – бұл: |
8 сәуір 2014 | Путин Ауғанстаннан халықаралық күштер шығарылғаннан кейін туындауы мүмкін қауіп-қатерге байланысты бұрынғы одақтас республикалардың шекараларын күзетуге қолұшын беруге дайын екендігін мәлім етті. Қазақстан өз аумағын өз күшімен берік күзете ала ма? |
1 сәуір 2014 | 1 сәуірден бастап Қазақстанда базалық зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер мөлшері 12 пайызға дейін және азаматтық қызметкерлердің еңбекақысы ерекше еңбек жағдайында жұмыс істегендігі үшін берілетін ай сайынғы үстеме ақы есебінен 10 пайызға өсті. Осы үстемелердің барлығы ақпандағы теңгенің құнсыздануы мен бағаның көтерілуінің орнын толтыра ала ма? |
25 наурыз 2014 | 15 жыл бұрын, 1999 жылдың 24 наурызында НАТО күштері БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің санкциясынсыз Югославияны бомбалауды бастады. 78 күнге жалғасқан бомбалау кезінде екі мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты, ел экономикасы күйреді. Әуе шабуылын бастауға бұрынғы Одақтық Югославия Республикасындағы этникаралық жанжалдар себеп болды. Сіз қалай ойлайсыз, адам шығыны мен бүліншіліктерді болдырмау мүмкін бе еді? |
18 наурыз 2014 | Қарағандыда бірнеше ардагер коммунисттер 1991 жылдың 17 наурызында КСРО-ны сақтап қалу туралы ұмыт қалған референдум нәтижелерін қолдау мақсатында бейбіт акция өткізді. Егер осындай дауыс беру бүгінгі күні өткізілетін болса, сіз бұрынғы кеңестік республикалардың жаңа бірыңғай мемлекетке бірігуін мақұлдар ма едіңіз?
|
11 наурыз 2014 | 1954 жылдың 19 ақпанында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Қырымды РКФСР құрамынан Украинаға беруді ұйғарды. 2014 жылдың 16 наурызында жартыарал билігі референдум белгіледі. Енді азаматтар Қырым Автономиялық Республикасы РФ құрамында бола ма, әлде Украина құрамында болуы керек пе деген мәселені шешуге тиісті. Қазақстанның қандай да болмасын өңірінде сыртқы әскери күш қолданылған мұндай сценарийдің дамуы мүмкін бе? |
4 наурыз 2014 | Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов келер жылы азық-түліктердің көп бөлігін өзіміз өндіретін боламыз деп мәлімдеді. «Біз» дегені - бұл: |
25 ақпан 2014 | ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан СМАЙЫЛОВ жақында болған девальвациядан кейін бағаның соншалықты өскенін байқамаған екен. Сіздің байқауыңызша, бағалар қалай өзгерген? |
18 ақпан 2014 | Алматылықтардан соң іле-шала Атыраудың бір топ жастары теңге девальвациясы мен бағаның көтерілуіне қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды. Сондай-ақ, белсенділер қалалық әкімдікке митинг өткізу туралы өтініш жолдамақ, алайда өткен жылдары бұған рұқсат етпеген болатын. Жергілікті билік сіздерден қандай әрекеттер күтеді? |
11 ақпан 2014 | Атырау облысына келген жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ уақыт өте келе Қазақстанды Қазақ елі деп атау мәселесі қарастырылуы мүмкін екендігін айтты. «Бұл мәселе жөнінде алдымен халықпен ақылдасу керек», - деп атап өтті ол. Елдің атауын өзгерткен жөн бе? |
4 ақпан 2014 | Б.Рысқалиевтың ҰҚТ ісі бойынша 10-нан астам адвокат пен олардың қорғалушылары Атырау облысының бүкіл судьялары мен прокурорларына сенімсіздікпен қарап, қарсылық білдіру туралы және істі басқа, бейтарап өңірдің сотына беру жөнінде әлденеше рет өтініштер беріп, бұл өтініштер қабыл алынбаған еді. Олар осы әрекеттерімен неге қол жеткізбек болды? |
28 қаңтар 2014 | Кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істердің барлығы дерлік тараптардың ымырыласуымен аяқталады. Жүргізушілер көлікті құйындатып немесе мас күйде жүргізген жағдайда, туыстарынан айырылғаны үшін осылайша «зиянды өтеу» жұртшылықтың теріс пікірін туғызады. Осы тәжірибені тоқтатуға мүмкіндік беретін ҚР Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Өзгертулер қажет пе? |
21 қаңтар 2014 | 15 қаңтардағы жарлықпен Аслан МУСИН «басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды». Шындығында, президент бұрынғы екі облыстың әкіміне, министр және вице-министрге, Мәжіліс төрағасына, өз әкімшілігінің басшысына білімі мен тәжірибесіне шамалы болса да сай келетін жаңа лауазым ұсынар ма екен? |
14 қаңтар 2014 | Сіздің пікіріңізше, 2014 жылы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсара ма? |
7 қаңтар 2014 | Облыс әкімі Б.ІЗМҰХАМБЕТОВ жақын арада Атыраудың ауасының нашарлығына наразылық білдіріп, зиянды өндірістерді жабамын деп қоқан-лоққы көрсетті. Экология департаментінің басшысы Е.ҚУАНОВ бүкіл жуып-шаю стансасын, мұнай базаларын, құю эстакадаларын қала сыртына, 15-20 км қашықтыққа қайта орналастыруды ұсынды. Қытайлықтар АМӨЗ қуаттылықтарын көбейтіп, сол жердің маңынан ірі мұнай-химия кешенін және бірқатар басқа да өндірістерді салуды жоспарлап жатқан кезде бұл шараларды қалай бағалайсыз? |
30 желтоқсан 2013 | Әрбір Жаңа жылды Ермек достарымен моншада атап өтеді. Содан соң олар қателесіп оны Құлсарыға баратын пойызға отырғызып жібереді. Ермек ол жерде Мұнайшылар көшесіндегі үйден көп кешікпей Ильясқа тұрмысқа шығатын сұлу қыз Үмітті кездестіреді. Ал Ермекті Атырауда қалыңдығы Ғалия күтіп отыр. Сіз Жаңажылдық ғажайыпқа сенесіз бе, жастар қалай әрекет ету керек? |
24 желтоқсан 2013 | Сіз 2013 жылы өзіңіздің материалдық игілігіңіздің артқанын, жалпы өмір сүру және тұрмыстық жағдайыңыздың жақсарғанын сезіндіңіз бе? |
17 желтоқсан 2013 | Облыс басшылығы Талғайраң поселкесінің маңынан ипподром салуды жоспарлап отыр. Әкімдік атыраулықтардың бүкіл өзекті мәселелерін шешіп болып, енді еңбектеріне лайық атқа қона ма? |
10 желтоқсан 2013 | 16-17 желтоқсанда еліміз жыл сайын Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Сіздің еркіңізде болса, Қазақстанды қандай халықаралық ұйымға тартар едіңіз?
|
3 желтоқсан 2013 | Жақында Ресей мен Қазақстан дипломаттары еш ұқсамайтын екі түрлі оқиға бойынша наразылық ноталарымен алмасты: біздің Каспийдегі шекарашыларымыз шекараны бұзушы браконьерді атып, жазым қылса, ал Мәскеуде ҚР әйел азаматы өлтірілді. Осындай әр оқиға бойынша құқық қорғау органдары мұқият және объективті тергеу жүргізу үшін РФ және ҚР сыртқы саяси ведомстволарының ресми және жария түрде мәлімдеме жасаулары дұрыс деп ойлайсыз ба? |
26 қараша 2013 | Заңға сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтырады, ...әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік береді, халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін таниды, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейді...». Сіз Исламның қай ағымын немесе басқа қай дінді ұстанасыз? |
19 қараша 2013 | Польшаның көлік және су шаруашылығы министрі Славомир НОВАК мүлік туралы декларацияда көрсетпеген құны 5 мың доллар болатын қол сағатына қатысты туындаған жанжалдан кейін отставкаға кетті. Жалған ақпарат бергені үшін экс-министрді үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Біздің министрлерге, әкімдер мен депутаттарға поляктардың тәжірибесін қолдану керек пе? |
12 қараша 2013 | Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі түрік және корей сериалдарын сатып алуды тоқтатады. Ал ақшалар отандық телесериалдар мен киноны дамытуға жұмсалатын болады.
|
5 қараша 2013 | Президенттің ел алдында берген сөгісінен кейін ҚР ІІМ жүргізушілердің жауапкершілігін күшейтетін заң жобасын ұсынды: ажалға себеп болған жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мас күйінде көлікті басқарғаны үшін 500 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 6 ай бас бостандығынан айырып, көлік жүргізу құқығынан 2 жылға айыру және т.б. Бұл шаралар жолдағы ахуалды түзей алады деп ойлайсыз ба? |
29 қазан 2013 | Атырау қаласында жергілікті билік қозғалысы көп көшелер арқылы жерүсті 20 жаяу жүргіншілер өткелін салуды жоспарлап отыр. Жобалау-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстары басталды. Сәтпаев даңғылындағы орталық көпір алдындағы өткелдер секілді көпірлер көпшілікке қолайлы ма және ол біздің қаламызға керек пе? |
22 қазан 2013 | Қазақстандық қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу Павлодар облысындағы екі оқушы қыздың жансақтау бөліміне түсуіне және басқа өңірлердегі балалардың хал-жағдайының нашарлауына қатысты көптеген шағымдарға байланысты тоқтатылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Данияр МЕҢІЛБЕКОВ вакциналауға тыйым салынбағанын, оның уақытша тоқтатылғандығын атап өтті. Ал сіз вакцина егуді қайта жалғастырған кезде қыздарыңызға екпе егуге жазбаша рұқсат бересіз бе? |
15 қазан 2013 | Парламенттегі пікірталастарға қарамастан, үкіметтің көлік пен мүлік салығын көтеру туралы бүкіл ұсынысы дерлік мақұлданды. Бұл не үшін жасалып отыр? |
8 қазан 2013 | Халық қызметшілері – облыс әкімдері жыл басынан бері бір жарым есе көп жалақы ала бастады, енді олардың жалақысы 635 мың теңгені құрайды. Қандай еңбектері үшін? |
1 қазан 2013 | Жақында «Азат» партиясының көшбасшысы, бизнесмен, 10 жыл бойына Қазақстандағы оппозициялық қызметті қаржыландырып келген Болат ӘБІЛОВ кітап жазып, фильмдер түсіру үшін өзінің саясаттан кететіндігі туралы мәлім етті. Бірақ қолайлы сәт туса қайта оралуға уәде берді. Оған көп күтуге тура келер ме екен? |
25 қыркүйек 2013 | 2006 жылы облыстық мәслихат депутаты әрі парламенттің болашақ депутаты Аманжан РЫСҚАЛИДЫҢ (сол кездегі облыс әкімінің бауыры) бастамасымен бизнесмендер тобы облыстық «Нұр Отан» облыстық филиалының ғимаратын салды. Биыл осы партияның қалалық филиалына депутат, облыстық мәслихаттың бюджет комиссиясының төрағасы Әділ ЖҰБАНОВ жаңа кеңсені сыйға тартты. Бұл не болғаны? |
17 қыркүйек 2013 | Серік АХМЕТОВ басшылық еткен жаңа үкіметтің жұмыс жасағанына бір жыл толды. Біздің министрлеріміз қалай жұмыс істеді, жалпы осы кезең ішіндегі олардың қызметіне қандай баға бересіз? |
10 қыркүйек 2013 | Қыркүйектің екінші жексенбісінде алғаш рет жаңа мереке - Отбасы күні атап өтілді. Бірақ кейбір жандар үшін неке мен отбасы – түрлі ұғымдар. Сіздің өзіңізге «қоғам ұйымын» құруда қайсысы жақынырақ? |
3 қыркүйек 2013 | 31 тамызда Алматыда «Прайм-Плаза» сауда ойын-сауық орталығының алаңқайында тегін караоке-шоудың финалдық кезеңі өткізілді. Ең соңғы болып белгілі жас әнші Қайрат НҰРТАС ән айтты. Ол 5 000 долларлық гонорар үшін 8-10 ән айтуы керек еді. Алайда кейбір әсіре жанкүйерлер қоршауды бұзып, сахнаға шыққаннан кейін ол кетіп қалды. Халықтың наразылығын пайдаланған жастардың бір тобы шараны жаппай бұзақылыққа айналдырды. Толқулар орын ала бастағанда әншінің кетіп қалуы дұрыс па? |
27 тамыз 2013 | Тамыздың соңғы күндері мектеп оқушылары ата-аналары үшін ең қызу талқыға түскен тақырып балаларды мектепке дайындауға қатысты. Бір балаға қажетті барлық құралдарды сатып алуға қанша ақшаңыз кетті? |
20 тамыз 2013 | Қашаған кенорнында мұнай өндіру бірнеше жылға кері шегерілді, шығындар шектен тыс артылып келеді. Өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес, шетелдік инвесторлар таяу онжылдықта жоба бойынша өз шығындарын мұнайды тасып әкету арқылы өтемекші. Егер біздің үкімет 2004 жылы «Сахалин-1» және «Сахалин-2» жобалары бойынша Өнімді бөлу туралы келісімді бір жақты бұзған Ресейдің әрекеттерін қайталаса, қазақстандық мамандар теңіз кенорнын әрі қарай өздері игере ала ма? |
13 тамыз 2013 | Атаулы күнді пайдалана отырып (тура бір жыл бұрын – 15 тамызда кезекті облыс әкімінің ауысуы болды), тарихты еске түсіріп, 1990-жылдардан бастап өңірімізді басқарған, сіздің ойыңызша, ең үздік басшыға дауыс беруіңізді сұраймыз. Сауалнама нәтижелерін бағалау шынайы болуы үшін бюджетті, жылдардың байырлығы (сайтта көбіне жастар дауыс береді), лауазымда отырған мерзімдерін есепке алу керек |
6 тамыз 2013 | Құбылыстарды талдау тобы қазақстандықтар көп сенім білдірген екінші деңгейлі банктердің рейтингісін жасады. Нәтижесінде халықтың қаржы институттарына әлі сенетіндіктері анықталды. Ал сіз жинағыңызды қайда сақтайсыз? |
30 шілде 2013 | Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Ұлттық банк төрағасы Григорий МАРЧЕНКОНЫ қабылдады. Оның баяндамасын тыңдаған мемлекет басшысы теңгенің девальвациялануына негіз жоқ деп мәлімдеді. Бұл сіздің көңіліңізді жайландыра алды ма? |
23 шілде 2013 | Қалада ашық терезеден мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің құлап кетуіне байланысты орын алатын қайғылы оқиғалар толастар емес. Бұған кім кінәлі және одан қалай құтылуға болады? |
16 шілде 2013 | Қазақстандағы жұмысқа орналасу процедурасының қиындығына байланысты гастарбайтерлер қамауға алып, айыппұл салады деген үреймен заңсыз жұмыс жасауға мәжбүр. Нәтижесінде жақсы құрылысшылар бригадасы тапшы болып, ал олардың қызметі қымбаттауда. Еңбек көші-қоны туралы жаңа заң қажет пе? |
9 шілде 2013 | Атырау облысында апта сайын кісі өлімімен аяқталған бірнеше жол-көлік оқиғалары орын алуда. Сіздің пікіріңізше, дабыл қағарлық статистиканы төмендету үшін ең тиімді шара қандай? |
2 шілде 2013 | Астанада өткен Д. Кэмеронмен бірлескен баспасөз конференциясында британдық журналистің елдегі адам құқығын сақтау туралы сұрағына жауап берген Н. Назарбаев: «Адам құқығы мен еркіндігіне келер болсақ, мен Қазақстан негізгі құқықтарды қамтамасыз етеді деп есептеймін. Бізде ашық, еркін баламалы президент сайлауы, үш саяси партиялар бар... оппозиция жұмыс істейді... Бізде саяси қудалау жоқ...» деді. Сіз мұнымен келісесіз бе? |
25 маусым 2013 | Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептерінің біріндегі 70 түлек ҰБТ-дан сәтті өтті. Оның 50-і «Алтын белгіге» үміткер болып, 29-ы сол атақты қорғап шыққан. Ал ел бойынша жоғарғы 125 баллды 7 адам жинады, оның үшеуі – Атырау қаласындағы мектептердің бірінің түлектері. Сіз осындай сәттілікке сенесіз бе? |
18 маусым 2013 | 16 маусымда Атырау облысында дәстүр бойынша әуесқойлықпен балық аулау маусымы ашылды. Бүгінде Жайық өзеніне қармақ салар болса, көбінесе қармаққа не түсер еді? |
12 маусым 2013 | Президент әйелдер үшін зейнеткерлік жасты ұлғайту реформасын 2018 жылға қалдырды. Ол жања зањға қол қоймай, оны түзету үшін парламент пен үкіметке кері қайтарды, теледидар арқылы өз ойы мен ұсыныстарын мәлімдеді. Оны мұндай қадам жасауға, оныњ үстіне осыған қатысты халық алдына арнайы мәлімдемемен шығуға не мәжбүр етті? |
5 маусым 2013 | Атырауда жаздың алғашқы күндерінде қатарынан бірнеше сәбидің өмірін қиған қайғылы жағдайлар жиі орын алды. Алда оқушылар үш ай жазғы каникулдарын өткізеді. Сіз балаңыздың жазғы демалысын қалай ұйымдастырасыз? |
28 мамыр 2013 | Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жезөкшелікке қарсы жазалау шараларын қолданғаннан немесе бұл проблема туралы үнсіз қалғаннан пайда жоқ. Тіпті, Иран Ислам Республикасында 300 мыңдай махаббат пірлері бар екен. Көптеген елдерде олардың қызметі заңдастырылған, шектеулермен реттелген және айналасындағыларды әуреге түсірмей-ақ бақылауға алынған. Парламенттің тиісті заң қабылдағаны біздің азаматтарымызға қажет пе? |
21 мамыр 2013 | Астанадағылар осыншама сынақтардың экологиялық тәуекелділіктері жоғары деген болжамдарға қарамастан, «алғашқы мұнай» өндіруді астанамыз бен Президентіміздің туған күніне (6 шілде) орайластыруды табанды түрде талап етіп, Қашағанды іске қосуға асықтырып отыр. Шенеуніктердің бұлай асықтыруларына басты себеп неде? |
14 мамыр 2013 | ҚР Парламентінің Мәжілісінде Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко үкімет сағатында: қазіргі Солтүстік-Каспий экологиялық әрекет ету базасында теңіз апаттық- құтқару жасағы құрылатын болады деп мәлімдеді. Осы шаралардың барлығы теңіз айдынының түбін бұрғылау және мұнай өндіру кезінде Каспийді қауіпсіздендіре ала ма? |
8 мамыр 2013 | Биылғы жылы металлургия және тау-кен металлургия өнеркәсібі өнімдерінің бағалары төмендегендіктен республикалық бюджетке жарты триллион теңгедей қаржы түспейді деп үкімет болжам жасады. Экономистер бюджеттің тапшылығы көбінесе әлеуметтік салада сөзсіз үнемдеуге әкеледі деп есептейді. Сіз қандай шығындарды үнемдеген жөн деп есептейсіз?
|
30 сәуір 2013 | Көктемгі балық аулау маусымының қызған шағы. Тек ғылым мен өсіріп-өндіру үшін ғана бекіре тұқымдастарды аулауға рұқсат етілгенмен, «қызыл» балықтың жойылу қаупі төніп тұр. Браконьерлік бизнес соңғы «қаймағын» сылып алуда. 1 келі қара уылдырықтың бағасы 200 000 теңгеге дейін көтерілді. Сіз соңғы рет оның дәмін қашан байқап көріп едіңіз? |
23 сәуір 2013 | Атырау қалалық әкімдігі әйелдер тобына – жеке кәсіпкерлерге үстіміздегі жылы 27 сәуірде, сенбі күні жеке кәсіпкерлер үшін жылу тарифтерінің күрт көтерілуіне және әйелдердің зейнеткерлік жасына қарсы наразылық митингісін өткізуге рұқсат бермеді. Олар өтініште аталған (жергілікті биліктің таңдауына қалдырылған) 4 алаңның барлығы да сол күні мәдени-спорттық шаралар өтетіндіктен, бос болмайды деп уәж келтіріпті. Мұндай жағдайда сіз кез-келген басқа жерге рұқсат етілмеген бейбіт митингке шығуға дайынсыз ба?
|
16 сәуір 2013 | Мемлекеттік органдар тарапынан тигізілген зиян заң бойынша республикалық бюджеттен өндіріледі. Заңсыз сотталып, кейін ақталған Сәлімжан НАҚПАЕВ сот арқылы 10 млн теңге көлемінде мүліктік және моралдық зиян өтемақысына қол жеткізген еді. Алайда ол енді облыс әкімінің орынбасары әрі саяси мемлекеттік қызметкер ретінде Қаржы министрлігінен бұл ақшаны алудан бас тартты. Сіздің пікіріңізше, жіберілген заң бұзушылықтар үшін моралдық, материалдық және басқа да жауапкершілікті кім алуы тиіс? |
9 сәуір 2013 | Дүние жүзінің 68 елінде, соның ішінде АҚШ-тың көптеген штаттарында, Қытайда, Жапонияда аса ауыр қылмыс үшін жазаның ауыр түрі ретінде электр орындығы, ату немесе дарға асу түріндегі жазалар қолданылады. Балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдерді аяусыздықпен зорлау және айуандықпен өлтіру оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Қазақстанда осыдан 10 жыл бұрын өлім жазасына енгізілген мораторийді жою керек пе? |
2 сәуір 2013 | Осыдан тура екі жыл бұрын – 2011 жылдың 3 сәуірінде ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Оған 4 үміткер қатысты. Н. Назарбаев үшін сайлаушылардың 95,55%-ы дауыс берді. Егер ертеңгі күні жаңадан сайлау өтетін болып, төмендегі тұлғалар өз кандидатураларын ұсынса, сіз кімге дауыс берер едіңіз (фамилиялар алфавиттік тәртіппен орналасқан)? |
26 наурыз 2013 | Көптеген елдерде, Қазақстаннан айырмашылығы, көлік құралына салынатын салық жоқ. Жолдарды ұстау шығындары ол жерлерде жанар-жағармай акцизі есебінен жабылады (мәселен, 1 литр бензиннің бағасына 1-2 теңге қосады). Мұнда әділдік принципі сақталған: яғни, көп жүрсең, көп төлейсің. Біз әлі күнге дейін осы салықты уақытында төлемесек, айыппұл төлейміз. Атырау облысынан сайланған мәжілісмендер мен сенаторлар Астанада отырып, басқа елдердің үлгісі бойынша, осы салықты жоюға қол жеткізуге міндетті ме? |
19 наурыз 2013 | Көктемде балық аулау артельдері «тірі күмісті» он тонналап аулайды, теңізде браконьерлер жүгенсіз кеткен, қайраңдағы жұмыстар балықтың мүлдем жойылу қаупін төндіріп тұр. Осы көрініс аясында қармақ салуға әуесқойлардан келіп-кетер ешқандай қауіп жоқ. 1 сәуір мен 15 маусым аралығында әуесқойлықпен балық аулауға салынған тыйымды жою қажет деп есептейсіз бе? |
12 наурыз 2013 | Парламентте заң жобасы талқылануда. Соған сәйкес, өткен өмірінде қылмыс жасаған-жасамағаны, қылмыстық әлеммен байланысының бар-жоғы және т.б. анықтау үшін құқыққорғау органдарының қызметкерлерін өтірікті әшкерелейтін детектормен тестілей бастайды. Осындай жаңа әдіс қажет пе? |
5 наурыз 2013 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов «Нұр Отанның» заңнамаға жоғары лауазымды шенеуніктердің жақын туыстарының мансапқа келу жолына бақылау жасайтын заң нормаларын енгізу жөнінде бастама көтеруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Cонымен қатар билік партиясы осындай VIP-туыстардың жаңа орындарға тағайындалуына бақылау жасау үшін олардың дерекқорларын жасамақшы. Сіздің ойыңызша, бұл шаралар тиімді бола ма? |