Атырау, 2 сәуір 21:02
Түнде бұлыңғыр болады+7, таңертең +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 448.52  € 490.32  P 5.69

Барлық дәйексөздер

18 қараша 2014

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Президентке хат жазбаңыздар! Хаттарыңыз қаралу үшін бәрі бір менің алдыма келеді. Үйлерді бөлумен қала және аудан әкімдері айналысады. Тұрғын үйлер кезек бойынша және заңға сәйкес бөлінеді.

(Облыс активінің жиналысында айтылған)



11 қараша 2014

РФ президенті Владимир ПУТИН:

- Егер Ресейде бір цифрлар, Қазақстанда басқа, ал Белоруссияда – үшіншісі болса, онда бүкіл бизнес не Қазақстанға, не Белоруссияға көшеді.

(АТЭЫ саммитінде электронды саудаға салық салу туралы мәселеде айтылған)



4 қараша 2014

Президенттің курстасы Заман ИМАМДУНОВ:

- Біз, көзі тіріміз, арнайы фирма құрдық – ол «Нұрсұлтан Әбішұлының курстастары фирмасы» деп аталады. Оған мүмкіндігімізше көмектесу үшін... Қазір Қытаймен бірлесіп, теміржолға арналған қосалқы бөлшектерді шығарудамыз, сұраныс өте көп. Жамбылда қажетті дүниені ашқалы отырмыз. Енді, бірдеңелер жасауды бастап жатырмыз...

(«Радиоточка» сайтында өзінің «...курстасы» визиттік кәртішкесіне орай берген сұхбатынан)



28 қазан 2014

АМӨЗ экологиялық қызметінің бастығы Өтесін УАНДЫҚОВ:

- Биылғы жылы 4,9 млн тонна мұнай өңдеу жоспары жүзеге асса, атмосфераны ластайтын заттардың шығарындылары 7 мың тоннаға... сарқынды сулармен тасталатын заттар 6,5 мың тоннаға... тазартылған өнеркәсіптік сарқынды суды қайталама пайдалану арқылы тұтынатын су көлемі мен бұрып ағызатын су көлемі 4,6 млн текше метрге... азаяды деп күтіліп отыр.

(АМӨЗ-дің 2015-2017 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспары жөніндегі қоғамдық тыңдауларда айтылды)



21 қазан 2014

«ҚМГ салынатын кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС-нің бас директоры, бұрынғы премьер-министр Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ:

- Мұндағы мұнай-газ компанияларының бірінші басшылары бір жарым ай бұрын шақырылғанына қарамастан бүгінгі кездесуге келмеді. Мүмкін оларды селк еткізіп, ұйқысынан ояту үшін Еңбек министрлігінің ықпалы керек шығар.

(Премьер-министрдің орынбасары қатысқан APEC Petrotechnic кеңесінде айтылды) 



14 қазан 2014

Ресейдің Олимпиада комитетінің құрметті президенті Виталий СМИРНОВ:

- Сіздер мені үнемі саясатқа тартасыз да тұрасыздар! Және менің сізге: «иә, қазақтар (референдум немесе халықтың арасында сауалнама) өткізбейді, онда басқа режим, бұл демократиялық Норвегия емес!» деп айтқанымды қалайсыз. Бейжің де солай. Сіз маған сұрақ қойдыңыз, мен сізге жауап бере отырып былай деймін: өтінім комитеті міндетті түрде қоғамдық пікір сауалнамасы жөніндегі тиісті құжат материалдарын ұсынуға тиіс.

(«Газета.Ru» сайтына Ослоның 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге өз өтінімін қайтарып алуына орай берген сұхбатынан)



7 қазан 2014

«Астана EXPO-2017» ҰК басқарушы директоры Салтанат РАҚЫМБЕКОВА:

- Ди Каприоны шақырамыз, климат мәселелері жөніндегі елші ретінде ол біздің алаңда болуға міндетті... Бізде Джоли, Шварценеггер сияқты жұлдыздар да климаттың өзгеруіне қарсы күреске айтарлықтай үлес қосып жүр.

(Атырауда өткен форум сыртындағы әңгімеде айтылды)



30 қыркүйек 2014

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Есте ұстаңыз, бұл ғимаратты Ізмұхамбетов, Атырау облысының губернатор-әкімі 8 ай ішінде салып болды. Ал, бұл (ғимарат) Атырау игілігі үшін қызмет етуге қалады.

(Башқұртстан президентіне форум өткізу эстафетасын табыстау кезінде әзіл-шыны аралас айтылған)



24 қыркүйек 2014

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ:

- Мәселен, директор болған соң өз пьесасын сатып алады. Содан кейін ақша табу үшін өзі режиссер болады. Басты рөлде сүйікті жары және өзі де ойнайды. Астанада театрлардың бірінің директоры қойылымдардағы бүкіл басты рөлдерді өз жарына беретін. Ұжым қарсы шыққан соң, басшы жұмыстан шығып кеткен болатын.

(ҚР Парламент Мәжілісіндегі сөзінен кейін журналистердің алдында айтқаны)



16 қыркүйек 2014

ТЖМ ардагері Мұрат ЖҰМАТАЕВ, Алматы қ.:

- Ал егер біз қазір бүкіл бақылау құзіретін коммерциялық ұйымдарға беріп жіберсек, онда нағыз бейберекетсіздік орын алады! Тәуелсіз сарапшылармен жұмыс істеп көргендер ақша үшін олардың кез келген қағазды жасап беретінін біледі.

(«Время» газетіне құрылысты бақылауға қатысты берген сұхбатынан)



9 қыркүйек 2014

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл СОЛОВЬЕВА:

- Неге мұнайшылардың, депутаттардың немесе бизнесмендердің балалары оқулықтарды тегін алулары тиіс? Мемлекет халықтың аз қамтылған және басқа да әлеуметтік қорғалмаған тобын оқулықтармен қамту үшін мүмкіндіктер қарастыруы тиіс.

(«Мегаполис» газетіне берген сұхбатынан)



2 қыркүйек 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Осы көктемде менің атыма бір топ кәсіпкер облыс басшылығының жер мәселелеріне қатысты заңсыз әрекеттерін тоқтату жөніндегі өтінішпен шағымданған болатын. Мен араластым... Тәртіпсіздіктерге жол беріліп отырғанда, ол қалай бұл лауазымды атқарып, бұйрық бере алады.

(Биылғы жылдың маусымында Қарағанды облысының әкімін қызметтен босату себебін айтқандағы сөзі) 



26 тамыз 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Қазір орыстыкі болсын, басқаныкі болсын, барлық мектептерде қазақ тілін оқыту міндетті болып саналады. Қай мектепке барсаңыз да, 6-7 сыныптағы қай баланы кездестірсеңіз де, ол қазақша, орысша, ағылшынша сөйлеп тұрады.

(«Хабар» телеарнасына берген сұхбатынан)



19 тамыз 2014

Қытайдың халықаралық мәселелер институтының жетекші қызметкері ЛЮ Сюэчэн:

– Ресей мен АҚШ арасындағы Украинаға байланысты мәселелер шешілген соң, Орталық Азияға қатысты кейбір алауыздықтар туындайды.

(«Жэньминь Жибао» газетінде айтылды)



12 тамыз 2014

ҚР ҰҒА академигі Мұфтах ДИАРОВ:

- Бізге Теңіз, Қарабатан және Қашағанның шығарындылары жетіп жатыр... Сіздер, ең болмағанда, тотықтың ыдырау периодын білесіздер ме? Шығарындылар бір тәулікте 1800 шақырымға жайылады, ал қаламызға олар жеті минуттың ішінде жетеді.

(«Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркінің» құрылысы жөнінде өткен қоғамдық тыңдауларда айтылған)



5 тамыз 2014

«Халықаралық мұнай сервистік СИНОПЭК Қазақстан» ЖШС директорының орынбасары Руслан ҚОЖАХМЕТ:

- Олардың қазақстандық және қытайлық жұмысшылардың жалақыларындағы диспропорциялар мен дискриминацияны жоюлары үшін... мен оларды біздің заңнаманы сақтауға әрмен қарай да міндеттеуді жалғастырамын...

(Алматы қ. аудандық сотының оны жұмысқа қайта алу жөніндегі шешімінен соң ҚазТАГ-қа берген сұхбатынан)



29 шілде 2014

РФ-ның бірінші вице-премьері Игорь ШУВАЛОВ:

- Тағы 5-10 жыл өткен соң бірыңғай валюта мәселесі алдымызда тұратыны анық: бірыңғай эмиссиялық орталық болады, бірыңғай валюта болады.

(Қазан қаласында студенттермен болған кездесуде айтылды)



23 шілде 2014

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Талғат ЕРМЕГИЯЕВ:

- Мен жобаның өзін-өзі ақтайтынына кепілдік беремін. Бірақ ЭКСПО-ның құндылығын тек ақшамен ғана өлшеудің қажеті жоқ.

(«Forbes.kz» басылымына берген сұхбатынан)



16 шілде 2014

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира ШӘКІРОВА:

– Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында балабақшалардың жартысы жекеменшік. Жекеменшік балабақшалардың қызметі үшін төлемақының жартысы мемлекеттік субсидия түрінде өтеледі. Ал атыраулық жекеменшік балабақшалар қағаздар мен тексерулер көп болады деп, субсидиялармен байланысқысы келмейді...

(Жеке мектепке дейінгі мекемелер төлемақысының қымбат екендігіне қатысты айтылды)



8 шілде 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Осы жағымпаздықты қайдан үйренгенсің?.. «Нұрлан Плаза» деп қой атауын. Жарайды, шешерміз оны.

(Астанада салынып жатқан «Мега Плаза» сауда орталығының атауы президентке ұнамағандықтан оны «Нұр Плаза» деп өзгертуді ұсынған бизнесмен Нұрлан СМАҒҰЛОВҚА қарата айтылған)



1 шілде 2014

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жанар БЕКБАНОВА:

– Ғашықтық пен масайраған күйде болса да, заңды жағын естен шығармауы керек.

(Ресми тіркеусіз неке қиюдың сәнге айналғаны жөнінде қарағандылық әйелдермен болған кездесу кезінде айтылды)



24 маусым 2014

Денсаулық сақтау министрі Салидат ҚАЙЫРБЕКОВА:

- Қалтасынан ақшаны қайта-қайта шығармас үшін және дәрігерлерді азғырмас үшін әркім (тегін медициналық көмек тізімін) өзі білуі тиіс.

(«Нұр Отан» жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесте айтылды)



17 маусым 2014

Ұлттық банк төрағасы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ:

- Тығырыққа тірелдік деген не сөз? Несие алмауға да болады ғой, тоңазытқышсыз да өмір сүруге болады.

(«Нұр Отан» парламенттік фракциясының жиналысында айтылған)



10 маусым 2014

АМУ ректоры Бейбіт МАМЫРАЕВ:

- Егер балалар осы кезден бастап белгіленген тәртіпті айналып өткілері келсе, бұл қауіпті үрдіс... Біз оларға заңды бұзуға болмайтынын түсіндіруіміз қажет.

(ҰБТ тапсырудың бірінші кезеңінен соң айтылған)



3 маусым 2014

Саясаткер, қоғам қайраткері Әміржан ҚОСАНОВ:

 Біріккен «Азат» ЖСДП-ын тіркегісі келмеген Әділет министрлігінің ұстанымын пайдаланып, әріптестеріміз өмірін құрбан еткен оппозиция бірлігінің мүддесін сатып кеткендермен бірге отыру қисынсыз деп есептеймін (оның үстіне мені онда ешкім шақырған жоқ)!

(Ж.Тұяқбайдың бастамасы бойынша Азаматтық кеңес құру жөнінде Facebook-те айтылған)



28 мамыр 2014

ҚР ЭСҚКА департаментінің бастығы Олжас БЕКТЕНОВ:

- Парамен қасақана арандату – бұл, біздің ойымызша, қаржы полициясы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметкерді әдейі заңсыз сыйақы ұсыну арқылы арнайы тексеру элементі... Оны (параны) алған жағдайда бұл мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босатуға негіз болады.

(«Астана» телеарнасына берген сұхбатында айтылды)



20 мамыр 2014

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

- Жер телімдері тек Қытай Халық Республикасының азаматтарына ғана емес, Ресей мен басқа шетел азаматтарына (жалға) берілді. Сондықтан, біз мұнда алып бара жатқан проблеманы көріп отырғанымыз жоқ.

(Астанада өктен брифингте айтылды)



14 мамыр 2014

ҚР Қорғаныс министрі Серік АХМЕТОВ:

– Қазақстан Республикасы бірде-бір мемлекет өзіне ықтимал қарсылас болып табылмайды деп есептейді.

(Министрдің блогына түскен сауалға берген жауабынан)



6 мамыр 2014

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат МӘМИ:

- Мен кез келген жұлдыз жорамалға сенбеймін... 9 мамыр мен үшін киелі күн және ол менің туған күнім болғандықтан емес. Бұл біздің ата-бабаларымыздың, соның ішінде менің майдангер әкемнің (Брест қамалын қорғаушылардың бірі) Жеңіс Күні. 

(Осы жылдың 5 мамыры күні «Zakon.kz» ақпарат агенттігіне берген сұхбатынан)



29 сәуір 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Мен экология министрі Қаппаров пен әкімдікке осы мәселені шешуді тапсырған болатынмын. Енді басқа нұсқаға қарағанда 370 млрд теңге қажет екен. Мұндай министрлермен мемлекет тақырға отыруы мүмкін. Тәбеттеріңді басып, нысандарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етіңіздер.

(Астананы дамыту жөніндегі сумен қамту жобалары туралы айтылды)



22 сәуір 2014

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Жақында, сәуірдің басында Ресейдің Псков облысына қарасты Невель қаласының орталық көшелерінің бірін 1944 жылы осы жерде көмілген жерлесіміз, павлодарлық Әбілхайыр БАЙМОЛДИННІҢ атымен атады.

(Қазақстан халықтары ассамблеясының ХХI сессиясында айтылды)



15 сәуір 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Белгілі бір саяси өзгерістер орын алса, ақшасы бар бизнесмендерді алқымынан алып, ойларына келгенін жасатады.

(1 маусымға дейін капитал рақымшылығы туралы заң жобасын дайындау туралы айтылған)



9 сәуір 2014

«“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат ИБРАГИМОВА:

– Қазақстанда кәсіпкер болатын адам – нағыз патриот. Ол өзіне табыс тауып, басқаларға жалақы төлеу үшін тәуекелді қызмет саласымен шұғылданатын адам.

(«Эксперт  - Батыс  Қазақстан»  І Аймақтық инвестициялық-экономикалық форумында айтылды)



1 сәуір 2014

Украина президенттігіне үміткер, экс-премьер Юлия ТИМОШЕНКО:

– Мен Украина Қырымнан айырылды және онымен келісу қажет дегенді қабылдамаймын. Мен мұнымен ешқашан да келіспеймін.

(29 наурызда «Батькивщина» партиясының съезінде айтылған)



25 наурыз 2014

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– ...біз бәріміз Украинаға, яғни 5 АЭС, 15 атом реакторы жұмыс істеп тұрған және ракеталық технологиялар саласында әлеуеті бар елге ядролық мәртебені қайтару жөніндегі кейбір саясаткерлердің жауапсыз мәлімдемелеріне үлкен алаңдаушылықпен қарауымыз тиіс.  

(Гаагадағы ядролық қауіпсіздік бойынша өткен Саммитте айтылған)




Страницы:1...67891011

предыдущаяследующая