Атырау, 2 сәуір 19:55
Түнде бұлыңғыр болады+7, таңертең +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 448.52  € 490.32  P 5.69

Барлық дәйексөздер

22 қараша 2016

«Арлан» ҮЕҰ-ның жетекшісі Макс БОҚАЕВ:

- Бұл қылмыстық істің барлық 73 томы – макулатура.

Азаматтық белсенді Талғат АЯНОВ:

Менің ар-намысым таза, мен кінәлі емеспін.

(«Жер митингілері» туралы іс бойынша сотта айтылған соңғы сөздері)



15 қараша 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Біздің әйелдерімізге Парижге барудың керегі жоқ. Астананың кез келген дүкеніне кіріңіз, онда бәрі бар. Әлемде бар бүкіл мейрамханалар, асүйлер осында.

(Астана клубының отырысында айтылған)



8 қараша 2016

Ағасының қорғаушысы Жанаргүл БОҚАЕВА:

- Сіз маған «сөйлеуге мұрша бермедіңіз» деп ескертуді жиі жасағаныңыз сондай, мен тіпті өзімді қораш сезіне бастадым.

(«Жер митингілері туралы» іс бойынша өткен сот отырысында айтылған)



1 қараша 2016

Атырау қаласы маңындағы ресейлік әскери бөлімнің командирі, полигон бастығы Василий ЗАДОРОЖНЫЙ:

- Енді ату үшін бізге осыншама жерді ұстаудың қажеті жоқ. Қазір Ресейдегі әскери техника деңгейі сіріңке қорабына да дәл тигізуге мүмкіндік береді.

(Сынақ полигондарына арналған аумақ туралы «АЖ»-да айтылған)



25 қазан 2016

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ:

- Грузияға иә, бардық. Бірнеше рет біздің қызметкерлер де барып келді. Онда тек барлық полицейлерді жұмыстан шығарып жіберіп, жалақыны екі есеге көтерген де, қызметкерлерді жаңадан жұмысқа алған. Мінеки, біз соған баруға дайынбыз. Иә, бәрін жұмыстан шығаруға.

(Жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша парламенттегі тыңдауларда айтылған)


18 қазан 2016

«Шымкент сыра» зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар ТӨЛЕШОВ:

- Талғат Аянмен де, Макс Боқаевпен де өз басым ешқашан кездескен емеспін. Талғатпен менің бір жолдасым жұмыс істеді, бірақ, мен оның есімін атай алмаймын. Ол Атырауда тұрады, қарапайым жұмысшы, оның басына проблема туындағанын қаламаймын.

(«Жер митингілері» туралы іс бойынша сотта айтқаны)



11 қазан 2016

ҚР-ның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, ақын, жазушы-әдебиеттанушы Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ:

- Мен Сейітқазыны бұрыннан білемін және онымен болған жайт мені, әрине, күйзелтті. Өйткені, бұл тек қана оның басына түскен іс емес, бұл барлық жазып жүрген бауырлардың, журналистердің басына түскен іс. Мен өзімді де журналистпін деп есептеймін (1962-1971 жылдары О.Сүлейменов «Казахстанская правда» газеті мен «Простор» журналының қызметкері болған).

(Қазақстан журналистер Одағының басшысы С.Матаевқа қатысты үкім туралы айтылған)



4 қазан 2016

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы және Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы МАТАЕВ:

- Бұл қойылым, фарс. Кімнің мүддесі көзделіп отырғанын өздеріңіз білесіздер... Билік ауысқаннан кейін люстрация болады деп ойлаймын, сол кезде білетін боласыздар.

(Сотта оған және ұлына қатысты үкім жарияланар алдында айтылды).

Люстрация – бұрынғы режимнің репрессиясымен байланысты тұлғалардың мемлекеттік қызметке және құқыққорғау органдарына қызмет етуге жіберілмеуі.



27 қыркүйек 2016

Балабақша меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Ирина СЕРОУС:

- Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Елбасының Қостанайға әр сапары – біз үшін мереке - «Нұрлы күн». Нұрлы күн – бұл ең шуақты, ең жарқын күн. Сіздің әр келгеніңіз табиғатты да қуантады.

(Н.Назарбаевтың Қостанай облысында жұртшылықпен кездесуі кезінде айтылды)



20 қыркүйек 2016

«Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Атырау филиалының төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Салтанат РАХИМОВА:

– ...санитарлық талаптарға сәйкес, 2-3 жастағы топтарда бала саны 20 баладан, ал 3-4 жастағы топтарда – 25 баладан аспау керек. ...Көбінесе Атырау қаласындағы балабақшаларда 40-50, ал кейде 60 баладан бар екенін байқаймыз. ...(Ғ. Мұратбаев атындағы) мектепте 280 баланың орнына 544 бала оқиды. Спорт залы оқитын сынып ретінде берілген. Мұғалімдер бөлмесі жоқ. Педагогтар баспалдақты шеремен бөліп тұрған дәлізде отыр. Жаңбыр жауған кезде бүкіл сыныптың төбесінен су ағады. Мектеп Еркінқала-Атырау трассасынан екі жүз метр жерде орналасқан. Мектепке баратын жол жоқ. Лайсаң күндері мектепке жету өте қиын.

(Атырау қалалық мәслихат сессиясында айтылған)



13 қыркүйек 2016

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы кеңесінің төрағасы Евгений ЖОВТИС:

– Бұл жоғарғы сот кеңесі, сот төрелері үшін оның біліктілігін қарастыруға негіз бола алады. Егер тергеушінің туысы болып табылатын сарапшының жасағанын қолдануға жарамды деп тұрса, ...судьяның біліктілігі қаншалықты болуы мүмкін?

(Матаевтар ісі бойынша Астанадағы сот процесі туралы айтылған)



6 қыркүйек 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Қазақстандықтарға көрсетіңіздер. Кеше бізге арналған концерт күшті әсер етті, керемет! Суда қойылған «Лебединое озеро» спектаклінде бәрі жалаң аяқ суда билеп жүр, су бұрқақтарын қолдарымен жасады.

Бәрі жүзіп жүр: оркестрлер де, орындаушылар да суда қалқып жүр.

Бәрі ғажап болды...

(Қытайдағы G20 саммитінен кейінгі гала-концерт туралы брифингте айтқаны)



30 тамыз 2016

Атырау облысының табиғат қорғау прокуроры Владимир МАЛАХОВ:

- «Кеңейтілген тізімге» келсек, экологтардан дәл кімді тексергелі жатқаны туралы мәліметтерді алған соң, бірден рұқсат етеміз. Тіпті өзім де сол тексеруге қосылуға әзірмін.

(Уланған ауа туралы «АЖ» жарияланымында айтылған)



24 тамыз 2016

Тіркелмеген «Алға» партиясының бұрынғы көшбасшысы Владимир КОЗЛОВ:

- Абақтыға түскен жанның емес, сол қапаста жігері жасыған адамның жағдайы қиын. Қалғандарының барлығын емдеуге болады, толыққанды өмір сүру үшін өзімді қалыпқа келтіруге белгілі бір уақыт керек шығар.

(Шартты-мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаннан кейінгі баспасөз конференциясында айтылды)



16 тамыз 2016

Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі Мұхтар ТАЙЖАН:

- Мұндай шешiм (Жер кодексіндегі 2015 жылғы қарашадағы өзгерістерге мораторийді ұзарту туралы. - «АЖ») қабылданса, онда халықтың көңiлiнен шығады. Ал бес жылдан кейiн аман болсақ, бұл мәселені тағы да қарастыруға болады».

(Астанада өткен комиссияның соңғы отырысында айтылған)



9 тамыз 2016

ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ:

- Мәселен, Қазақстаннан тысқары, Ұлыбританияда, Фарнборо қаласында өткен форум аясында (ҚР-да жұмыс жасайтын шетелдік мұнай компанияларының – «АЖ») ірі құрылыс келісімшарттарына қол қою әрекеттері. Біз олардың жолын кестік.

(Премьер-министрдің Атырауға сапары барысындағы кеңесте айтылды)



2 тамыз 2016

Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек АТАМБАЕВ:

- Бұл абсурд. Егер сондай ақылды болса, неге өз елдерінде төңкеріске жол берді? Әрине, біз барлық кеңестерді тыңдап, ақпаратты тексереміз. Ал, бізді қорқытып немесе оқытып керек емес. Қорқа-қорқа батыр болғанбыз біз.

(Түркияның СІМ басшысының ҚР-ның жекеменшік мектептерінде «Гюлен бандасы» бүлік дайындап жатыр деген мәлімдемесіне орай айтылған)



26 шілде 2016

«Әділ сөз» қорының президенті, ҚР Журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы Тамара КАЛЕЕВА:

- Менің Сізбен кездесу туралы жазған өтініштерім жауапсыз қалып отыр. Мүмкін Сіздің жұмыс кестеңіз өте тығыз болар... Бізге баяғыда БАҚ туралы сапалы жаңа заң керек... Алайда жаңарта ма десек, ескіні қайта жамауды ұсынып отыр.

(Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевқа жазған ашық хатынан)



19 шілде 2016

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

– Өкінішке орай, билік бұл қауіпті өте кеш сезінді. Шамамен 2000 жылдардың ортасында өте көп уақыт жоғалттық. Қазақстандық азаматтардың көпшілігі радикалды идеологияның ықпалында қалды. Қазір біз осының жемісін көрудеміз.

(Алматыдағы терактіге қатысты «Қазақстан жаңалықтары» АА-де айтылды)



12 шілде 2016

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан КАРАСЕВ:

- Айдап салу акциялары мен жаппай тәртіпсіздіктермен қатар ол (Төлешов) қазіргі билікке ультиматум қойып, өзін вице-президент етіп сайлауды талап еткісі келген, ал кейін ел басқаруды жоспарлаған.

(Баспасөз конференциясында айтылған)



5 шілде 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Мынадай өзбек мақалы бар: «Қол қусырып қарап отырғаннан, жұмыс істеген артық» деген.

(Телекөпір режимінде өткен кеңесте айтылды)



28 маусым 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Қайдан келгені белгісіз біреудің келіп отыруы, губернатордың өзімен бірге бір топ адамды алып келуі деген жоқ. Бұл бірінші тоқсанның өзінде-ақ 10 есе төмендеді.
(«Россия 24» телеарнасына берген сұхбатынан алынды)



20 маусым 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Сіздер неге Қазақстанда әйел адам президент бола алмайды деп есептейсіздер?... Әрі президент болуға дайын әйелдер бар.

- Мен де (олардың) кейбіреуімен таныспын, - деді РФ президенті Владимир ПУТИН.

(Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда айтылды)



14 маусым 2016

ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Дәулет СЕМБАЕВ:

- 5-7 жылдан соң ақшаны (БЖЗҚ) толтыру қажет болғанда, Қарағұсова парламентте болмайды.

(exclusive.kz-ке берген сұхбатынан)



7 маусым 2016

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

- Билікке алаңдарға митингіге шыққандардың қолдарын бұрап қамап, жер-жерден майдан көрудің орнына нағыз экстремистерді ұстау керек еді...

(Ақтөбедегі терактілерге қатысты айтылған)



31 мамыр 2016

ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы Құсайын ИГЕМБАЕВ:

- Орал мен Атырауда бейбіт шеруді желеу ете отырып, билікке күш қолдану, оның ішінде қару қолдану арқылы қарсы шығуға дайындықтар жасалған. Арандатушылардың әрекеттері өзара келісілген сипатта болғаны туралы мәліметтер бар.

(21 мамырдағы өтпей қалған митингтерге қатысты айтылды)



24 мамыр 2016

Ғатау-Ғали БОХАН:

- Қайда бара жатырмыз? Мемлекет өз халқына қарсы бола алмайды, бұл сұмдық нәрсе.

(Облыстық әкімдікте өткен қоғамдық кеңесте айтылған)



17 мамыр 2016

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ:

- Бәрі де қалай әрекет ететіндеріне байланысты. Егер митинг келісілмеген жерлерде өтетін болса... Бұл көліктің жұмысына кедергі болады. Әрине, бұл жағдайда біз шарасын аламыз.

(21 мамыр күні еліміздегі митингтер туралы қауесеттерге байланысты айтылған)



10 мамыр 2016

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Егер парламент талқылаудан соң ортақ шешімге келсе, онда мораторий алынып тасталады, егер олай болмаса – ол өз күшінде қалады.

(Жер кодексіндегі өзгерістерге енгізілген мораторий туралы айтылған)



3 мамыр 2016

ҚР ҰЭМ-нің департаменті директорының орынбасары Гүлжаһан БИМЕНДИНА:

- Мәселен, егер бірлескен компаниялардың қазақстандық үлесі 70 пайыз (яғни 50 пайыздан жоғары), ал, шетелдік тарапының үлесі 30 пайызға тең болса, онда компания аукциондарға қатыса алады. Бірақ, бұл компаниялар бақылауда болады.

(Атырауда Жер кодексіне қатысты өткен брифингте айтылды)



26 сәуір 2016

Экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:

– Жер кодексі өзгертілуі тиіс деп есептеймін. Оған жерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар шетелдік құрылтайшылар құрамындағы заңды тұлғаларға сатуға тыйым салатын тармақ енгізу керек. ...Жалға беруге рұқсат етуге болады, бірақ тек Қазақстанмен ортақ шекарасы жоқ елдердің азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана.

(«Ақ Жайық» газетіне берген сұхбатында айтылды)



19 сәуір 2016

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж КРОЛ:

– Ал Америкада дағдарыс бар ма?

– Жоқ, жоқ, тіпті, керісінше, экономика өркендеуде. Біздің экономика гүлденуде, өткен жылы 700 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнайдың төменгі бағалары тіпті ынталандырады, әсіресе, газдың бағалары төмен, сондықтан біз қазір экономиканы ауқымды газдандыруға көшудеміз. Арзан доллар бізге тауарларымызды көбірек экспорттауға мүмкіндік береді.

(«Ақ Жайық» газетіне берген сұхбатынан)



12 сәуір 2016

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Оларға қабылдау талонын бересіздер, бірақ қабылдау уақытын жазбайсыздар, әрине содан кейін кезек те болады, шағым да болады... Жүкті әйелдер де, сәбиін көтерген аналар да, қарттар да... бәрі дәлізде тұр. Емханаға облыс әкімі келіп, орындықтар қою керектігі жөнінде айтуы тиіс пе?

(Құлсары қаласында айтылған) Дереккөз: informburo.kz



5 сәуір 2016

Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ:

– ...12 көшпелі және 9 стационарлық қосындар ұйымдастырылады. 9 патрульдік өзен катері, 12 шағын кеме, 21 бірлік көлік құралы жұмылдырылды, сондай-ақ әуе көлігі тартылмақ. «Ақжайық» резерватының аумағында мобильді рейд топтары жұмыс жасайтын болады.

(Екіайлық балық қорғау акциясына орай өткен баспасөз конференциясында айтылды)



29 наурыз 2016

ҚР премьер-министрі Кәрім МӘСІМОВ:

- Кеше ол (Ізмұхамбетов) Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. Осыған байланысты, Сізді, Бақтықожа Салахатдинұлы және облыстың барша тұрғындарын құттықтаймын.

(Атырау облысында өткен жұртшылық жиналысында айтылды)




Страницы:1...3456789...11

предыдущаяследующая