Атырау, 12 шілде 01:39
Таңертең ашық+38, күндіз +40
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 410.70  € 465.28  P 5.80

Барлық дәйексөздер

22 қазан 2013

Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

- Қазір билік жаңа радикалды ағындарды болдырмау үшін болашақта «джихадшы» болуы мүмкін адамдарды жіті бақылауға алулары керек... Араб елдеріне кетіп үлгергендерді кері қайтару оңай болмас. Қазақстандық арнайы қызметтерді елден кеткендер көп алаңдатпауы тиіс, өйткені салдармен емес, себептермен күресу қажет. Ең бастысы, бұл жағдайда осы радикалдардың елімізге терактілер жасау үшін қайта оралуына жол бермеуіміз керек.

(total.kz сайтына берген сұхбатынан)



15 қазан 2013

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Ақтөбе облысында бір жыл ішінде салынған бірдей мектептер құрылысының  бағасында 130 миллион теңге айырмашылық бар... Атырау облысында бірдей емханалар құрылысының құнындағы айырмашылық жарты миллиард теңгені құрайды. Қабылдайтын сырқаттар саны да бірдей. Қайда кетті ол ақша? Мемлекеттің ақшасын менен басқа қарайтын адам жоқ па бұл елде?

(11 қазанда үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды)



8 қазан 2013

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан ҚАППАРОВ:

- «Протон» бойынша біз ресейлік тарап алдына экологиялық қауіпті «гептил» отынына негізделген зымырандарды ұшыру санын азайтуға кірісу, экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза отынға көшу туралы мәселе қойып отырмыз. Бұған қоса, ресейлік тараппен талқылау аясында, біз «Байқоңыр» аумағына Экологиялық кодекс күшінің таралуы туралы да мәселе қойдық.

(Байқоңырдағы экологиялық ахуалға қатысты айтылды)



2 қазан 2013

«Ақ жол» партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВ:

- Мүлікке салық салуда тек тұрғын үй алаңының көлемін есепке алу дұрыс емес. Қазақтардың тума-туыстарының саны тұрғын үй алаңына сайма-сай болады. Үкімет байларға салынатын салық туралы айтып, орта дәулетті адамдарға күш салады. Мәселен, 150 шаршы метр алаңы бар пәтерде төрт баласымен тұратын адам бай болып есептелмейді.

(Салық салу туралы заң жобасы жөнінде айтылған)



25 қыркүйек 2013

Облыс әкімінің құрылыс жөніндегі орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВ:

Құрылыс (Жаңақаратондағы балабақша) біздің бастамамызбен тоқтатылды. Өйткені облыстық бағдарлама бойынша 280 орындық осындай балабақшаларды біз 430 млн теңгеге саламыз. Ал ТШО-да бұл 1,2 млрд теңгеге шығады.

(20 қыркүйекте облыстық мәслихат сессиясында айтылды)



18 қыркүйек 2013

Зейнеткер Қали ӘУБЕКЕРОВ:

- ТМРА мен коммуналдық-тұрмыстық, электрмен қамту тұрмыстық қызметтерін көрсету монополистері тұлғасындағы жеке бизнес халықты, шағын және орта бизнесті өз қызметтерін қосымша инвестициялық тариф арқылы қаржыландыруға мәжбүрлеуде. Соңғы төрт жылда халық пен шағын және орта бизнестің төлеген мәжбүрлі инвестициялық «қосымша ақылары» 1 триллион 21,9 миллиард теңгені құрады. Бұл ақшалардың қайда кетіп жатқаны нағыз инвестор – халыққа - белгісіз.

Газбен қамту мен оған техникалық қызмет көрсетуді бөлуге болмайды» авторлық жарияланымында айтылған)



11 қыркүйек 2013

Кәсіпкер, ерікті Асылтек ЕСБОСЫНОВ:

Егер НКОК («Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.») компаниясы зауыт аумағында бөтен адамдардың болуынан қауіптенсе, шыбықтарды зауыт аумағының сыртына отырғызуға рұқсат берсін. Біз бәрібір тал егеміз...

(НКОК-тың Қарабатан маңында «көк белдеу» жасаудан бас тартуына байланысты айтылған)



4 қыркүйек 2013

ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан депутаты Владислав КОСАРЕВ:

- Біз бірқатар салықтарды көтеруге бағытталған заң жобасын қолдамаймыз. Мемлекет бюджетке еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті кеңейту және еліміздің қазба байлықтарын пайдалану арқылы ақша табу жолдарын табу керек. Экономиканы көтеру қажет, ал салықтарды өсіруге асығу - кешегі күннің жұмысы. Біз (ҚКХП депутаттары) мұны талқыға салып, басқа тәсілдерін табамыз.

(2 қыркүйекте парламент отырысының үзілісінде айтылды)



27 тамыз 2013

«Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес ҚОСЫБАЕВ:

- Олар үш қазақты алғанша, бір қытайлықты алғанымыз жақсы дейді. Алайда олар біздің еліміздің тапсырысы бойынша жұмыс жасап, осы жерден табыс тауып отырғандықтан, жергілікті кадрларды дайындап, жұмысқа орналастыруға міндетті.

(Жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде өткен партия жиналысында айтылды)



22 тамыз 2013

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Қаралы адамдай қара жамылып жүреді. Олар бұл түрлерімен не айтқылары келеді? Ешқандай білімдері де, тәрбиелері де жоқ. Олардың болашағы қандай болмақ?

(Жастар мәселелеріне арналған кеңесте айтылды)



13 тамыз 2013

Атырау қаласының №1 емханасының Бас дәрігері Еркінбай Қуанов:

– Болашақта, егер шағымдар негізді болса, бізді айыппұлдық ықпалшаралар күтеді. Осы реформаның басты мақсаты – медициналық мекемелерде қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Себебі, осы кезден бастап, медициналық мекемелердің қаржылық әл-ауқаты  және әрбір маманның табыс көзі осыған тікелей байланысты болады.

(Мемлекеттік медициналық мекемелерді жеке меншікке беру турасында айтылған)



7 тамыз 2013

«Арлан» ҮЕҰ-ның жетекшісі Макс БОҚАЕВ:

«...Үлкен бизнес құрған, әлеуметтік жауапкершілігі бар отандық «меңдіғазиевтер» президенттікке, әкімдікке, депутаттыққа сайлана бастағанда ғана, біздің қоғамымыз феодалдық, индустрияланудан бұрынғы керзаманнан құтылып шықты деп айта аламыз».

(Оралдық кәсіпкер Барлық МЕҢДІҒАЗИЕВ пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ арасындағы жанжал турасында айтылған)



30 шілде 2013

Жайық-Каспий бассейні су шаруашылығы инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВ:

- Жайықтағы су деңгейінің азаюынан оның сапасы да төмендейді. Облысымыздың кейбір елді мекендерінде өзен суы тазаланбай-ақ ауыз суға пайдаланылады, ал бұл жағдай жұқпалы аурулардың туындауына себепші болады...

(24 шілде күні трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Ресей біріккен комиссия отырысында айтылған)



23 шілде 2013

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВ:

- Ресейде «500 ферма» бағдарламасы бар. Ол бойынша кәсіпкер шығынының 50%-ы өңірлік бюджет есебінен бірден өтеледі. Осыған ұқсас механизмдер бізде де енгізілетін болады. Қаражат салған инвестор нысанды қолданысқа берген бойда жұмсалған капиталдық қаражаттарының бір бөлігін бюджеттен қайтарып алады. Ал кепілдік базасының жетіспеушілігіне келетін болсақ, шаруалар үшін несиелік тәуекелдерді сақтандыру шығындары сақтандыру сертификаттарын беру арқылы субсидияландырылатын болады. Яғни, банкке кепілзат емес, осы тәуекелді сақтандыру туралы сертификат ұсынылады.

(20 шілде күні Атырау облысына жұмыс сапары кезінде айтылды)



16 шілде 2013

Республикалық балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Әзиз ШОТҚАРАЕВ:

- Бір қайыққа үш вентер нормасын белгілеуге болмайды. Бұл дұрыс емес, өйткені 20-30 келі балық шығындарды жаба алмайды. Қиғаш өзенінің ресейлік бөлігінде бір қайық 50 вентерге дейін салады. Бұл бір қайықтағы екі балықшының 2-3 сағаттық жұмысы. Жүргізілген талдау балық аулау кооперативтері көктемгі балық аулау маусымында жылға берілген лимиттің тек 1/4 бөлігін ғана игергенін көрсетті. Лимиттің қалған бөлігін күзгі маусымда орындау мүмкін емес деп жауапкершілікпен мәлім ете аламын.

(Атырау қаласында Балықшылар мерекесін тойлау кезінде айтылған)



9 шілде 2013

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР президенті:

"Бір адамға үйреніп те қалатын кездер болады, «ол кетсе, ертеңгі күніміз не болады?». Ештеңе де болмайды! Біз адамдар арасында мәдени қарым–қатынасты тәрбиеледік, бүгінде қазақстандықтардың мүлдем жаңа буыны өсіп келеді, ол өркениетті елдің қалай жұмыс істеп, өмір сүретінін көрді. Мен бәрі де жақсы болады деп ойлаймын".

("Назарбаев.Live" деректі фильмінде Қазақстандағы билік сабақтастығы туралы сұраққа берген жауабынан)



2 шілде 2013

Каспийді құтқару қорының сараптамалық кеңесінің мүшесі Серікжан МӘМБЕТАЛИН:

- Екі сағат бойы Би-Би-Си жаңалықтарын қарадым. Барлық жаңалықтар бар, тек Кэмерон мен Қазақстан туралы жоқ. Ұлыбританияның қоғамдық теледидары премьер-министрінің сапары туралы еске салғылары да келмейді.

(Фейсбукте айтылған)



26 маусым 2013

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВ:

Біз Солтүстік Каспий мұнай төгінділеріне экологиялық қарсы әрекет ету базасын (СКЭӘЕБ) салу үшін қолайсыз жерді таңдадық – бұл менің бұлжымас пікірім. Мен бұл туралы ашық айта аламын. Каспийдің солтүстігі жарты жыл бойы мұз құрсанып жатады, ал егер ашық теңізде апат бола қалса, ол жерге ешкім бара алмайды.

(Атырау қаласында «Каспий қайраңын дамыту» тақырыбында өткен жыл сайынғы ІІІ конференцияда айтылды)



19 маусым 2013

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Бүгінде облыста жалпы сомасы 1,4 триллион теңге болатын 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда... Биыл облысымызда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс жүргізілетін болады. Атап айтсақ, егер былтырғы жылы картоп 57 гектар жерге егілсе, биыл оны 958 гектарға дейін арттырдық. Көкөністерді отырғызу 300-ден 1 600-ге дейін жеткізілді. Елбасының тапсырмасы бойынша шаруалардың егін еккен әр гектарлары үшін субсидиялар беріледі. Сонымен қатар, облыстық әкімдік  азық-түлікті тұрақтандыру қорына арналған өнімдерді шаруалардан сатып алуға фьючерстік шарттар жасады.

(13 маусымда Махамбет ауданы Бейбарыс селосында айтылған)  



12 маусым 2013

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

Осы «әйгілі болған» заң жобасын мақұлдаған парламентті тарату туралы мәселе көтеру керек. Өйткені президент айтқан сын халық даусына құлақ түрудің орнына үкіметтің аузына көп қараған депутаттарға да жанамалай айтылды ғой.

(Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовты лауазымынан босату турасында айтылған)



5 маусым 2013

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға НАЗАРБАЕВА мемлекеттік еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыруды тоқтатуды ұсынды:

- Қажетті нормативтік-құқықтық стандарттар соңына дейін дұрыс жасалмаған. Білім беру мекемелері елге қажетті жақсы мамандарды шығаруға дайын емес. Нәтижелерге объективті талдау жасау және оларды бағалау ақпараттық жүйенің нашар жұмыс жасауынан мүмкін болмай отыр, шынайы статистика жоқ. Салынған қаражаттар мен күштердің тиімділігі төмен. Үкіметте оны орындау жұмыстарында өзара келісім жоқ.

(Үкімет сағаты барысында айтылды)



28 мамыр 2013

«Глобус» ҮЕҰ-ның төрағасы Галина ЧЕРНОВА:

Халық сіздерге жүгінуге асықпайды, өйткені сіздер ештеңе шеше алмайсыздар... Сессиялар жоспарланған кесте бойынша өтсе де, барлық құжаттар отырыс алдында ғана дайындалады және өздерінің бұл құжаттарды түсінуге, зерделеуге, тіпті жай ғана ақпараттармен танысып-білуге еш мүмкіндіктері жоқ екендігі жөнінде депутаттардың өздері маған талай шағымданған.

(22 мамырда жергілікті мәслихаттар депутаттары мен бірқатар ҮЕҰ өкілдері қатысуымен өткен семинарда айтылды)



21 мамыр 2013

«Атамекен» ҰЭП Атырау филиалының директоры Асылбек ЖАКИЕВ: 

- Шаштараз немесе асхана орналасатын шағын пәтерде жылу қуатына төленетін ақы табыстың 50 пайызына дейін жеп қояды. Сондықтан да көпшілігі жабылуға мәжбүр. Жеке кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттің басымдықтарының бірі емес пе? Жеке кәсіпорындар жұмыссыздықты азайтып, салық төлейді ғой. Монополияшылар ЖК-лерге заңды тұлға ретінде қарайды. Алайда ҚР-ның «Қуатты үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру туралы» заңында мұндай нормалар жоқ.

Сонымен қатар, азаматтық заңнамаларға сәйкес, жеке кәсіпкерлер заңды тұлға болып саналмайды.

(2013 жылғы 14 мамырда Атырау қалалық прокуратурасында кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар және монополияшылардың кездесуінде айтылды)  



15 мамыр 2013

«Нұр Отан» ХДП-ның Атырау қалалық филиалы төрағасының орынбасары Серік БАЙМҰҚАШЕВ:

- Менің өзіме бірнеше рет телефон соғып, қорқытпақшы болды. Біз барлық материалдарды қаржы полициясы мен прокуратураға жібердік. Онда 3-4 ірі қылмыстық іс фактілері жиналған деп ойлаймын. Мен көктемгі балық аулау маусымы аяқталуына байланысты 8 мамырдан бастап партиялық бақылау бекетін жабу туралы бұйрыққа қол қойдым. Егер партия браконьерлермен күресті жандандырамыз десе, біз келісеміз. Біз енді нағыз «балықтың» қайда екенін білеміз.

(Жайық-Каспий бассейніндегі партиялық бақылау бекетін жабу туралы айтылған)



8 мамыр 2013

Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ:

«Қазіргі уақытта біз қоқыс тастайтын жердегі өрт кезінде біздің мамандар анықтаған жан түршігерлік фактілері бар материалдарды, міне, үшінші рет сотқа ұсынып отырмыз. Мысалы, сынап құрамы рұқсат етілген нормадан 10 есе артқан, ал бұл – онкология. Біз осы ауаны күнде жұтып жүрміз. Егер судья тағы да айыппұлмен шектелсе, қоқыс төгетін жердің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағанша төртінші, оныншы рет ұсына береміз».

(«Ақ Жайық» газетіне берген сұхбатында айтылды)



1 мамыр 2013

Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағының төрайымы Әлия БЕКҚОЖИЕВА:

Осы ауадан табылған табыстар қайда кетіп жатыр? Инвестициялық бағдарламада үстеме пайда есептеле ме, жоқ па?

(АЖЭО-ның жоғары тарифтерін талқылау жөніндегі жеке кәсіпкерлерге арналған дөңгелек үстелде айтылды)



24 сәуір 2013

Облыстық экология департаментінің бастығы Ербол ҚУАНОВ:

Соңғы алты жылда Теңізде нормативтен тыс 720 лақтырынды болған... Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша Жылыой ауданында 2012 жылы 2007 жылмен салыстырғанда тыныс алу мүшелерінің ауруы 21%-ға өскен... 2010 жылы Атырауда АМӨЗ-дің және басқа да өндірістік нысандардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін кешенді зерттеу басталды... Күкіртсутегінің шоғырлануы шекті рұқсат етілген нормадан 140 (!) есеге артты, бұл көбіне түн мезгілінде болды.

(2013 жылғы 18 сәуірде Атырау қаласында өткен ҚОҚМ-ның Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің көшпелі отырысында айтылған)  



17 сәуір 2013

ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама ШАРИФ:

- Біздің қазақтың көшпелі мәдениеті басқа мәдениет түрлерінен өз синкретизмі мен тұтастығымен ерекшеленеді. Біздің ата-бабаларымыз Ислам дінін, ата дінімізді байсалды қабылдаған. Тек бір нәрсені басшылыққа алып, осы дұрыс, қалғаны бұрыс демеген. Олар дінді арнайы бір салаға не өмір сегментіне айналдырмаған. Ислам ешқашан басқа діни-нанымдарға немесе халықтың салт-санасына қарсы қойылмаған. Діни наным-сенімге қажетті құлшылықтарды атқару мен діни білімдері бар ресми діни тұлғалардан қажетті білімді алудан артық уақыт бөлмеген.

(2013 жылғы 12 сәуірде Атырау қаласында өткен «Дін және жастар» конференциясында айтылған)



9 сәуір 2013

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

«Өткен 20 жылда Қазақстан, салықтарды қоса есептегенде, 77 миллиард доллар көлемінде пайда көрді («Теңізшевройл» БК қызметінен). Атырау облысының әлеуметтік дамуына 800 миллион доллар салынды. Бүгінгі күні Атырау еліміздің әдемі қалаларының бірі болып саналады, біз оны Қазақстанның мұнайлы астанасы деп атаймыз».

(ТШО-ның 20 жылдық мерейтойына арналған шара кезінде айтылды)



4 сәуір 2013

«АЖЭО» АҚ-ның президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ:

- Облыста қуатты қозғалтқыш жұмыс жасайтын болады. Сіз қандай автокөлік жүргізгіңіз келеді - «Запорожец» пе, әлде «Мерседес» пе?

(ЖЭО қуаттылығын арттыру мәселесі жөнінде өткен баспасөз конференциясында айтылған)



27 наурыз 2013

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

«Өз айтқан сөздеріңізге мұқият болуларыңызды сұраймын. Егер мен біреулерге қолдау көрсетіп отырсам, қазір көптеген мәселелер басқаша шешілер еді. Ел президенті мені бекерден бекер министрлікке дейін көтермеген болар. Мен мұнай, газ саласында министрге дейінгі барлық сатылардан өткен жалғыз адаммын. Шамыма тие бермеңіздер...»

(2013 жылдың 20 наурыз күні жұртшылық тыңдауы кезінде Солтүстік-Каспий жобасы операторы-компаниясының мүдделеріне қолдау көрсетіліп отыр деген кінәлауға жауап ретінде айтылды)



20 наурыз 2013

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат ОСПАНОВ:

«Бүгінде біз кейбір монополистердің тұтынушыларға негізсіз талаптар қоятынын, тіпті, кейде «кассадан тыс» қосымша төлемақы алатындарын білеміз... Әр облыста ТМРА-ның аумақтық департаменттері бар. Осындай фактілер орын алса, міндетті түрде біздің департаментке хабарласу керек, содан кейін, әрине, біздің мамандар бұған әрекет ету шараларын қабылдайтын болады».

(2013 жылғы 18 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкімет сағатында айтылған)



13 наурыз 2013

ҚКХП-ның бірінші хатшысы, мәжіліс депутаты Владислав КОСАРЕВ:

«Біз дүкенге өз таразыларымызбен бармаймыз ғой, сондықтан да коммуналдық қызметкерлерге есептеу аспаптарын қондыру керек болса, дүкендегі таразыдай өз есептерінен қондырсын да, қызметтерін – жылуды, суды және тағы басқаларын сатсын».

(Астана қаласындағы ТКШ қызметтеріне бағаның өсуіне қарсы шыққан рұқсат етілген митингте айтылды)



6 наурыз 2013

ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат ДОСАЕВ:

- Мен киіп жүрген қазақстандық тауарлар – аяқ киім мен спорттық киім біздің кәсіпорындарда тігілген. Жалпы, жеңіл өнеркәсіптің проблемаларын министрлер есебінен шешу әділдік пе?

(«Үкімет сағатында» депутаттың «шенеуніктер қазақстандық бір нәрсе киеді ме?» деген сұрағына берген жауабында айтылған)




Страницы:1...891011

предыдущаяследующая