Атырау, 2 сәуір 20:26
Түнде бұлыңғыр болады+7, таңертең +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 448.52  € 490.32  P 5.69

Барлық дәйексөздер

18 наурыз 2014

Беларусь президенті Александр ЛУКАШЕНКО:

- Экономика қандай болса да, біз не істесек те, егер елде сыбайлас жемқорлық болса, бұл тат бәрін жеп қояды!

(Украинадағы оқиғаларға қатысты айтылды)



11 наурыз 2014

АҚШ президенті Барак ОБАМА:

– Біз олардың Қырымға басып кіруін айыптадық және жағдайды ушықтырмауға шақырамыз – халықаралық бақылаушылар тез арада сол елге барулары қажет...

(Вашингтондағы Пауэлл атындағы мектепке сапары кезінде айтылған)



4 наурыз 2014

Украинаның премьер-министрі Арсений ЯЦЕНЮК:

- Ресейдің әскери контингенті бүгінде тек Қырым шекарасында ғана қалды... Ресеймен қарым-қатынас тоқырауының шарықтау шегінен өттік. Әскер кіргізу туралы шешім (РФ президентінің – «АЖ») қабылданған жоқ деп айтқан Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің сөзі шындыққа жанасады деп үміттенемін.

(3 наурызда Киевте айтылған)



26 ақпан 2014

ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН:

- Экспаттарға деген қажеттіліктің бары рас. Сәйкесінше олардың жалақысы өз елдеріндегі өмір деңгейімен сәйкес келеді және оған іссапар шығындарын қосыңыз. Бұл жерде мәселе – айырмашылықтың қаншалықты үлкендігінде. Біз бұл мәселені талқылаудамыз және кей жерлерде мамандарымыздың жалақысы шетелдіктермен теңесіп келе жатыр.

(20 ақпанда Оралда БҚО әкімінің есеп беру жиынында айтылды)



18 ақпан 2014

Қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВ:

– Қазіргі парламентті таратып, заңға өзгеріс енгізу қажет және еліміздің парламенттік республика атануына ұмтылуымыз керек.

(17 ақпан күні Атырауда өткен наразылық акциясында айтылды)



11 ақпан 2014

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Атыраудың бизнесмендерiнде сұрақ жоқ, түсіндім.

(6 ақпан күнi кәсіпкерлермен кездескенде айтылды)



5 ақпан 2014

Аслан СӘРІНЖІПОВ, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Аттестация нәтижелері бойынша мемлекеттік жоғары оқу орындары студенттерінің 11%-ы тестілеу кезінде төменгі шектен әрі қарай аса алмады. Жекеменшік шағын жоғары оқу орындарының жағдайы одан да нашар – студенттердің 32%-ы осы асуды бағындыра алмады. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорлары осы жағдайды түзей алатындықтары жөнінде, ал жеке жоғары оқу орындарының құрылтайшылары өз оқу орындарының қоғамға қажеттілігі туралы ойланып, не елдің ортақ стратегиясына, не құрылтайшылардың жеке баюына жұмыс жасайтындықтарын анықтаулары керек.

(31 қаңтарда БҒМ-нің алқа жиналысында айтылды)



29 қаңтар 2014

ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі ЛЭ Юйчен:

- Біздің әртарапты стратегиялық әріптестік қатынастарымыздың мазмұнын байыта отырып, ел мықтылығы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «қытай арманы» мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін бірлесе күш салатын боламыз.

(Қытай Жаңа жылы құрметіне арналған қабылдауда айтылған)



22 қаңтар 2014

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- ХХІ ғасырдағы Қазақстан – талантты, еңбексүйгіш, тағатты халықтың жиырма жылда «нөлден бастап» жасаған елі!.. Сонымен, 2050 жылға дейінгі уақытты жеті бесжылдыққа бөлеміз, олардың әр қайсысы бір мақсатқа – 30 дамыған ел қатарына қосылуға қол жеткізу мәселесін шешеді.

(17.01.2014 күнгі Қазақстан халқына жолдауынан)



14 қаңтар 2014

Экстрасенс Бақыт ЖҰМАТОВА:

- Иә, алайда тек 160 теңгеге дейін, оны (долларды) ұстап қалады. Жалпы, ел валюта ауыстыруға жақындап келе жатыр. Болашақта Кедендік одақтың ортақ валютасы болады деп ойлаймын. 4 миллион теңгеден артық ақшасы бар адамдар өз қаражатын банктерде ұстағаны дұрыс, әйтпесе тоналып қалуы мүмкін... Мен бұл ойындарды (Сочидағы Олимпиадалық ойындар) көріп тұрған жоқпын. Сондықтан да қазақстандық спортшыларға жүлденің ауылы алыс шығар.

(«Мегаполис» газетіне берген сұхбатында айтылды)



7 қаңтар 2014

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Біз православиені ұстанатын отандастарымыздың ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.

(Рождество мерекесімен құттықтау сөзінен)



30 желтоқсан 2013

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат ОСПАНОВ:

- Жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін жеке топтарға бөліп, тарифтерді төмендету мәселесін шешуіміз керек... Монополияшылардың шағын және орта бизнес субъектілеріне техникалық талаптар немесе қосымша қуат беруден кез келген бас тартуларын негізділігі мен заңдылығы тұрғысынан мұқият кері тексеру қажет.

(26.12.2013 күні ТМРА алқа кеңесінде айтылды)



25 желтоқсан 2013

ҚР Ұлттық ҒА академигі Мұфтах ДИАРОВ:

- Инвесторлардың қаржылық құралдарын үнемдеу мақсатында тұрғын үй массивтерінен жүздеген метр жерге жаңа химиялық өндіріс салу адамгершілікке жат және жол беруге болмайтын нәрсе. Осы өндіріске жер бөлген адам құқықтық жауапкершілікке тартылуы керек. Жаңа химиялық өндірістер қаладан алыстатылып, «Болашақ» зауытының арғы жағына салынуы тиіс.

(«Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технобағы» ЕЭА-ның техникалық-экономикалық негіздемесіне қатысты айтылған)



18 желтоқсан 2013

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Астанаға деген махаббат - әрбiр қазақстандықтың Отанымыз Қазақстанға деген перзенттiк сезiмі. Бұл жаңа қазақстандық патриотизмнiң альфа мен омегасы.

(Тәуелсіздік күніне арналған жиында айтылды)



10 желтоқсан 2013

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Маған түнгі екі-үштерде адамдар телефон шалып, иістен ұйықтау мүмкін емес деп шағым айтады. Біз бұл мәселені бірнеше рет көтергенбіз. Бұл иіс қайдан шығатынын, бізді түнде кім улап жатқанын анықтадыңыздар ма?.. Мен мұның себептерін анықтап, жұмыстарын тоқтатыңдар деп үзілді-кесілді талап қоямын. Бұл үшін өзім жауап беремін!

(Облыстық әкімдікте болған жиналыста айтылған)



3 желтоқсан 2013

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шәкіржан МЫРЗАҒАЛИЕВ:

- Атырау облысында 500-ге тарта шетелдік фирмалар мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасайды... Біз олар талап етіп отырған мамандарды дайындап үлгере алмай жатырмыз, сондықтан да шетелдік жұмыс күшін кіргізу тоқтамай отыр. Мен өзім жұмысшыларды кіргізуге квота беретін кеңестің мүшесімін және жыл сайын бізге 10 мыңнан астам адамдар келетінін білемін. Бұл жерде тағы бір даулы мәселе - шетелдік фирмалар бос жұмыс орындарын жариялайды, алайда біздің жұмыссыздар арасынан жіберген үміткерлерімізді жұмысқа алмайды.

(Атырау политехникалық колледжде болған республикалық семинарда айтылды)



26 қараша 2013

Қазақ КСР Экономика институтының бұрынғы қызметкері Сағит ОСПАНОВ (журналистік лақап аты):

- «Халық банкінің Зейнетақы қоры», «Ұлар-Үміт», «Грантум» зейнетақы қорларының акцияларын БТА және «Қазкоммерцбанк» акцияларына айырбастау арқылы «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуы жөніндегі келіссөздерге кім бастамашы болғанын анықтау керек. Өйткені, осы зейнетақы қорларынан азаматтардың міндетті зейнетақы жинақтарын шығарғанда, оларда, шын мәнінде, жарытымды актив қалмайды. Мемлекет, іс жүзінде, құр атауды ғана сатып алайын деп отыр. Мұндай жағдайда Остап Бендер былай деген: «Мен сізге ескі шалбарымды сата аламын».

(ВМЕСТЕ!КЗ сайтында жарияланған «За пенсионные фонды выкуп не дадут» мақаласынан)



19 қараша 2013

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Рауан ШАЕКИН:

- Кінәсі бар премьер-министр ар-ожданы алдында азап шегіп, халықтың табалауынан ұялып, өз өмірін өзі қиса – бұл, менің ойымша, жаман құлық емес.

(ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да болған брифингте айтылған)



12 қараша 2013

Экономист Петр СВОИК:

- Облыстағы ахуал үшін кім жауап береді? Әкімдер. Облыстарға бюджет, заңдар және нұсқаулар арқылы кім бақылау жасайды? Үкімет. Міне, Өңірлік даму министрлігі осы екі «аяқтың» астында ірметіліп, еш пайда әкеліп жатқан жоқ.

(«Время» газетінде «Өңірлік даму министрлігі керек пе?» деген сұраққа берген жауабы)



5 қараша 2013

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл СОЛОВЬЕВА:

- Бюджет үкіметтің қолында. Ол ақша мен қалтаға ие отанасы сияқты болғандықтан, біз әке ретінде айтамыз, тәрбиелейміз, ақшаны анда жою керек, мында жою керек деп ескертіп отырамыз.

(ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте айтылған)



29 қазан 2013

ҚР Көліктік бақылау комитетінің «Каспий» инспекциясының басшысы Самат ҒИЛЫМОВ:

- Өліммен аяқталатын жол апатының «қара жолағын» жеңу үшін облысқа заңсыз таксилерді түбегейлі жою керек деп есептеймін. Басқа облыстарда ауылдарды автобуспен тасымалдау үшін жергілікті бюджеттен демеуқаржы бөлінеді. Біздің облыста аудандық автобус маршруттарына тендерлердің жартысы тиімсіз болғандықтан өтпеді деп танылды. Міне, сондықтан да заңсыз таксилер көбейіп жатыр. Жеңіл табысқа құмарту салдарынан «шумахерлер» аса қатты жылдамдықпен ұшырып жүргізіп, адамдардың ажалына қалады.

(Облыстық әкімдіктегі кеңесте айтылды)



22 қазан 2013

Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

- Қазір билік жаңа радикалды ағындарды болдырмау үшін болашақта «джихадшы» болуы мүмкін адамдарды жіті бақылауға алулары керек... Араб елдеріне кетіп үлгергендерді кері қайтару оңай болмас. Қазақстандық арнайы қызметтерді елден кеткендер көп алаңдатпауы тиіс, өйткені салдармен емес, себептермен күресу қажет. Ең бастысы, бұл жағдайда осы радикалдардың елімізге терактілер жасау үшін қайта оралуына жол бермеуіміз керек.

(total.kz сайтына берген сұхбатынан)



15 қазан 2013

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Ақтөбе облысында бір жыл ішінде салынған бірдей мектептер құрылысының  бағасында 130 миллион теңге айырмашылық бар... Атырау облысында бірдей емханалар құрылысының құнындағы айырмашылық жарты миллиард теңгені құрайды. Қабылдайтын сырқаттар саны да бірдей. Қайда кетті ол ақша? Мемлекеттің ақшасын менен басқа қарайтын адам жоқ па бұл елде?

(11 қазанда үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды)



8 қазан 2013

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан ҚАППАРОВ:

- «Протон» бойынша біз ресейлік тарап алдына экологиялық қауіпті «гептил» отынына негізделген зымырандарды ұшыру санын азайтуға кірісу, экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза отынға көшу туралы мәселе қойып отырмыз. Бұған қоса, ресейлік тараппен талқылау аясында, біз «Байқоңыр» аумағына Экологиялық кодекс күшінің таралуы туралы да мәселе қойдық.

(Байқоңырдағы экологиялық ахуалға қатысты айтылды)



2 қазан 2013

«Ақ жол» партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВ:

- Мүлікке салық салуда тек тұрғын үй алаңының көлемін есепке алу дұрыс емес. Қазақтардың тума-туыстарының саны тұрғын үй алаңына сайма-сай болады. Үкімет байларға салынатын салық туралы айтып, орта дәулетті адамдарға күш салады. Мәселен, 150 шаршы метр алаңы бар пәтерде төрт баласымен тұратын адам бай болып есептелмейді.

(Салық салу туралы заң жобасы жөнінде айтылған)



25 қыркүйек 2013

Облыс әкімінің құрылыс жөніндегі орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВ:

Құрылыс (Жаңақаратондағы балабақша) біздің бастамамызбен тоқтатылды. Өйткені облыстық бағдарлама бойынша 280 орындық осындай балабақшаларды біз 430 млн теңгеге саламыз. Ал ТШО-да бұл 1,2 млрд теңгеге шығады.

(20 қыркүйекте облыстық мәслихат сессиясында айтылды)



18 қыркүйек 2013

Зейнеткер Қали ӘУБЕКЕРОВ:

- ТМРА мен коммуналдық-тұрмыстық, электрмен қамту тұрмыстық қызметтерін көрсету монополистері тұлғасындағы жеке бизнес халықты, шағын және орта бизнесті өз қызметтерін қосымша инвестициялық тариф арқылы қаржыландыруға мәжбүрлеуде. Соңғы төрт жылда халық пен шағын және орта бизнестің төлеген мәжбүрлі инвестициялық «қосымша ақылары» 1 триллион 21,9 миллиард теңгені құрады. Бұл ақшалардың қайда кетіп жатқаны нағыз инвестор – халыққа - белгісіз.

Газбен қамту мен оған техникалық қызмет көрсетуді бөлуге болмайды» авторлық жарияланымында айтылған)



11 қыркүйек 2013

Кәсіпкер, ерікті Асылтек ЕСБОСЫНОВ:

Егер НКОК («Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.») компаниясы зауыт аумағында бөтен адамдардың болуынан қауіптенсе, шыбықтарды зауыт аумағының сыртына отырғызуға рұқсат берсін. Біз бәрібір тал егеміз...

(НКОК-тың Қарабатан маңында «көк белдеу» жасаудан бас тартуына байланысты айтылған)



4 қыркүйек 2013

ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан депутаты Владислав КОСАРЕВ:

- Біз бірқатар салықтарды көтеруге бағытталған заң жобасын қолдамаймыз. Мемлекет бюджетке еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті кеңейту және еліміздің қазба байлықтарын пайдалану арқылы ақша табу жолдарын табу керек. Экономиканы көтеру қажет, ал салықтарды өсіруге асығу - кешегі күннің жұмысы. Біз (ҚКХП депутаттары) мұны талқыға салып, басқа тәсілдерін табамыз.

(2 қыркүйекте парламент отырысының үзілісінде айтылды)



27 тамыз 2013

«Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес ҚОСЫБАЕВ:

- Олар үш қазақты алғанша, бір қытайлықты алғанымыз жақсы дейді. Алайда олар біздің еліміздің тапсырысы бойынша жұмыс жасап, осы жерден табыс тауып отырғандықтан, жергілікті кадрларды дайындап, жұмысқа орналастыруға міндетті.

(Жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде өткен партия жиналысында айтылды)



22 тамыз 2013

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Қаралы адамдай қара жамылып жүреді. Олар бұл түрлерімен не айтқылары келеді? Ешқандай білімдері де, тәрбиелері де жоқ. Олардың болашағы қандай болмақ?

(Жастар мәселелеріне арналған кеңесте айтылды)



13 тамыз 2013

Атырау қаласының №1 емханасының Бас дәрігері Еркінбай Қуанов:

– Болашақта, егер шағымдар негізді болса, бізді айыппұлдық ықпалшаралар күтеді. Осы реформаның басты мақсаты – медициналық мекемелерде қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Себебі, осы кезден бастап, медициналық мекемелердің қаржылық әл-ауқаты  және әрбір маманның табыс көзі осыған тікелей байланысты болады.

(Мемлекеттік медициналық мекемелерді жеке меншікке беру турасында айтылған)



7 тамыз 2013

«Арлан» ҮЕҰ-ның жетекшісі Макс БОҚАЕВ:

«...Үлкен бизнес құрған, әлеуметтік жауапкершілігі бар отандық «меңдіғазиевтер» президенттікке, әкімдікке, депутаттыққа сайлана бастағанда ғана, біздің қоғамымыз феодалдық, индустрияланудан бұрынғы керзаманнан құтылып шықты деп айта аламыз».

(Оралдық кәсіпкер Барлық МЕҢДІҒАЗИЕВ пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ арасындағы жанжал турасында айтылған)



30 шілде 2013

Жайық-Каспий бассейні су шаруашылығы инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВ:

- Жайықтағы су деңгейінің азаюынан оның сапасы да төмендейді. Облысымыздың кейбір елді мекендерінде өзен суы тазаланбай-ақ ауыз суға пайдаланылады, ал бұл жағдай жұқпалы аурулардың туындауына себепші болады...

(24 шілде күні трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Ресей біріккен комиссия отырысында айтылған)



23 шілде 2013

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВ:

- Ресейде «500 ферма» бағдарламасы бар. Ол бойынша кәсіпкер шығынының 50%-ы өңірлік бюджет есебінен бірден өтеледі. Осыған ұқсас механизмдер бізде де енгізілетін болады. Қаражат салған инвестор нысанды қолданысқа берген бойда жұмсалған капиталдық қаражаттарының бір бөлігін бюджеттен қайтарып алады. Ал кепілдік базасының жетіспеушілігіне келетін болсақ, шаруалар үшін несиелік тәуекелдерді сақтандыру шығындары сақтандыру сертификаттарын беру арқылы субсидияландырылатын болады. Яғни, банкке кепілзат емес, осы тәуекелді сақтандыру туралы сертификат ұсынылады.

(20 шілде күні Атырау облысына жұмыс сапары кезінде айтылды)




Страницы:1...7891011

предыдущаяследующая