Алдымен үй, акт содан соң

31 қазан 2013 00:00 2569 рет қаралды

– Қалалық әкімдікте жер пайдалануға мемлекеттік акт бойынша мәселелер неліктен ұзақ шешіледі? Мен қалалық жер бөліміне жер актісін 2013 жылдың 23 қаңтарына дейін ұзарту туралы өтініш жазған едім. Дайындау уақыты талонда 2013 жылдың 4 наурызы деп көрсетілген. Акт әлі күнге дейін дайын емес. Біз үй салуды жоспарлап отырмыз, үйдің іргетасын құйып қойдық. Бірақ жер телімінде уақытша баспана тұрғызылғандықтан, тұрақты актіні ресімдей алмаймыз. Тек уақытша акт қана бар, ол 2 жылға беріледі. Бірақ біз өзіміздің қаржылық мүмкіндігімізге қарай салып жатырмыз. Ал БТИ-дағылар уақытша баспананы тұрғын үй деп есептеп, тұрақты мемлекеттік актіні ресімдеуге болатынын, алайда қайта ресімдеу кезінде проблема туындап, олар енді құжаттарды өзгерте алмайтындықтарын айтты.

Салтанат НҰРЛЫБАЕВА

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ  жауап берді:

– Атырау қаласы, Шаған көшесі, 28 мекен-жайындағы жер телімін жалдау мерзімін ұзарту туралы мәселе қазіргі уақытта өкілетті органдардың мақұлдау кезеңінде тұр.

ҚР Жер кодексінің 43-бабының талаптарына сәйкес, комиссия қорытындысының негізінде жергілікті атқарушы органдар азаматтарға жер учаскесіне құқық беруді жүзеге асырады. ҚР азаматына бұрын тұрғын үй салуға берілген уақытша өтеулі жерді пайдалану (жалдау) құқығымен бөлінген жер теліміне салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісі жеке меншік құқығымен жер телімін беру үшін негіз боп табылады. 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы №726 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес, жеке меншікке бұрын уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы ұсынылған жер телімін алу үшін ҚР азаматтары мен жеке бас куәлігін алған оралмандар сұралатын жер телімі орналасқан тиісті жергілікті атқарушы органға жеке тұрғын үй салу үшін жеке меншік құқығымен жер телімін беру туралы өтініш береді. Өтінішке жеке бас куәлігінің көшірмесі, жер теліміне салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісі және жер теліміне сәйкестендіру құжаты тіркеледі.

Сондықтан жеке меншікке жер телімін беру үшін азаматтар тұрғын үй құрылысын толықтай аяқтауы тиіс.


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.