Сирия химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияға қосылуы тиіс

12 қыркүйек 2013 13:12 1021 рет қаралды

Сирияның химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияға қосылуын қамтамасыз ету керек. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров баспасөз мәслихаты кезінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Сирияның химиялық қаруға тыйым салу туралы Конвенцияға қосылуын қамтамасыз ету сөзсіз қажет. Бұл Сирияның химиялық қаруды жасыррған жерін, жалпы өзінің химиялық бағдарламасын жария етуіне қол жеткізеді. Осы негізде сарапшылар сәйкес сақтау орындарын, сәйкес арсеналды қауіпсіздендіру үшін қандай нақты шаралар қабылдау қажет екенін анықтайтын болады», – деді ол.

Оның айтуынша, сәйкес жоспарларды әзірлеу үшін мұндай сараптамалар керек.

«Әрине, біз бұл дайындық жұмыстарын ресейлік-америкалық үлгіде тартып алмақшы емеспіз. Оған халықаралық сарапшылар, БҰҰ сарапшылары, химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның сарапшылары қатысуы тиіс. Содан кейін ғана біз және америкалық әріптестерімізбен бірге олармен әңгімені бастаймыз», – деді С.Лавров.

Дереккөз: bnews.kz 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.