Алдын ала мәліметтер бойыншва Х.Рухани Иран президенті болып сайланды

16 маусым 2013 13:15 1853 рет қаралды

АСТАНА. 16 аусым. ҚазАқпарат - Дауыстарды санау нәтижесі бойынша 64 жастағы Хассан Рухани Иран президенті болып сайланды, деп хабарлады РБК.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ұлттық телевидениеде сөйлеген Иранның ішкі істер министрі осындай мәлімдеме жасаған.

Бұдан бұрын, 32 миллион дауысты санау нәтижесінде ол 51 пайыз дауыс жинағаны хабарланған болатын.

Елдегі сайлаушылардың жалпы саны - 50 миллионға жуық адам. Ресми хабарлар бойынша сайлауға қатысу 70 пайыздан асқан.

Иранның қазіргі президенті Махмұд Ахмадинежад бұл лауазымда екі мерзім болды, конституция бойынша ол үшінші рет өз кандидатурасын ұсына алмайды.

Дереккөз: inform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.