Ордабасыдан ойсырай ұтылды

31 мамыр 2013 10:48 1431 рет қаралды

Кеше, 30 мамыр күні Шымкентте футболдан ел чемпионатының 14-туры аясында «Атырау» командасы жергілікті «Ордабасыдан» 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Ойынның 29-минутында алаң иелерінің шабуылшысы Андрей Карпович Сергей Бойченко қақпасына белгілеген айып добын шебер орындап, есеп ашты. Бірінші таймда «Атыраудың» бас бапкері М. Радулович сенімсіз ойнаған Бойченконы жас қақпашы Нұрболат Қалменовке ауыстырды. Алайда бұл да «Атырауды» ірі жеңілістен құтқармады. 78 минутта «Ордабасының» тунистік легионері Мухамед Арури екінші голды соқса, соңғы минутта сенегалдық Мансур Гуйе есепті еселеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.