Басшылықтан түсірілген Филиппиннің бұрынғы президенті Маниланың мэрі болып сайланды

15 мамыр 2013 10:29 1935 рет қаралды
2001 жылы лауазымынан түсіріліп, кейін жемқорлық бойынша абақтыға тоғытылған Филиппиннің бұрынғы президенті Джозеф Эстрада елдің астанасы Маниланың мэрі болып сайланды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

76 жастағы саясаткер өзінің қалған өмірін ел астанасындағы кедей тұратын адамдарға көмек көрсетуге арнайтынын алға тартып отыр.

Айта кетейік, президенттік лауазымнан түсірілгеннен кейін Эстрада мемлекеттік қаржыны ысырап ету тұрғысындағы айыппен сот алдына шақырылды.

2007 жылы экс-президент өмір бойғы мерзімге түрмеге жабылған еді. Алайда ол темір тордың арғы жағында жарты жыл ғана отырып, президенттік рақымшылық бойынша бостандыққа жіберілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.