«Антикор» Қазақстандағы қаржылай бақылау органдарын жемқорлыққа айыптады

13 мамыр 16:52 903 рет қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанның қаржылай бақылау органдарының жемқорлығы туралы мәлімдеді6 деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Қаржылай бақылау органдарының жемқорлығы туралы жекелей атап өту керек. Тек соңғы екі жылда агенттік ішкі мемаудит лауазымды тұлғаларына қатысты 27 қылмыс тіркеді. Олар, мемсатып алу конкурстарының қорытындысын қайта қарау үшін пара алып келген», - деді Сарқұлов жұмадағы брифингте.
Ол хабарлағандай, тіпті ішкі мемаудит органы қызметкерлерінің өздері шағым түсіруді ұйымдастырып, кейін арам ойларын жүзеге асыру үшін сол бойынша тексеру жүргізген кездері де болған.

«Былтыр тек бір ғана ЖШС осындай 1,6 мың шағым түсірген, оның 900-і қанағаттандырылған. Бұл ретте, басқа шынымен жазылған шағымдар қаралмаған», - деді Сарқұлов.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру