БАӘ президенті дүние салды

13 мамыр 15:42 736 рет қаралды

БАӘ президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС жазды.

Ол бұрынғы президент шейх Заид Әл Нахаянның үлкен ұлы болатын. 2004 жылы 3 қарашада әкесі қайтыс болғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің екінші президенті атанған-ды.

Forbes журналының мәліметі бойынша, 15 миллиард доллар байлыққа иелік еткен ол әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналған.

Шейх Халифаның артында әйелі мен сегіз баласы қалды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру