Құрманғазылықтар тіркелмеген заңсыз қаруларын тапсырды

12 мамыр 19:35 907 рет қаралды

25 сәуірден бастап Атырау облысында заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ–дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша «Қару» жедел-алдын алу акциясы өтіп жатыр.

Атап айтқанда, Құрманғазы ауданының сегіз тұрғыны жақында жергілікті полицияға 9 қару тапсырған. Олардың арасында ата-бабаларынан мұраға қалған аңшы қаруы, 1891 жылы орыс әскері қару-жараққа қабылданған «Мосина» винтовкасы және Ұлы Отан соғысы кезінде кеңес әскерлері қолданған, орнын кейін 60-жылдардың ортасында ғана «Калашников» алмастырған ППШ автоматы бар.

Облыс орталығына келсек, мұнда 25 сәуірден бері 36 бірлік тегіс ұңғылы және 5 иір ойық қару полицияға тапсырылды. Оған жалпы 3 миллион теңгеге жуық қаржы төленген.

Көнеден қалған көз деп, аталардан қалған қаруды жертөлелерде, құпия жерлерге сақтау керек емес. Одан да тапсырған жөн екенін түсіну керек, әрі ол үшін ақша төленеді. Біз ешкіммен соғысайын деп жатқан жоқпыз ғой, солай емес пе?

Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру