Макс Боқаев азаптауға қарсы пикет өткізді

15 қаңтар 00:30 1042 рет қаралды

Бүгін, 14 қаңтарда белгілі азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВ Атырауда митингіге қатысушылар арасынан ұсталғандарды азаптауға қарсы прокуратура ғимараты жанында бір кісілік пикет өткізді.

- 7-сі күні митингке қарапайым қатысушылардың ұсталып жатқаны белгілі болды, оларды азаптап, ұрып-соғып жатқанына наразымын. Күні кеше Сергей Шутов азаптау әлі де жалғасып жатқанын, прокуратура ешқандай шара қолданбай отырғанын айтты, - дейді М.Боқаев. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу түсіріп, Атырау облысының прокурорына арыз жазды.

Еске салсақ, Атырау облысында 3-6 қаңтар күндері газ бағасын төмендетуді талап еткен Жаңаөзен тұрғындарын қолдауға қатысты митингілері өткен болатын. Ал 7 қаңтарда митингке қатысушылар ұсталып, түрлі әкімшілік жазаға тартыла бастады. Ұсталғандардың бірі Сергей Шутов өзін бірнеше рет соққыға жыққанын хабарлады. Бірақ полиция мұны жоққа шығарды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии отключены.