​Қар мен көктайғақ: Атырауда жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті

14 қаңтар 16:27 1013 рет қаралды

Атырауда ауа-райының өзгеруіне байланысты жол-көлік оқиғасы көбейді. Мәселен, 14 қаңтарда, таңертеңгі сағат 8-де «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Самал мөлтек ауданы, Әубәкіров көшесінде орналасқан электр бағанасына соқтығысқан.

Тағы бір оқиға: сағат 10 шамасында Құнанбаев көшесі "Ландыш" аялдамасында “Daewoo” маркалы жолаушылар автобусы «Ваз 2114»  маркалы көлікгіне соқтығысып қалды.

Осындай қолайсыз ауа-райына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерге жолда барынша сақтық танытып, қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты төмендету керектігін ескертеді.

Айнұр САПАРОВА

Суретті ПД жолдады



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Тақырып жабылды, комментарий беру ажыратылған.