Қазақстанда тағы бірнеше өңірде төтенше жағдай режимі алып тасталды

14 қаңтар 14:34 771 рет қаралды

Шымкент қаласы және Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы қаулы шықты, деп хабарлайды Ақорда.

Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес мына өңірлерде 2022 жылғы 14 қаңтардағы сағат 18.00-ден бастап ТЖ режимі алып тасталады:

  • Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
  • Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың жойылсын.
  • Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
  • Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.

 Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии отключены.