СҚО-да арзан баспана аламын дегендер қаржы пирамидасына кіріп кетті

30 қараша 2021 15:28 616 рет қаралды

Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасы анықталды. Оны ұйымдастырушылар тұрғын үй кооперативі ретінде халықтан ақша жинаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, тұрғын-үй кооперативін ашқандар адамның табысына қарамай, баспана алып беруге уәде еткен. WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, "Шаңырақ+" бағдарламасы аясындағы ипотеканың баламасын ұсынған.

"Бағдарламаға қатысу үшін 103 доллар жіберіп, артынан жаңа салымшыларды тарту қажет болған", - дейді агенттік мамандары.

Компания филиалдарына жасалған тінту кезінде баспа өнімдері, буклеттер мен брошюралар тәркіленді.

Салымшыларға қатысты ақпарат мен келісімшарттар да табылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті осы компанияға алданған азаматтарға +7 (7172) 708-478 шұңыл нөміріне хабарласуға кеңес берді.





Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру