​АҚШ-та Сәуле Омарова жоғары лауазымға тағайындалмай қалу қауіпі бар

25 қараша 11:06 844 рет қаралды

Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың АҚШ-та жоғары лауазымға тағайындалуына конгрестегі бірқатар демократ қарсылық білдірді. Осыдан кейін Омарованың бұл лауазымға тағайындалмай қалуы мүмкін екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы алғаш рет Axios порталы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып жазды. Онда сенаторлар Джон Тестер, Марк Уорнер және Кирстен Синема Сенат банк комитетінің төрағасы Шеррод Браунмен телефон арқылы сөйлескенде Омарованың кандидатурасын қолдамайтынын айтқаны көрсетілген.

Сондай-ақ, оларға демократ сенаторлар Джон Хикенлупер мен Марк Келли де қосылды. Дерекке сүйенсек, олар бұл туралы Омарова ханымды ұсынған Ақ үйге де хабарлаған. Портал болжамы бойынша, бұдан кейін оны "тағайындау мүмкін емес".


Бұл ретте Ақ үй өкілі әкімшілік өз таңдауын ұстанатынын айтты.

"Сәуле Омарова бұл лауазымға лайықты. Ол ұсынылған сәттен бастап, республикашылардан әділетсіз қудалауға ұшырады", - деді шенеунік.

Бұған дейін АҚШ Сенатында банк реттеушісінің басшысы лауазымына Сәуле Омарованың кандидатурасын ұсыну кезінде дау шыққаны хабарланған болатын.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру