Ақын диссидент Арон Атабек 68 жасында өмірден өтті

25 қараша 09:06 833 рет қаралды
Арон Атабек. Сурет әлеуметтік желіден алынды

«Шаңырақ» оқиғасына қатысты 18 жыл түрмедегі жазасының 15 жылын өтеп, түрме азабын көрген диссидент ақын Арон Атабек дүниеден озды.

Арон Атабек кешкі сағат 20:00 шамасында жүрегі тоқтап, бұл дүниеден озды.

Қаралы хабарды Айсұлу Әбубәкірова растады. Арон Атабек соңғы уақытта денсаулығы қатты нашарлап, «Сұңқар» клиникасында ем алып жатқан болатын.

20 қазан күні ақынның қарындасы Рәзия Нутышева Арон Атабектің жағдайы нашарлағанын айтты. Кейін жедел-жәрдем шақыртып, оны жеке клиникаға жатқызған.

Арон Атабектің сол уақытта жасанды тыныс аппаратымен дем алып жатқаны айтылды. Кейін оның жансақтау бөліміне түскені туралы хабарланды. Кейін комаға түскені айтылды.

Еске салсақ, Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. Шаңырақтағы қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бағанаға байлап, өртеп жіберген. Диссидент қылмысқа нұсқаушы ретінде жауапқа тартылды.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру