АҚШ "демократия саммитіне" шақырылған мемлекеттер тізімін жариялады

24 қараша 11:54 684 рет қаралды

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында Джо Байден ұйымдастырған "демократия саммитіне" шақырылған мемлекеттер тізімін жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік департамент шақырған виртуалды іс-шараға 110 ел қатысады, ол 9-10 желтоқсанда бейнеконференция түрінде өтеді, тізімде Қытай, Ресей және Қазақстан жоқ. ЕО-ға мүше елдерден Венгриядан басқасы шақырылған.

АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасы Түркия да саммитке шақырылмаған. Алайда Байден әкімшілігі Польша, Үндістан және Филиппинді шақырған. Бұрынғы КСРО елдері арасында Украина, Армения, Грузия, Молдова, Литва, Латвия және Эстония шақырылған. Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан қатысушылар қатарында жоқ.

Жарияланған тізімге сәйкес, шақырылғандар арасында Сауд Арабиясы, Парсы шығанағындағы араб елдері, Иран, КХДР, Венесуэла, Никарагуа, Судан және Эфиопия, сондай-ақ, Африка, Латын Америкасы және Азияның бірқатар басқа елі жоқ.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру