Атырау облысында бір тәулікте 21 адам Covid-19 жұқтырған

17 қараша 2021 09:58 743 рет қаралды

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 21 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 13 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды, Қызылқоға ауданында  - 1, Құрманғазы ауданында - 1, Махамбет ауданында  - 4 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 40 адам емделді.

Қазір 142 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 85,
аудандық инфекциялық стационарларда - 24. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 30 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру