Сәтбаевта сәби зорланған іс: сотталған ерлі-зайыпты үкімге шағым түсірді

18 қазан 2021 14:13 642 рет қаралды

Қарағанды облыстық сотына Сәтбаев қаласының тұрғындары, сотталған ерлі-зайыптының апелляциялық шағымы келіп түсті. Олар соттан жазаны жеңілдетуді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сотталғандар апелляцияға берді. Бірақ сот жабық процеске жауап бере алмайды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бес жасар қызды аяусыз зорлау оқиғасы 2020 жылдың шілдесінде Сәтбаев қаласында болды. Бала Сәтбаев қаласына ата-анасымен бірге келген. Ересектер үйде болған кезде қыз аулада жүрген. Дәл сол кезде баланы үй тұрғындарының бірі байқап, оны алдаған. Қызды байлап, көршілерін (ерлі-зайыптыны) шақырған. Көршілер келіскен. Ер адамдар зорлық-зомбылық жасап, ал әйел қызға психотроптық препарат салған.

Сәтбаев қаласында жоғалған сәбиді бүкіл қала болып іздеді. Оны кейін педофилдің пәтерінен тапты. Қылмыс жасаған адамды полиция пәтерден алып кетті. Халық оны тергеусіз сотқа беруді, яғни сот шешімінсіз жазалауды талап етті. Сол түні Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік орын алды.

Кейін ұсталған азаматтың уақытша ұстау изоляторында суицид жасағаны белгілі болды. Оған қатысты іс тоқтатылып, сот істі қарамады.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның көршілері, Сәтбаев қаласының тұрғындары - ерлі-зайыпты ұсталды. Алқабилер соты ерлі-зайыптыны зорлау және кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті үшін кінәлі деп тапты. Мас күйде қылмыс жасау сотталушының іс-әрекетін ауырлататын мән-жай ретінде қаралады. Істі жеңілдететін өзге мән-жайлар анықталған жоқ. Оған төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сотталушыны өмір бойы педагогикалық қызметтерді және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 22 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру