Қарағандылық әйелдің өлімінен кейін экстремалды аттракциондар жабылуда

15 қазан 15:28 800 рет қаралды

Қарағандыда 33 жастағы әйелдің қазасынан кейін роупджапминг (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) бойынша нұсқаушыны екі айға қамауға алды. Ал барлық экстремалды аттракцион түрлері өз жұмыстарын тоқтатты. Қашан ашылатыны белгісіз. Ал тәжірибелі нұсқаушылар кез келген экстремалды спорт түрінің қаупі бар екенін айтуда. Адамдардың өмірін қауіпке тікпеу үшін, мамандар аттракционды ұйымдастырушыларға қызметкерлерді оқытып, кәсіби құрылғылар алуға кеңес берді. 

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды. 

"Маусым басталмас бұрын нұсқаушылар мен жаттықтырушыларға сабақ өтеміз. Жерге қонуға дайындау, ауада болып қалуы мүмкін жағдайлар туралы айтамыз. Одан кейін нұсқаушылар сынақтан өтеді. 
Оны бұйрықпен бекітеміз", - деді парашют қызметінің басшысы Раис Сундюков. 

Экстремалдардың өмірі тікелей нұсқаушыларға байланысты. Мысалы, құс сияқты тек нұсқаушымен бірге ұшуға болады. Ал спорттың бұл түрімен кәсіби түрде айналысқысы келетіндердің физикалық дайындығы мықты болу керек. 

"Спорттың бұл түрінде қауіпсіздік реттелген. Біз үйренушіні бірден таудан ұшырып жібермейміз. Алдымен базалық теориялық білім мен практикалық жаттығулар жасайды", - дейді парапланерлік спорт федерациясының президенті Игорь Вершки.

Алайда экстремалды спорт түрлерін ұйымдастыратын адамдардың барлығында бірдей рұқсат жоқ. Олардың жұмысын ешкім қадағаламайды, дейді мамандар. Лицензиясы бар кәсіби нұсқаушылар туралы сөз қозғаудың өзі артық. 

Ұйымдастырушылар қауіпсіздік стандарттарын өздері белгілеп, секіретін объектілерді де өздері таңдайды. 

Заңгерлердің айтуынша, аттракционды ұйымдастырушылар келушілерге қауіпсіздік ережесі мен орын алуы мүмкін жағдайлар жайлы ескертуі қажет. Алайда экстремалдар не жарақаттан, не өлімнен қорықпайды. 

Өз еріктерімен бастарын қауіпке тігіп, қомақты ақша төлейді. Алайда ұшудың өліммен аяқталмайтынына ешкім кепіл бере алмайды. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру