АҚШ соты абортқа тыйым салатын заңды күшінде қалдырды

15 қазан 14:30 600 рет қаралды

АҚШ-тың апелляциялық соты Әділет департаментінің жүктіліктің алты аптасынан бастап абортқа тыйым салатын Техастағы заңды тоқтата тұру туралы өтінішін қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, АҚШ-тың бесінші апелляциялық соты бұл заң "жеделдетілген" сот талқылауына дейін күшінде қалуы мүмкін деп мәлімдеді.

1 қыркүйекте күшіне енген заң бойынша ұрықтың жүрек соғысы анықталғаннан кейін аборт жасауға тыйым салған. Жүрек соғысы жүктіліктің шамамен 5-6 аптасында анықталғандықтан, бұл заң АҚШ-тағы абортқа қатысты ең қатаң шектеу шараларының біріне айналды.

Заң зорлау немесе жыныстық қатынастан болған жүктілік жағдайында да жүзеге асады.

Әділет министрлігі Жоғарғы соттың 1973 жылғы шешіміне сай әйелдердің жүктілігін тоқтатуына, яғни конституциялық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіреді деп мәлімдейді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы федералды сот Техаста абортқа тыйым салатын заң шығаруға уақытша тыйым салған болатын.

Қазанның басында ондаған мың адам абортты шектеуге қарсы ереуілдерге шықты. Манифестке қатысушылар өздерінің абортқа қатысты конституциялық құқығынан айырады деп қорқады. АҚШ президенті Джо Байден бұл жағдайды әйелдер құқығына бағытталған, бұрын-соңды болмаған шабуыл деп атаған.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру