Анасы ұлын төрт күннен соң іздеген

13 қазан 15:36 1014 рет қаралды

Бір апта ішінде Атыраудағы Полиция басқармасына жасөспірімдердің хабар-ошарсыз кеткені туралы 7 хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері барлық жасөспірімді тауып, ата-аналарына табыстады.

Мысалы, 12 қазан түн ортасынан кейін 102 операторына 36 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, 8 қазанда күндіз 14 жасар ұлының үйден шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткендігін хабарлаған. Жедел іздестіру кезінде жасөспірім аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылған. 

Оның айтуынша, 8 қазанда анасымен сөзге келіп қалып, үйінен кетіп қалған және осы уақытқа дейін достарының үйінде болған. Ал, қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірім Ішкі істер органдарының есебіне алынды. Тек 5 күн болғанда іздеуге жүгінген анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-тармағы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атырау әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін анасына қатысты іс-құжаттар жинақталуда.

Полицейлер ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада «102» арқылы хабарлаңыз.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру