Күмәнді "сақалды" құрылыстар

13 қазан 13:12 1003 рет қаралды

Қызылқоға ауданындағы Мұқыр және Тасшағыл ауылдарындағы Мәдениет үйлерінің құрылысы бітпей, тұралап тұр. «АЖ» себебін анықтауға тырысты.

Мұқыр ауылындағы 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы 5 жыл бұрын басталған болатын. Бюджеттің 301 млн 896 мың теңгесі бөлініп, нысан құрылысын мердігер «АвтоСтройКонсалтинг» ЖШС болып белгіленді. Келісім шартта көрсетілгендей, нысан құрылысы 2018 жылдың күзінде пайдаланылуға берілуі тиіс болатын. Бірақ тендер жеңімпазы бірден шаруаны дөңгелетіп кете алмады. Құрылыс жұмыстырында ауытқулар болып, содан соң мүлдем тоқтатылған. Бүгінде құрылыс басында тірі жан жоқ.  

Тапсырысшы - облыстық құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, биыл компанияны жосықсыз мердігер деп тану туралы талап арыз беріліп, сот шешімімен келісім шарт біржақты бұзылған. Жобалау-сметалық құжаттама қайтадан түзетуге жолданған. Жергілікті биліктің сендіруінше, салынып бітпеген нысан күзетке алынған.

Ал Тасшағылдағы 300 орындық Мәдениет үйінің құрылысы өткен жылы басталыпты. Жұмыс құны 827 млн 681 мың теңгеге бағаланған, бірақ мердігер - «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС 270 млн теңгені ғана игеріп үлгерді. Содан кейін облыстық құрылыс басқармасы тағы да экономикалық сотқа берді. Бірақ бұл жағдайда фемида мердігер тарапынан ешқандай жосықсыздық белгілері жоқ деп танып, мердігер құрылыс жұмыстарын жалғастыратын болып шешілді. Пандемияға байланысты нысанды пайдалануға беру мерзімі ұзартылды.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру