Қытайға мамонт тістері мен мүйізтұмсық мүйізін алып өтуге тырысқандар ұсталды

12 қазан 13:16 470 рет қаралды

Нұр-Сұлтанда құнды заттар контрабандасы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты құнды заттар контрабандасымен айналысты деген күдікпен тергеу басталғанын хабарлады.

"Ресей Федерациясының азаматы Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы арқылы Қытай Халық Республикасына жалпы салмағы 2 мың килограмнан астам мамонт тісі мен мүйізтұмсық мүйізін заңсыз алып өтпек болғаны анықталды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Департамент тауар жіберуші Мәскеуде жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры екенін айтты.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру