Қытайда су тасқынынан миллионнан астам адам көшірілді

11 қазан 15:58 465 рет қаралды

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясы ұзақ уақытқа созылған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 1,76 миллионнан астам адам шұғыл түрде көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі China Daily сайтына сілтеме жасап.

Шаньси мен Шэньси провинцияларында болған қатты су тасқынынан Қытайдың Табиғи апаттарды азайту жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп, 4-деңгейдегі төтенше жағдайларды жою жоспарын жасады.

Екі мемлекеттік орган да апатты жоюға көмектесу үшін зардап шеккен аудандарға жұмыс тобын жіберді.

Провинцияның төтенше жағдайлар департаменті Шаньси провинциясының 76 округінде 1,75 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шеккенін, 120 100 адам қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады.

Департамент 17 мыңнан астам үйдің құлағанын, 190 мың гектар ауылшаруашылық жерлерінің су тасқынынан зардап шеккенін атап өтті. Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, көмірге бай провинцияда нөсер жаңбырдан кейін 60 көмір шахтасы жұмысын тоқтатты.

372 шахта, 14 қауіпті химия кәсіпорыны мен мыңнан астам құрылыс нысандарының жұмысы да тоқтатылды. Провинция су тасқынынан қатты зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін 20 миллион юань (3,1 миллион доллар) бөлді және табиғи апаттарға төтенше жағдайдың үшінші деңгейін іске қосты.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру