Президент Тоқаев Путинге көңіл айтты

11 қазан 13:31 553 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін", – деп жазылған жеделхатта.


Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру