Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзарды

14 қыркүйек 14:32 490 рет қаралды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі туралы қаулы өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылуы тиіс. Күдіктіні үйқамақта ұстау мерзімін 2 айға, яғни 2021 жывлдың 14 қарашасына (қоса алғанда) дейін ұзартылсын", - деді тергеу судьясы Талғат Ақшабаев.

Еске салайық, Біртановты үйқамаққа алу туралы шешім 14 шілдеде қабылданған болатын (14 қыркүйекті қоса алғанда). Адвокаттар сот қаулысының күшін жоюды сұрап, Біртановтың еркіндікте жүріп қылмыстық істі тергеуге кедергі келтіре алмайтынын айтқан еді.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру