Эпидахуал жақсарып келеді - Мамин

14 қыркүйек 12:23 541 рет қаралды

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын айтты.

Вирустың репродуктивті индексі – 0,87. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің жүктемесі 35%-ға дейін төмендеді. Инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 48 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдайтын стандартты бейіндік режимге көшірілді. Коронавирустың таралу қарқыны бойынша Түркістан облысы "жасыл аймақта", Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары «сары аймақта» орналасқан. Қалған 11 аймақ "қызыл аймақта" тұр.

Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 7,1 млн жуық адам, екінші компонентін 6 млн адам алды.

Үкімет басшысы Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында вакцинамен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

Мамин қазіргі басты міндет «қызыл аймақта» орналасқан өңірлерде сырқаттанушылық деңгейін тұрақты төмендету екенін атап өтті. Бұл үшін санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында тұрақты бақылауда болуы тиіс. Үкімет басшысы білім беру ұйымдарында санитарлық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.


Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру