Ресейде жалғызбасты әкелерге де ана капиталы берілетін болды

13 қыркүйек 11:46 485 рет қаралды

РФ Еңбек министрлігі ер азамат суррогат анадан туған баласының жалғыз ата -анасы болған жағдайда, оған ана капиталын алуға мүмкіндік беретін заңнама әзірлеуде, деп хабарлайды zakon.kz.

"Известия" басылымының хабарлауынша, министрліктегілер бұл түзетулердің 2022 жылдан бастап күшіне енетініне сенім білдіреді.

"Балалы отбасыларға мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары туралы" заңға өзгерістер енгізу жоспарланып жатыр. Оған сәйкес, ана капиталын алуға үміткер адамдар санаты кеңейтіледі.

Қазір ана болудың әлеуметтік проблемаларына (жүктілік пен босану, балаларды толық емес отбасында тәрбиеленуі, жұмысқа орналасуда мүмкін болатын қиындықтарға) байланысты әйелдерге мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары бірінші кезекте көрсетілетіні жайлы құжатта түсіндірме беріледі, деп жазды басылым. Сондай-ақ, әйелдің балаға деген құқығы заңмен тоқтатылған жағдайда ер адамның мемлекеттік қолдау алу құқығы жүзеге асырылуы мүмкін екені көрсетіледі.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру