​Ұлыбританияда коронавирустың таралу қарқыны үдей түсті

10 қыркүйек 16:15 815 рет қаралды

Ұлыбританияда қаңтар мен шілдеде тіркелген COVID-19 ауруы мен ауруханаға жатқызудың шыңы қыркүйек айында қайта қайталанды, деп хабарлайды Хабар 24 COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап. 

Қазір 8 085 адам орташа ауыр және ауыр жағдайда стационарларда ем қабылдауда. Вакцинацияның жоғары қарқынына қарамастан вирустың тарау қарқыны артып келеді. Ұлыбритания – азаматтары иммундауды коронавирустан нақты қорғаныс ретінде қабылдайтын Еуропадағы санаулы елдердің бірі. 

Қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы толық вакцинацияланған британдықтардың саны 65% жетті. Америка Құрама Штаттарында халықтың жекелеген санаттары үшін міндетті иммундау режимі енгізілуде. Джозеф Байден COVID-19 вакцинациясының жаңа жоспарын мақұлдады. 

АҚШ Президенті өте жұқпалы «дельта» штамының таралуы ұзаққа созылуы мүмкін екенін атап өтіп, коронавирустың мутациясының бұл нұсқасы жаңа жағдайлардың көп бөлігін құрайтынын айтты. 

Жаңа жоспарға сәйкес АҚШ федералды Үкіметінің барлық қызметкерлері, сондай-ақ оның мердігерлері COVID-19 вакцинациясынан өтуі керек.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру