Атырау облысында бір тәулікте 316 адам Covid-19 жұқтырған

26 тамыз 09:21 1151 рет қаралды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 316 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 180 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 42 науқас анықталды. 

Инфекция жұқтыру жағдайы аудандарда да орын алып жатыр. Жылыой ауданында - 22 жағдай, Индер ауданында - 16 науқас анықталған, Исатай ауданында - 20, Қызылқоға ауданында - 10, Құрманғазы ауданында - 12, Мақат ауданында - 4, Махамбет ауданында - 10 адам. 

Коронавирус инфекциясы бар 178 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 138 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 539 адам емделді.

Қазір 8 469 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 188, екінші облыстық ауруханада – 177 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 59, кардиоорталықта - 100, т/ж ауруханасында - 90 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 111, жатақханада - 81, аудандық инфекциялық стационарларда - 316, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 316 науқас ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру