Ауғанстан президенті елден кетті

16 тамыз 09:50 483 рет қаралды

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иранның Tasnim агенттігі әуежайдан видео жариялады. Кей мәлімет бойынша, Ашраф Ғани отставкаға кетуге келіскеннен кейін елден ұшып кетті. "Азия-Плюс" ақпараты бойынша, Ауғанстан Президенті Тәжікстанға сапар шегіп, одан кейін басқа елге барады (бірақ қай елге баратыны әлі белгісіз).

Журналистер Ашраф Ғаниді оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мухиб пен Әкімшілік басшысы Фазл Махмуд алып жүргенін хабарлап жатыр.

15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Содырлар Үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

Айта кетейік, мамыр айында Ашраф Ғани Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалған. Сол кезде ол ауғанішілік диалогты қолдағаны және гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірген болатын.

Ашраф Ғани 2014 жылдың қыркүйегінде Ауғанстан президенті болды. 2015 жылы ол Қазақстанға ресми сапармен келген еді.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру