Пашинян Әзербайжанмен шекараға Ресей әскерін орналастыруды ұсынды

30 шілде 14:46 730 рет қаралды

Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Әзербайжанмен шектесетін шекара бойына Ресей әскерінің бақылау пунктерін орналастыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей шекарашыларының бақылау пунктерін армян-әзербайжан шекарасына орналастыру мәселесін қарастыру орынды деп ойлаймын. Бұл әскери қақтығыстар қаупінсіз шекараны демаркациялау және делимитациялау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, - деді Пашинян Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, армян үкіметі бұл мәселені ресейлік әріптестерімен талқылауды жоспарлап отыр.

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы жағдай 12 мамырда шиеленісе түсті. Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштері Сюник облысының шекаралас учаскелерінің бірінде «шекараларды нақтылау» бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуге тырысқанын хабарлады. 

Мамырдың соңында Әзербайжан Қорғаныс министрлігі шекарадан өту кезінде алты армян әскерінің ұсталғанын хабарлады. Өз кезегінде Арменияның Қорғаныс министрлігі «Гегаркуник облысының шекаралас аймағында армян әуе күштері әскери бөлімінің күзетілетін аумағында инженерлік жұмыстар жүргізген кезде» алты әскери адам тұтқынға алынғанын айтты.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру