Атырауда пандемия кезінде туу көрсеткіші артты

31 шілде 11:38 833 рет қаралды

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың 1 маусымынан 2021 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта Атырау қаласында 12 мың 365 сәби дүниеге келген. Бұл 2019 жылдың маусымы мен 2020 жылдың маусымымен салыстырғанда 1113 балаға көп.

Биыл дүниеге келген ер балалардың арасында ең көп қойылған есім Нұрислам (190), екінші орында Ибрахим (186), одан кейін Әлихан (165), Ахмад (160), Әмір (146). Бөлім қызметкерлері ұл балалар арасында ерекше есімдер кездесіп тұратынын айтады. Мысалы, Айәділ, Асад, Дамиль.

Қыз балалар арасында биыл ең көп қойылған есім Айша (294), одан кейін Айлин (273), Медина (271), Аяла (279), Раяна (228).

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру