Токиода Олимпиада ойындарының алғашқы жарысы басталды

21 шілде 08:44 856 рет қаралды

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары аясында алғашқы жарыс басталды. Софтболдан Жапония әйелдер командасы Австралияны айқын басымдықпен жеңді деп жазады Olympic.kz.

Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Софтбол бәсекелері 21-27 шілде аралығында өтеді. Алты әйелдер командсы бір жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ал ерлер бейсболда бақ сынайды. 

Сондай-ақ, бүгін әйелдер командасы арасындағы футбол бәсекесі де басталады. 

Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған. Алайда, спорттық жарыстар ашылу салтанатынан бұрын басталып кетеді. Бұл, әсіресе, командалық ойын түрлеріндегі спортшыларға тікелей қатысты.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру