​Әсел Айтпаеваның қазасы: сараптама нәтижесі белгілі болды

21 шілде 08:38 703 рет қаралды

Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі бойынша сараптама нәтижесі белгілі болды. Марқұм бойжеткеннің денесінен туысы Мұрат Мейірбековтің ДНҚ ізі табылған, деп хабарлады "Хабар 24".

Әсел осы сәуірде жұмысқа орналасу үшін гүржі еліндегі Мұратқа барған болатын. Оған "қызды зорлады" деген сырттай айып тағылған. Ал Қазақстанда Мейірбеков "адам саудасымен айналысты" деген күдікпен бірнеше айдан бері түрмеде отыр.

Айтпаевтар адвокатының айтуынша, енді сараптама нәтижесі қолға тиген соң еліміздің құқық қорғау органы оған "қыз зорлады" деген жаңа айып тағуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаева 5 мамырда Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмды. Осы елдің құқық қорғау органы 57 жастағы Бесо Тордуаны "қыз зорлады және оны өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі" деген айыптармен қамауға алған еді. Бірнеше күн бұрын Тордуа ауруханада қайтыс болды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру