Қыркүйектен бастап студенттер 31 мың теңге алады

11 маусым 17:05 2164 рет қаралды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл стипендия мөлшері қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр күзден бастап студенттер мен магистранттардың, докторанттардың шәкіртақысы көбейетінін атап өтті.

"Осы жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады, магистранттарда 15 процентке өседі, шамамен 76 мың теңге. Докторантура бойынша да осындай өзгерістер бар. Жалпы соңғы бір жарым жыл ішінде докторанттардың стипендиясы 82 процентке өсті. Бірақ соған қарамастан олар қыркүйектен бастап қазіргідей 150 мың теңге емес, 172 мың теңге алады деп жоспарлануда", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, 2025 жылға дейін стипендия мөлшері жыл сайын арта береді. Сонымен қатар министр 2025 жылға дейін гранттар саны да ұлғайып, 75 мың орынға жететінін айтты.

Биылдың өзінде гранттар саны 5 мың орынға көбейеді. Яғни егер жыл сайын бакалавриатқа 51 мың грант қарастырылса, осы жылы 56 мың орын болады.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру