Нұрлан Таубаевқа ота жасалды, сот уақытша тоқтатылды

11 маусым 14:49 3216 рет қаралды
Нұрлан Таубаев

«Таубаев пен Басаров ісі» бойынша сот отырысы Нұрлан Таубаевтың ауруханаға түсіп, оған ота жасалуына байланысты тоқтатылды.

Н.Таубаевтың адвокаты Асқар Таубаев «AЖ»-ға хабарлағандай, 9 маусымда кешке інісінің тергеу изоляторында жағдайы нашарлап, оны облыстық ауруханаға жеткізген.

- Дәрігерлер ұйқы безінен тас тауып, кеше Нұрланға жалпы наркозбен күрделі ота жасалды. Қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, оның денсаулығына алаңдап отырмыз, - деді Асқар Таубаев «AЖ»-ға.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру