Балықшыға қарай көлік қозғалысы ашылды

11 маусым 14:41 2709 рет қаралды
Фархат Әбілов түсірген сурет/azh.kz

Бүгін, 11 маусымда Әуезов-Азаттық қиылысында Балықшы ықшам ауданына баратын көлік қозғалысы ашылды. Еске салсақ, Әуезов көшесін қалпына келтіру жұмыстары сәуірдің аяғында басталған еді. Жобаға 3 миллиард 227 миллион теңге бөлінді.

Қалпына келтіру барысында бұл учаске айтарлықтай өзгерді – «Молекула» айналма жол айрығы бұзылды. Енді бұл жерде төрт бағдаршаммен реттелетін кең жолақты қозғалыс бар.

- Бұл жоба аяқталып, қозғалыс толығымен қалпына келген кезде қиылыстағы қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Балықшаға дейінгі жолды жоспарланған мерзімнен бірнеше күн бұрын ашу мүмкін болды, - деп хабарлады «Атырауинжстрой» ЖШС баспасөз қызметі.

Жилгородоктағы көпірден АМӨЗ-ге дейінгі бағыттағы жолды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру