Атырауда бір тәулікте 63 адам Covid-19 жұқтырды

11 маусым 09:36 2321 рет қаралды

364 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 44, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 4 науқас анықталды. 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 5 адам, Индер ауданында - 2, Қызылқоға ауданында- 3,  Құрманғазы ауданында -2, Мақат ауданында - 1 Махамбет ауданында-2  адамнан анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 41 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 112 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта 537 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 131, 

№2 облыстық ауруханада 102, фтизиопульманологиялық орталықта 17, аудандық инфекциялық стационарларда 69 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 45 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру