​Оңтүстік Кореяда бес қабатты ғимарат жолаушылар мінген автобусқа құлады

10 маусым 15:53 2344 рет қаралды

Оңтүстік Кореяда бес қабатты ғимарат құлап, салдарынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға кеше елдің оңтүстік-батысында орналасқан Кванджу қаласында болды. Ғимаратты бұзу кезінде ол күтпеген жерден құлаған. Сондай-ақ оның сынықтары құрылыс алаңының жанындағы аялдамада тұрған автобусты басып қалды.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар автобус – жолаушылары. Құтқарушылар қаза тапқандарды іздеуді жалғастыруда. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин апат салдарын мұқият тергеуді бұйырды.  



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру