«Дау-дамай шешілді»: «КазСтройСервис» басшылығы Теңізде ереуілге шыққан жұмысшылардың тілегіне құлақ асты

9 маусым 10:56 2784 рет қаралды

6 мамырда Теңізде ТШО мердігері «КазСтройСервис» компаниясының жұмысшылары сәуір айындағы жалақыларының мөлшеріне наразы болып, ереуілге шықты. Ереуілшілер жалақыларын сағатпен төлеуді талап етті.

7 мамырда компанияның бас директоры Сәбит ЖАНАСОВ Теңізге келіп, кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен жұмысшылармен кездесті. Компанияның хабарлауынша, жиналыста проблемалық мәселелер, соның ішінде жұмысшылардың разрядын көтеру процедурасын жалғастыру мәселесі айтылды. Ол пандемияға байланысты тоқтатылған еді. Осы мәселе бойынша сол жерде 23 өтініш қабылданды.

Бұдан бұрын біз «Казстройсервисте» еңбекақы төлеу нұсқалары әзірленіп жатқанын хабарлағанбыз. Енді «НГСК “КазСтройСервис” АҚ қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ басқарма төрағасы Мәди НАРЫМБАЕВ еңбек дау-дамайы аяқталғанын, сағаттық жалақы жүйесі бекітілгенін, вахталық жатақханада тамақтану және тұру жағдайларына қатысты өтініштер де қанағаттандырылғанын хабарлады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру