Қытай зауытында жойқын жарылыс болды - БАҚ

9 маусым 09:45 1623 рет қаралды

Қытайдың Шихэцзы қаласында (Синьцзян) поликремний шығаратын химиялық зауытта жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео Mash Telegram-каналында жарияланды.

"Синьцзянның Шихэцзы қаласында жарылыс болды. Хабарламаға сәйкес, кремний реакторы жарылды. Өрт сөндірушілер қосымша бөлімшелер келуін сұрап отыр, өйткені қазір өрт ұлғайып барады", - деп жазды портал.

Seeking Alpha басылымының мәліметінше, егер бұл ақпарат расталса, ол қазірдің өзінде жетіспей жатқан жартылай өткізгіштердің әлемдік өндірісіне әсер етуі мүмкін.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру