Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да шиеленісе түсті

4 маусым 09:57 2898 рет қаралды

Қырғыз-тәжік шекарасының бір бөлігінде жағдай қайта ушығып тұр. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Тәжікстан 4 маусымда сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекенінде контейнер орната бастағаны хабарланды. Сағат 06.00-де тәжікстандықтар орнатылған контейнерден 600 метрге аулақ кетті.

"Тәжік тарапынан әскери қызметшілердің жеке құрамының автомобиль және жеңіл құрышпен қапталған техникамен жиналғаны байқалады. ҰҚК Шекара қызметі жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында барлық шараны қабылдайды. Алайда ТР шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр. Қырғыз-тәжік шекара учаскесінде орналасқан Қырғыз Республикасының Шекара қызметі бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті", - деп хабарлады Шекара қызметі өкілдері.

Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері арасында қарулы қақтығыс болды. Түрлі есептер бойынша, зардап шеккендердің жалпы саны 134 адамнан асты, оның ішінде қырғызстандықтар арасында 13 адам және Тәжікстан тарапынан 10 адам қайтыс болды. 

Қақтығыс салдарынан тұрғын үйлер мен мектептер қирады. Артынша кеше, 29 сәуірде кешкі уақытта екі ел атысты тоқтату туралы шешімге келген.  





Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру