Алкогольсіз сусындарды алкогольмен теңестіргісі келеді

27 мамыр 15:15 2211 рет қаралды

Қазақстанда құрамында қант бар алкогольсіз сусындарды (ҚҚАС) алкоголь мен темекіге теңестіргісі келеді. Атап айтқанда, 7%-дан бастап 2025 жылға қарай 45%-ға дейін біртіндеп көтеріп акция салығын енгізгісі келеді. Бұл туралы «ҚР алкогольсіз сусын және шырын өндірушілер» қауымдастығы онлайн-конференция барысында хабарлады.

Қауымдастық сарапшыларының пікірінше, бұл саладағы кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына және 15 мыңнан астам жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Ал Экономикалық зерттеулер институтының болжамы бойынша, 30%-дан жоғары салық енгізілсе, өндіріс 40%-дан астам қысқарады. «ҚР алкогольсіз сусын және шырын өндірушілер» қауымдастығының жетекшісі Әлия МАМЫТБАЕВАНЫҢ айтуынша, Қазақстан билігі ұлт саулығы үшін алаңдаушылық білдіріп, құрамында қант бар алкогольсіз сусындарға прогрессивті акциз салығын енгізуді ұсынады. Бұл жағдайда темекі өнімдеріне акциз салығының моделі қолданылады, бұл дұрыс емес. Өйткені құрамында қант бар сусындар, оның ішінде шырындар, шырынды сусындар, лимонадтар, жеміс-жидек сусындары, компоттар, су - нан, кондитерлік өнімдер, сүт және басқа өнімдер сияқты калориялы өнім. 2015 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстанда зерттеулер жүргізілді. Олар (ересектер үшін де, балалар үшін де) ҚҚАС инфекциялық емес аурулардың дамуына немесе семіздікке әсер ететін өнімдерге жатпайтынын көрсетті. Керісінше, мәселе - көмірсулар басым болатын нан мен ұн өнімдерін тұтынып, жеткіліксіз су ішетін қазақстандықтардың рационында жатыр. А.Мамытбаева биліктің ДДСҰ-ның есептерін елемегенін, онда құрамында қанты бар сусындарға салық салу экономикалық тұрғыдан тиімді шара еместігі анық айтылғанын атап өтті. Бір қазақстандық орташа есеппен алғанда алкогольсіз сусынды жылына 36,7-ден 49,2 литрге дейін тұтынады. Құрамында қант бар сусындардың рациондағы калорияcы шамалы және 2-3% құрайды. Халық тұтынатын қанттың 55%-ы - таза қант, яғни біз, мысалы, шайға салатын қант. Салыстыру үшін Германияда әр тұрғын жылына орта есеппен 300,1 литр, Мексикада - 197,9 литр сусын тұтынады.

- Мемлекет ұлт саулығының қамын желеу қылып, салықты көтеру арқылы құрамында қанты бар сусын шығарушылармен күресуді бастағанда, қанттың әлеуметтік өнім екенін ұмытып отыр. Халықтың жартысына жуығы ауылда тұрады, олардың күн сайын балаларына тәтті сусындар сатып алуы екіталай, балалар күнделікті қант себілген нан мен майды жейді. Сондықтан, бизнеспен күресудің қажеті жоқ, тәтті өнімге дұрыс көзқарас қалыптастыру керек, - дейді «Денсаулық» қауымдастығының төрайымы Бақыт ТҮМЕНОВА. - Денсаулық адамның өмір салтына, ал тамақтану - өмір деңгейіне тікелей байланысты екенін және бұл кедейлік проблемасы екенін түсіну керек. Күнкөріс минимумы айына 34 300 теңгеге тең. Осындай кірісі бар отбасы бауырсақты бір майға бірнеше рет пісіруге мәжбүр, транс майлар осыдан пайда болады. Акциз енгізу жағдайды өзгертпейді, ол тек бизнеске кедергі келтіреді.

Б.Түменованың пікірінше, мемлекет басқа жолмен жүруі керек - халықтың таңдау мүмкіндігі болуы үшін, құрамында қант мөлшері жоқ немесе жасанды қант алмастырғыш бар баламалы сусындар өндіруге бизнесті ынталандыру керек.

«РФ шырындар, су және сусындар өндірушілер» одағының президенті Максим НОВИКОВ осындай шаралар енгізілген елдерде ҚҚАС қолдануды азайтқанда және құрамында алкоголь бар сусындардың бағасы бірдей болғанда, халық алкогольге ауысатынын атап өтті. Сонда салауатты өмір салтының әсері қандай?

Сондай-ақ, баспасөз конференциясында 20% акциз салығын енгізген кезде салықтың барлық түрлері бойынша бюджетке түсетін түсімдердің кемінде 15 млрд теңге құрайтыны айтылды. Негізгі капиталға жыл сайынғы инвестиция көлемі 6 миллиард теңгеге азаяды.

Барлық зерттеуді, атап айтқанда, құрамында қанты бар тәтті сусындар негізгі аурулар мен семіздікке негізгі себеп болмайтынын ескерсек, конференция спикерлері прогрессивті акциз салығын енгізу туралы ұсынысты алып тастауды ұсынады: бұл шара сауықтыру тұрғысынан тиімді нәтиже бермейді, бірақ сала үшін салдары ауыр болады, әсіресе дағдарыс кезінде.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА





Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру