Атырауда 3500 дозалық есірткі тәркіленді

4 мамыр 14:37 2596 рет қаралды

Атырауда 29 жастағы азамат ұсталды. Одан 5 миллион теңге болатын 3500 доза синтетикалық есірткі тәркіленді.

- Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткі жасыратын орын дайындаумен айналысқан 29 жастағы азаматты ұстады. Тінту кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл 5 000 000 теңге сомасындағы 3500-ден астам дозаға тең келеді. Ұсталған азаматтың айтуынша, есірткіні оған басқа қаладан жеткізген, – деп хабарлады ПД бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-тармағы ("Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фархат ӘБІЛОВ

ПД ұсынған бейнежазба



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру